Учебные пособия по вопросам финансового и валютного права: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С. «Қаржы саласындағы басқарудың құқықтық негiздерi»


§2. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және



бет3/28
Дата19.06.2016
өлшемі2.45 Mb.
#146856
түріУчебные пособия
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
§2. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және

құқықтық жағдайлары
Мемлекеттік басқару органдары – мемлекеттік органдардың нақты түрлері болып табылады. Сондықтан оларға сол нақты органдардың негізгі ерекшеліктері тән болады.

Мемлекет өзіне қажетті органдарды өзі тікелей құрады және олардың құрылу тәртібін анықтайды, қызмет атқару бағыттарының негізгі қағидаларын белгілейді, сондай-ақ оларды өз атынан және өз мүддесін көздеп қызмет атқаруға жеткілікті өкілеттіліктермен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органға тән қасиет – ол мемлекеттік билік берілген саяси ұйым болып табылады. Осыған орай мемлекеттік органның маңызды белгісі – оның қолындағы мемлекеттік-өктем сипаттағы өкілеттілігі. Демек мемлекеттік басқару органдарына да тиісті көлемде жоғарыда айтылғандай өкілеттіліктер беріледі72.

Әрбір мемлекеттік басқару органының өз ұйымдастыру құрылымы болады. Ұйымдастыру құрылымы басқару органының міндеттері, қызмет атқару аумақтары және құзыреттерімен белгіленетін оның ішкі немесе жұмыс аппаратының құрылу жүйесі болып есептеледі. Заң тұрғысынан алғанда, мемлекеттік басқару органының құзыретінің басты құрылымдық бөлігі – мемлекеттік-өктем өкілеттілік.

Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының оларды мемлекеттік органдардың басқа түрлерінен ерекшелейтін (айыратын) арнайы белгілері бар. Бұл белгілер басқару органының алдында тұрған, олардың мемлекеттік қызметтерінің айрықша сипатымен, олар жүзеге асыратын міндеттер мен әдістердің өзіндік ерекшелігімен анықталады.

Мемлекеттік басқару органдары атқару-жарлық беру қызметін жүзеге асыруға атсалысады. Мемлекеттегі мемлекеттік өкімет органдары қабылдаған нормативтік актілердің негізінде оларды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік басқару органдары өз қызметтерін атқарады. Сонымен мемлекеттік басқару органдарының ерекшелігі мемлекеттің міндеттері мен функцияларын атқару сипатындағы қызметті жүзеге асыру жолымен жүргізіледі. П. В. Василенковтың айтуынша, мемлекеттік басқару органдары – шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқаруды өзіне берілген мемлекеттік-өктем өкілеттілік көлемінде және мемлекеттің атынан атқару-жарлық беру қызметі түрінде жүзеге асыруға атсалысатын (арналған) мемлекеттік аппараттың буыны немесе мемлекеттік ұйым ретінде көрініс табады73.

В.М. Манохин  мемлекеттік басқару органдарының белгілерін сипаттай келіп органды – ұйым, яғни жалпы мақсатқа жету негізінде бірлескен адамдар деп түсіндіреді. Осы мемлекеттік басқару органының қызмет нысанасының ерекшелігі оның құзырындағы мемлекеттік-өктем өкілеттіліктен тұрады. Бұл өктем өкілеттіліктер – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатына арналып беріледі. Мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік-өктем өкілеттіліктері олардың тиісті нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген құзыреттерінен көрініс табады.

Мемлекеттік басқару органдары мемлекеттік қызметтің бір түрі – мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға арналған. Бұл жерде айта кететін бір жай – кейде нақты бір басқару аясында басқа мемлекеттік органдардың да өз құзыреттеріне жататын қызметтерін атқаруы мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік басқару органына да өзіне тән емес қызметтердің жүктелуі мүмкін. Сонда да болса мемлекеттік басқару органдары қызметінің негізгі мәні – басқарушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады, ал мемлекеттік басқару органы деп мемлекеттің міндеттері мен функцияларын басқару аппаратының құрамында мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын басқарушылық қызметтің көмегімен жүзеге асыратын мемлекеттік аппараттың органын айтамыз74.

Әкімшілік құқық саласының ғалымы А.П. Алехин  мемлекеттік басқару органдарына – атқару және жарлық беру қызметін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған мемлекеттік органдар жатады, сондай-ақ олар әкімшілік құқықтың негізгі субъектілері болып табылады деп көрсеткен75. Мемлекеттік басқару органдары әртүрлі негіздерге байланысты түрлі жағдайларда болады: а) құрылу негізі бойынша; б) мемлекеттік басқару жүйесінде алатын орны бойынша; в) қызмет ауқымы бойынша; г) құзыреттерінің сипаты бойынша; д) өздеріне қарасты мәселелер шешу тәртібі бойынша; е) қаржыландыру бойынша.

Мемлекеттік басқару органдары атқаратын басты рөл – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру. П.Т. Василенков мемлекеттік басқару органдары жөніндегі көзқарастары мен пікірлері бойынша осы аядағы ғалымдардан ерекшеленбейді. Сонымен қатар ол бұрыннан дәстүрлі қалыптасқан түсініктерге жаңаша сипат беруге тырысады. Бір сөзінде ол басқару органдарының іс жүзінде жүзеге асыратын қызметтері әрқашанда атқару бағытында, атқару сипатында болады дейді76. Мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы – басқару аппаратын құрайды, ал басқару аппаратының нақты түрі – басқару органы болып табылады және оның өте маңызды ерекшелігі қарамағында мемлекеттік-өктем өкілеттіліктің болуы.

Түпкі түйін ретінде П.Т.Василенков  мемлекеттік басқару органдарының мынадай түсінігін берген: басқару органы деп – мемлекет атынан және өзіне берілген мемлекеттік-өктем өкілеттіліктің көлемінде мемлекеттік, экономикалық және әлеуметтік-мәдени құрылысқа тікелей және күнделікті басшылық етуді атқару-жарлық беру қызметі ретінде жүзеге асыруға атсалысатын, мемлекеттік аппараттың бөлігі болып есептелінетін ұйымды айтамыз77. Белгілі ресейлік ғалымдар Бахрах Д. Н., Алехин А. П., Овсянко Д. М. және қазақстандық ғалымдар Таранов А. А., Тыныбаев К. Г. басқару органдарын қазіргі нарықтық қатынастар талабына сай тұрғыдан қарастырып, көрсеткен78. Д. Н Бахрах  мемлекеттік органдар – адамдар ұйымының ерекше түрлері деп айта келіп, оларға тән жалпы ерекшеліктерді атап өткен:

1) олар мемлекеттік аппараттың өз алдына дербес бөліктері болып табылады;

2) мемлекеттің функциясын және қоғамның мүддесін жүзеге асырады;

3) мемлекет атынан және бір мезгілде өз атынан қызмет атқарады;

4) өзіндік құзыреті болады;

5) өз әрекеті үшін мемлекет алдында жауап береді;

6) мемлекет тарапынан құрылады;

7) олардың жағдайлары, құрылымдары және қызметтері құқықпен белгіленеді79.

Әрбір орган құрылымдық бөліктерден және лауазымдардан тұруы мүмкін. Ал кейде, аса бір ерекше жағдайларда, бөліктердің де, лауазымдардың да болмауы мүмкін. Осы жерде көптеген авторлардың пікірлері екіге бөлінеді. Біреулері мемлекеттік орган – мемлекеттік аппараттың бөлігі деп таныса, ал екіншілері басқару органы – адамдардың тобы немесе ұжым деген қорытындыға келеді. Әлбетте, орган жеке тұлғалардың ұйымдасқан тобын құрағанымен, өзіне тән қасиеті бойынша мемлекеттік аппараттың дербес бөлігі болып табылады және ол осы бөліктің қызмет атқару мәні мен нысандарын, құрылымын, аппаратта алатын орнын анықтайды.

Д.Н. Бахрах  осы айтылған жайларды есепке ала отырып, мемлекеттік органдардың мынандай түсінігін берген: мемлекеттік орган – бұл құқықпен белгіленген, құрылымы мен қызметі бар мемлекеттік функцияларды орындайтын өзіне тән құзырет берілген апнараттың дербес бөлігін құрайтын ұйымдасқан ұжым80.

Атқару билігі органдарының өздеріне тән бірталай ерекше белгілері бар. Осы белгілер бір-бірімен тығыз байланыста болады және олардың жиынтығы атқару билігі органдарын сипаттайды. Д.Н. Бахрах атқару билігі органдарының өздеріне тән белгілерін былайша көрсеткен:

1) олар атқару-жарлық беру қызметін жүзеге асырады;

2) оларға шапшаң, тікелей дербестік берілген;

3) өздерінің тұрақты штаттары болады;

4) жоғары тұрған органдар арқылы құралады;

5) жоғары атқару билігі органдарына есеп береді және бақылауында болады;

6) олардың құрылуы, құрылымы, қызмет тәртібі, негізінен, әкімшілік құқықтың нормаларымен белгіленеді81.

Д. М. Овсянко  ағымдағы заңдарда “атқару билігі органдары” мен “мемлекеттік басқару органдары” терминдері тең мағынада пайдаланылады деген өз пікірін айта отырып, атқару билігі органының мынадай түсінігін берген: “Атқару билігі органы – өзінің құзыреті, құрылымы және аумақтық көлемдегі қызметі бар мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылатын ұйым ретінде танылады”. Заңдармен және басқа да нормативтік актілермен белгіленген тәртіп бойынша құрылған осы орган – шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және құрылысты күнделікті басқаруды жүзеге асыруға атқару-жарлық беру қызметі түрінде жүргізуге атсалысатын, мемлекеттің тапсыруымен қызмет атқаратын және жұмыста белгілі бір әдісті пайдаланатын ұйым болып табылады.

Атқару билігі органдарының әкімшілік-құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір уақытта туындайды және солармен құзыреттері де белгіленеді. Д. М. Овсянко  атқару билігі органын топтастыру аумақтық масштаб бойынша және құзыретінің шамасы бойынша жүргізіледі деп тұжырымдаған82.

Ал А. П. Алехин  атқару билігі органдарының түсінігі билікті бөлу принципіне байланысты болады және мазмұны осы атқару билігінің ерекшеліктерімен белгіленеді деп түсіндірген, яғни атқару билігінің түсінігін қысқаша айтып өткен: атқару билігі органы деп – осы биліктің функциясын жүзеге асыруға қатысу үшін құрылған және осы мақсатта мемлекеттік-өктем сипаттағы өкілеттілік берілген саяси мекемені айтамыз83. Осы “саяси мекеме” мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады.

Атқару билігі органдары бір жағынан мемлекеттік билік органдарының бір түрі болып табылса, ал екінші жағынан осы атқару билігінің субъектісі ретінде танылады. Атқару билігі органдары өздерінің мазмұнымен және әдістерімен ерекшеленген мемлекеттік қызметті, яғни мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Демек, атқару билігі органдарын мемлекеттік басқару органдары деп есептеуімізге болады84. Атқару билігі органдарының тағы бір өзгешелігі өз құзыреттерінің шегінде құқықтық актілерді қабылдайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстандық ғалымдар А. А.Таранов, К. Г. Тыныбаев  атқару билігі органдарының түсінігіне, маңызына аса тоқталмай, бірден нақты мемлекеттік органдарды сипаттауға көшкен. Олар министрліктер, мемлекеттік комитеттер және ведомстволар атқару билігі мемлекеттік органдарының жүйесіне кіреді және заң жүзінде атқару билігінің орталық органдары ретінде тікелей белгіленеді деп көрсеткен85. Бұл органдардың мемлекет іс-әрекетінің әртүрлі аяларында тікелей басқаруды жүзеге асыратыны туралы айтылған. Министрліктер мен ведомстволар және мемлекеттік комитеттер заңдардың атқарылуын, сондай-ақ үкімет актілерінің орындалуын жүзеге асыруға атсалысады. Ал Р. А. Подопригора  жергілікті атқару органдарының жүйесі, қызмет бағыттарына және өкілеттіліктеріне қысқаша тоқталып қарастырған86. «Жергілікті деңгейде атқару билігінің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізетін – атқарушы органдар мен олардың әкімдері, бөлімдер, басқармалар және басқа да бөлімшелер болып табылады, сондай-ақ осы саясат тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мүддесі мен мұқтаждықтарын ескере отырып жүзеге асырылады», – дейді автор. Мысалы, әкімдер қызметтерінің негізгі бағыттарының кейбірі мыналар болып табылады: коммуналдық меншікті басқару; тиісті заңдарға сәйкес жер қатынастарын реттеу; жоғары атқару органдары жүктелген өкілеттілікке сәйкес коммуналдық меншікті басқару жөніндегі ұйымдастырудың қызметтерін жүйелеу, т.б. Енді бұрынғы мемлекеттік басқару органдарының жүйесіне мүмкіндігінше тоқталып, қарастырып өтеміз. Бұл жерде екі мақсат көзделіп отыр: біріншісі – өткенге шолу жасау болса, екіншісі – қазіргі атқару билігі органдары жүйесімен салыстыру арқылы жаңаша бір түйінге келу. Кезінде, мемлекеттік басқару органдары атқару-жарлық беру қызметін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың өзара бірыңғай жүйесін құрады, сондай-ақ олар мемлекеттік аппарат көлемінде жүзеге асырылатын ортақ міндеттері біріктіреді деп айтылған болатын87.

Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мемлекеттік құрылысқа, әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты, сондай-ақ кейбір ұйымдық-техникалық факторларды есепке ала отырып құрылады.

Мысалы, кезінде мемлекеттік басқару органдарының жүйесі – орталық және жергілікті органдардан тұрған88. Орталық органдар жүйесі өздеріне орай мына төмендегідей бірқатар буындардан құралған болатын:

а) Кеңестер Одағының, одақтас және автономдық республикалардың арнайы құзыретті жалпы мемлекеттік органдары;

б) Кеңестер Одағының, одақтас және автономдық республикалардың министрліктері – орталық салалық органдар;

в) арнайы ведомстволар;

г) жалпы одақтық және республикалық өнеркәсіптік бірлестіктердің басқармалары89.

Бұл жерде мынадай жайттарды байқаймыз. Орталық мемлекеттік басқару органдарының жүйесі – құзыреттеріне, аумақтық құрылымдарына және функцияларының бөлінулеріне байланысты құралады. Ал жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жүйесі де бірнеше буыннан тұрған болатын:

а) жергілікті Кеңестердің атқару-жарлық беру органдары;

ә) жергілікті Кеңестердің аткомдарының бөлімдері мен басқармалары;

б) жергілікті Кеңестерге бағынышты емес жергілікті органдар;

в) өндірістік кәсіпорындар мен мекемелердің, бірлестіктердің басқармалары (әкімшіліктері).

Бұл жерден жергілікті мемлекеттік басқару органдарының буындары құзыреттері бойынша орналасқанын көреміз. Орталық басқару органдары – негізінен, жоспарлы-реттеуші, ғылыми және бақылау-қадағалау функцияларын атқарса, жергілікті органдарға тікелей басқару функциялары берілген болатын.

Енді мемлекеттік басқару органдарының қалай топтастырылғанын қарастырсақ, онда олардың әртүрлі белгілерге байланысты жіктелгенін көреміз:

1) мемлекеттік басқару органдары қызметтерінің аумақтық көлеміне байланысты – орталық және жергілікті болып көрінеді;

2) құрылу тәртібіне байланысты: мемлекеттік басқару органдары:

а) мемлекеттік өкімет органдарының тікелей құруымен құрылғандар;

ә) мемлекеттік өкімет органдарының жоғарғы атқарушы және жарлық беруші органдары құрған;

б) министрліктер мен ведомстволардың құрған органдары;

в) жергілікті Кеңестердің аткомдары құрған органдар;

3) құрылу тәсілі бойынша:

а) сайланатын мемлекеттік басқару органдары;

б) құрылатын басқару органы;

в) тағайындалатын басқару органдары.

Бұл жерде де бөлінетіндеріне қарамастан, органдар мемлекеттік-жарлық ету тәсілі арқылы құрылады.

4) құзыреттерінің сипаты мен көлемі бойынша мемлекеттік басқару органдары: жалпы құзыретті және салалық құзыретті, сондай-ақ арнайы құзыретті болып бөлінеді.

5) өздеріне бағынышты (қарасты) мәселелерді шешу тәртібі бойынша мемлекеттік басқару органдары: алқалық органдарға және дара басшылық ету органдарына бөлінеді.

6) қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік басқару органдары: бюджеттік және шаруашылық есептегі органдар болып бөлінеді.

Мемлекеттік басқару органдарының құқықтық жағдайлары олардың құзыреттерінен, яғни әкімшілік-құқық қабілеттілігі мен әкімшілік әрекет қабілеттілігінен көрініс табады.

Сол кездерде мемлекеттік басқару органдарының нақты құқықтық жағдайлары мына төмендегідей негізде анықталған:

1) олар өздерінің қызметтерін заңның негізінде және оны атқару жолында жүзеге асырады;

2) атқару-жарлық беру қызметін жүзеге асыру барысында олар заңды-өктем түрде қызмет атқарады;

3) мемлекеттік басқару органдары жүйесінің басты буындарын мемлекеттік өкімет тікелей құрады;

4) олардың бәрі тікелей немесе жоғарғы буындары арқылы мемлекеттік өкімет органдарына есепті және бақылауында болады;

5) әрбір төменгі тұрған басқару органы тігінен тиісті жоғарғы органға бағынады90.

Мемлекеттік басқару органдарының жүйесін бірыңғай басқарушы құзыреті бар органдардың жиынтығы құрайды, сондықтан олардың құзыреттері әртүрлі көлемде және әр сипатта болады, ал қызметтері аумақтық ауқыммен және т.б. белгіленеді.

Мемлекеттік басқару органдары жүйесінің өзіне тән белгілері мыналар: 1) олар әкімшілік немесе мемлекеттік құқықтың субъектісі болады; 2) төменгі тұрған органдарға жарлық береді және бір-біріне бағындырады; 3) оның құрылымы белгілі бір принциптерден тұрады.

В. М. Манохин  мемлекеттік басқару органдарының жүйесін үш құрылымнан тұрады деп көрсеткен: 1) жоғарғы мемлекеттік басқару органдары; 2) орталық мемлекеттік басқару органдары; 3) жергілікті мемлекеттік басқару органдары. Осыған орай мемлекеттік басқару органдары жүйесінің мынадай буындарын атап өткен:

а) Кеңестер Одағының Министрлер Кеңесі;

ә) одақтық министрліктер;

б) одақтық ведомстволар;

в) одақтас республикалардың Министрлер Кеңесі;

г) автономдық республикалардың Министрлер Кеңесі;

д) автономдық республикалардың министрліктері;

е) облыстық, аймақтық Кеңестердің аткомдары;

ж) аудандық, қалалық Кеңестердің аткомдары;

з) селолық, поселкелік Кеңестердің аткомдары;

и) облыстық Кеңестердің аткомдарының бөлімдері мен блсқармалары;

к) мемлекеттік басқару аппаратындағы шаруашылық және өзге де бірлестіктер;

л) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің басқармалары (әкімшіліктері).

Бұл жерден байқағанымыз жүйенің құрылымы үшке бөлінген: басқару органдарының буыны (звено); жүйелік топтар; мемлекеттік басқару аппаратының жүйесі. Осы жүйенің белгілі бір әлеуметтік (экономикалық, ұйымдық, құқықтық) факторлардың ықпалымен құрылып отырғанын және қызмет атқарғанын көреміз.

А. П. Алехин  мемлекеттік басқару органдары жүйесінің конституциялық негізін қарастырып, түсінік сипаттамаларын берген. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі Кеңестер Одағының ұлттық-мемлекеттік құрылысын, одақтас және автономдық республикалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылған болатын. Ал Кеңестер Одағының Конституциясы, сондай-ақ одақтас және автономдық республикалардың Конституциялары мемлекеттік басқару органдары жүйесінің мына төмендегідей басты буындарын белгілеген еді: а) Кеңестер Одағының, одақтас және автономдық республикалардың жоғарғы атқару және жарлық беру органдары – Министрлер Кеңесі (Үкіметі); ә) орталық мемлекеттік басқару органдары – Кеңестер Одағының, одақтас және автономдық республикалардың министрліктері, мемлекеттік комитеттері және ведомстволары; б) жергілікті Кеңестердің басқару органдары – жергілікті Кеңестердің аткомдары, бөлімдері және басқармалары. Бұлардан басқа мемлекеттік басқару органдарының жалпы жүйесіне бірлестіктердің, министрліктер жүйесіндегі бас басқармалардың басқару органдары, сондай ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың және мекемелердің басқармалары кірген болатын Мемлекеттік басқару органдарын топтастыру жөнінде А. П. Алехин  былай деп жазған: мемлекеттік басқару органдары мынадай негіздерге байланысты бөлінеді:

1) құрылу құқықтық негізі бойынша;

2) құрылу тәртібі бойынша;

3) мемлекеттік басқару жүйесінде алатын орны бойынша;

4) қызмет ауқымы бойынша;

5) құзыреттерінің сипаты бойынша;

6) өздеріне қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша;

7) қаржыландыру көзі бойынша.

1) құрылу құқықтық негіздері бойынша: Конституцияда тура көзделген органдар және ағымдағы заңдардың немесе басқару актілерінің негізінде құрылған органдар болып бөлінген;

2) құрылу тәртібі бойынша: құрылатын, сайланатын және тағайындалатын мемлекеттік басқару органдары болып бөлінген;

3) мемлекеттік басқару жүйесінде алатын орны бойынша басқару органдары: жоғарғы атқару және жарлық беру мемлекеттік өкімет органдары; орталық және жергілікті болып бөлінген;

4) құзыреттерінің сипаты бойынша: жалпы, салалық, салааралық сала ішіндегі және іштей құзыретті болып бөлінген;

5) өздеріне қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша: алқалы және жеке дара басшылық ету мемлекеттік басқару органдары болып бөлінген;

6) қаржыландыру көзі бойынша мемлекеттік басқару органдары: мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық есептегі болып бөлінген.

П. Т. Василенков  дәл осы А. П. Алехин  айтқанындай түсініктер мен сипаттамалар берген.

Д. Н. Бахрах  атқару билігі органдарының ұжымдық субъектінің мәртебесі ретінде үш блоктан тұратын әкімшілік-құқықтық мәртебесін көрсеткен: 1) мақсаттылық; 2) ұйымдық-құрылымдық; 3) құзыреттілік.

1) Мақсаттылық мәртебесіне – қызметтің принциптері, функциялары, міндеттері мен мақсаттары жөніндегі нормалар кіреді.

2) Ұйымдық-құрылымдық мәртебе – органды құру, қайта құру және жою тәртібін, оның құрылымын және оның функционалдық бағыныштылығын белгілейтін құқықтық бұйрықтардан тұрады.

3) Құзыреттілік мәртебе – өктем-өкілеттілік пен ведомствоға қарастылықтың жиынтығы ретінде болады. Бұл құзыреттілікті функционалдық тұрғыдан қарастырсақ, онда ол – жоспарлау, бақылау және т.б. саласындағы құзырет; ал субъектілерге қатысты қарастырсақ – кейбір мемлекеттік органдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға және азаматтарға берілетін болып келеді91.

Ресейде атқару билігі үш деңгейге бөлінген: федералдық атқару билігі органдары; федерация субъектілері және жергілікті атқару билігі органдары. Федералдық атқару билігі органдары өзіне орай: жалпы және арнайы құзыретті болып бөлінеді. Жалпы құзыретті атқару билігі органына Үкімет жатады.

Арнайы органдар құрамына министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар (агенттіктер, қадағалаушылар т.б.) кіреді және осы аталған органдар орталық атқару билігі органдары болып табылады. Арнайы органдарға аумақтық деңгейдегі федералдық органдар жатады, мысалы, облыстық әскери комиссариат.

Федерация субъектілерінде де атқару билігі органдары екі деңгейден тұрады: жалпы құзыретті органдар – үкімет, әкімшіліктер, губернатор; арнайы құзыреттілер – бас басқармалар, басқармалар, министрліктер және т.б. Осы субъектілердің жергілікті (аумақтық) атқару билігі органдарын құруға құқығы бар. Ресей Федерациясындағы федералдық атқару билігі орталық органдарының бірнеше ұйымдастырылу-құқықтық нысандары бар екенін айта кетуіміз қажет. Олар: 1) РФ Министрлігі; 2) РФ мемлекеттік комитеті 3) РФ Үкіметі жанындағы инспекциялар, комиссиялар және орталықтар; 4) басқа да органдар болып бөлінеді.

Негізінде орталық органның құрылысы мына төмендегідей болып келеді:

1) басшылық (басшылық етуші, оның орынбасарлары, алқалар, комитет, ведомстволық, ғылыми және өзге де кеңестер);

2) арнайы құрылған ведомстволардың міндеттерін тікелей орындайтын қызметтерді басқаратын өндірістік құрылымдық бөлімдер. Мысалы, ІІМ құрылымындағы МАИ қызметтері, қылмысты іздестіру қызметтері, т.б.;

3) ведомство көлемінде іштей ұйымдастыру қызметімен айналысатын штабтық бөлімдер (бухгалтерлік есептеу басқармасы, кадрлер басқармасы және т.б.)

Бұл жерде айта кететін бір жәйт, “министрлік”, “комитет”, “Ресейлік агенттік”, “федералдық инспекция” деген сөздер астарлы, яғни екі мағынадан тұратын сөздер болып келеді деп мәлімдейді Д. Н.Бахрах92. Біріншіден, министрлік, мемлекеттік комитет, ресейлік агенттік, т.б. атқару билігінің орталық органы болып табылады және олар әкімшілік ведомствосын, ведомствоның орталық аппаратын және оның штабын басқарады.

Екіншіден, министрлік, комитет, т.б. министрліктер жүйесі, комитеттер жүйесі, яғни әкімшілік ведомство. Сондықтан егер біреу ІІМ жұмыс істеймін немесе қорғаныс министрлігінде қызмет етемін десе, онда ол жұмыс пен қызметті белгілі бір ведомствода істейді деп түсінуімізге болады. Ал атқару билігінің орталық органдарында лауазымды орында отырғандар көбінесе министрліктің, комитеттің орталық аппараттарында жұмыс істейміз деп айтады.

Жоғарыда барлық атқару билігі орталық органдарына ортақ ұйымдық-құқықтық нысандарды атап кеткен болатынбыз. Енді олардың арасындағы белгілі бір ерекшеліктерге де тоқталғанымыз жөн болады:

1) федералдық министрліктер: орталық жеке дара басшылық органдары және салалық органдар болып табылады. Министрлікке министр жеке дара басшылық етеді және лауазымы бойынша үкіметтің құрамына кіреді. Министр бұйрық шығарады және өзінің орынбасарларының арасында олар атқаратын міндеттерді бөледі. Министрліктерде басшылық етуші қызметкерлерден тұратын алқалар болады. Алқаның төрағасы әрқашанда министр болып табылады, сондай-ақ алқаның шешімі министрдің бұйрығы арқылы өмірде жүзеге асырылады.

2) Өзге орталық органдар: мемлекеттік комитеттер, федералдық қызметтер, агенттіктер, инспекциялар деп аталады. Бұл органдар салааралық бақылау, координация және басқа салааралық функциялармен айналысатын өктем салааралық өкілеттілік берілген фүнкционалдық немесе аралас құзыретті органдар. Бұлар да дара басшылық ету негізінде құрылған, бірақ олардың басшысы үкімет құрамына кірмейді. Мемлекеттік комитеттерде құқықтық актілер шығаратын комитеттер құрылады.

3) орталық федералдық органдардың тағы бір тобы: РФ Үкіметі жанындағы комитеттер, комиссиялар, орталықтар болып есептелінеді. Олар өздерінің басшыларын тағайындайтын үкімет қаулысының негізінен құралады, қайта құрылады немесе жойылады. Мысал ретінде РФ Үкіметінің жанындағы алкоголь өнімдеріне мемлекеттік монополияны қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік инспекцияны атауға болады93.

Атқару билігі органдарының құқықтық жағдайлары, көбінесе, олардың белгіленген аяларда айтарлықтай дәрежеде саяси басшылық органдарына айналуы негізінде анықталады. Себебі олардың мемлекеттік басқару жөніндегі функциялары шаруашылық субъектілерінің (кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың) қызметтеріне тікелей басқару жүргізуден бөлінген. Атқару билігі органдары құқықтық мәртебесінің қазіргі кездегі негізі жалпы бағыттағы аздаған жағдайлармен сипатталған.

Осының бір көрінісі – олар бірыңғай атқару билігінің бір тармағы бола отырып, атқарушы билігін жүзеге асыру кезінде өздерінің айтарлықтай заңды дербестілігін пайдаланады. Өкілді және сот билігі органдарымен қатынас кезінде осы жолдан таймайды.

Атқару билігі органдарына өкілді органдардың заң шығарушылық қызметтеріне ықпал етуге қажетті, жеткілікті мүмкіндік берілген.

Атқару билігі органдары көптеген жағдайларда өкілді және сот органдарымен бірлесіп, өзара қызметтер атқарады. Бірақ атқару билігі органдары, жоғарыда айтып кеткендей, ұйымдық және функционалдық қатынастары бойынша дербес болады, сондай-ақ заңды мәні – атқару және жарлық беру болып табылатын, арнайы түрдегі мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Заңдарға сәйкес бұл органдарға мемлекеттік-өктем өкілеттілік берілген, солардың ішінде құқықтық актілерді шығару және оларды қолдану жөніндегі өкілеттілік те бар. Қарамағында қаншама өктем өкілеттіліктері болса да атқару билігі органдарының әрекет-қызметтері өз құзыреттерінің шеңберімен шектелгенін ескеруіміз қажет. Мемлекеттік басқару органының құзыреті жөнінде Б. М. Лазарев  былай деген болатын: “бұл органның мемлекеттік билікті жүзеге асыру жөніндегі мемлекет алдындағы оның міндеттерінен және басқарушы объектілерге қатысты белгілі бір міндеттер мен функцияларды орындау құқығынан тұрады”94.

Атқару билігі органдарының заңға сәйкес қызметтері олардың құқықтық жағдайларының ең маңызды мәні болып табылады. Қызмет барысында мемлекеттік атқару органдары Конституция мен басқа да заңдардың талаптарын бұлжытпай орындауға, сақтауға тиісті және өз құзыреттерінің шегінде басқалардың да заңдарды орындауларына қолдануына міндетті. Атқару билігі органдары бір мезгілде мемлекеттік басқару органдары және азаматтық құқық қабілеттілігі бар заңды тұлға болып табылады.

Қазақстанда атқару билігі органдарының жүйесін қалыптастыру процесі айтарлықтай дәреже-деңгейде жүргізіліп жатыр деп айтсақ қателеспегеніміз. Бұл іске мемлекет тарапынан үзбей, ұдайы ықпал тигізіліп жатқаны белгілі. Ондағы мақсат – бүгінгі замана және нарықтық қатынастар талабына сай келетін атқару билігі органдарының жүйесін құру, әр кезде үкімет құрылымын жетілдіруге атсалысу.

Негізінде атқару билігі органдарының қызметтері дұрыс жолға қойылса – онда олардың қоғам дамуына қосар үлестері мол болады. Өздеріне тән функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті жалпы шарттардың (жағдайлардың) болуы осы органдардың қызметін жандандыра түсер еді. Осы атқару билігі органдарының ойдағыдай қызмет атқаруларына күш беретін жалпы жағдайлар мыналар болып табылады:

1) тұрақты және сапалы заңдардың болуы (бұл жерде заңдар кең мағынада айтылады, яғни заңға сәйкес нормативтік актілер, бұйрықтар, жарлықтар, нұсқаулар және т.б.)

2) атқару билігінің қызметтеріне барлық деңгейде мемлекеттік және қоғамдық бақылау тұрақты, пәрменді түрде жүргізілуі қажет;

3) мемлекеттік органдардағы, олардың аппараттарындағы қызметті заң жүзінде тәртіпке келтіру;

4) атқару билігінің барлық буындарының құқықтық мәртебелерін, олардың басқа мемлекеттік билік тармақтарының құрылымдарымен қатынастарын және өзара іс қимылдарын, сондай-ақ басқару ықпалын тигізетін объектілермен арасындағы қатынастарын өте дәл және нақты белгілеу;

5) атқару билігі субъектілерінің жүйесі біршама тұрақты болу қажет. Ол үшін атқару билігі органдарын мемлекеттік басқарудың объективті түрде қажет функциясын табу негізінде құру;

6) атқару билігі жүйесінде орын алатын бюрократтықтың (төрешілдікті) ұлғаюына шектеу қою;

7) мемлекеттік атқару билігі органдары мен басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлеріне шынайы құтылмайтын құқықтық жауапкершілік белгілеу.

Осы соңғы аталған жағдай – атқару билігі органдарының құқықты мәртебелерінің ең осал жері болып табылады. Көбінесе олардың қызметтерінің жағымсыз зардаптары үшін қолданылатын жауапкершіліктердің нақты белгіленбеуі, екіұштылығы айқындалмағаны.

Өздерінің ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты Қазақстандағы атқару билігі органдары мына төмендегідей көрініс табады: 1) ҚР Үкіметі; 2) министрліктер; 3) мемлекеттік комитеттер; 4) комитеттер; 5) қызметтер; 6) бас басқармалар, басқармалар; 7) инспекциялар; 8) агенттіктер; 9) департаменттер; 10) әкімшіліктер; 11) бөлімдер және т.б.

Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға екені баршаға мәлім және осы айтқанымыз Республика Конституциясы мен тиісті заңның жүзінде көрініс тапқан95. Сонымен қатар Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан бірден жоғарғы атқарушы билік органы Үкіметті қарастырмастан бұрын, Республика Президентінің Үкіметке қатысты өкілеттілігімен танысуымыз қажет. Республика Президенті парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; Премьер-министрдің өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзім ішінде енгізген ұсынысы бойынша Үкіметтің құрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Үкімет құрамына кірмейтін республика орталық органдарын құрады, таратады және қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; республика үкіметіне заң шығару тапсырмалары беріледі: Үкіметке Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізуді тапсырады; аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкімет пен оның кез келген мүшесі мәлімдеген орнынан түсіруді он күн мерзім ішінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды; өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттілігін тоқтату, Премьер-министр мен Үкіметтің кез келген мүшесін қызметтен босату туралы шешім қабылдауға хақылы; Премьер-министрдің ұсынысы бойынша республикалық мемлекеттік бюджеті есебінен барлық органдар үшін қаржыландыру мен қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді.

Сонымен қорытып айтсақ, Республика Президентінің әкімшілік- құқықтық мәртебесіне мыналар жатады: сайлау тәртібі; құзыреттері немесе өкілеттілігі; басқа органдармен өзара қатынас тәртібі; жауапкершілік; қызмет ету кепілдігі.

Атқару билігі органдарының ұйымдық нысаны олардың өздеріне қарасты істерді шешу тәртібінің негізінде жататын құзыреттерінің сипатын, принциптерін, арналымдарын өз бетімен анықтай алмайды. Себебі бұл бағыттар көбінесе нормативтік актілерде бекітіледі (қандай да болмасын органның құқықтық мәртебесін белгілейтін актілерде). Сондықтан қандай да болмасын атқару билігі органдарын құзыреттерінің сипатына байланысты қарастырғанымыз дұрыс болады. Қазақстанда құзыреттеріне байланысты атқару билігі органдары былайша бөлінеді: жалпы құзыретті және арнайы құзыретті.

Жалпы құзыретті атқару билігі органдарына ҚР Үкіметі және әкімдер жатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық мәртебесі еліміздің Конституциясымен және тиісті заңдармен белгіленіп бекітілген96. Үкімет Қазақстан аумағындағы атқарушы билігін жүзеге асырады атқарушы, органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев өзінің “Қазақстан–2030”, “Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына Жолдауында”, мемлекеттік басқарудың нарықтық экономика жағдайындағы дамуы және оның тиімділігін арттыру, сондай-ақ үкімет пен басқа да басқару органдары туралы былай деген болатын: “Біздің міндет – Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау; басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру. Бүгінгі күні қоғамның және экономиканың күрделі жүйелік қайта жаңғыруларын мемлекеттік басқару жүйесінің өзін жүйелі ету мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеті негізгі стратегия принциптері мынаған саяды:

1) Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет;

2) Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс;

3) Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру;

4) Министрліктердің өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру;

5) Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою;

6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес;

7) Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту”97.

Қазақстан Республикасы Үкіметін Республика Президенті мынадай құрамда құрады: Премьер-министр, оның орынбасарлары; республика Үкімет аппаратының басшысы; республика министрлері; мемлекеттік комитеттердің төрағалары. Бұл жерден байқайтынымыз Үкімет алқалы орган болып табылады. Республика Премьер-министрі тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтің құрамы мен құрылымы туралы Президентке ұсыныс енгізеді.

Үкімет мүшелері халыққа және Президентке ант береді, сондай-ақ өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауап береді және Конституцияда көзделген жағдайда Парламентке есеп береді. Республика Президенті өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметінен босатуға хақылы.

Үкіметке атқарушы биліктің құзырына жатқызылатын барлық мәселелерді шешу жөнінде мына төмендегідей өкілеттіліктер берілген: 1) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді; 2) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлейді; әлеуметтік-экономикалық дамудың және ғылыми-техникалық дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, жүзеге асырады; 3) республикалық бюджет пен оның атқарылуы туралы есепті әзірлейді, республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді. Республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;

Осыған орай мемлекеттің қаржылық, салықтық-бюджетті саясатына тоқталғанымыз жөн болар. Қаржылық саясат негізінде экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады, сондай-ақ басқа да саясаттар сияқты қондырмаға жатады.

Қаржылық саясат деп – өзінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы саласында жүргізетін нысаналанған мақсаттағы шараларының жиынтығын айтамыз98.

Қаржылық саясат қоғамның экономикалық өмірінің құбылыстары мен процестерінің мәндік, ұдайы қайталанып отыратын объективті байланыстары мен өзара тәуелділіктері экономикалық заңдардың талаптарын ескере, басшылыққа ала отырып мемлекет тарапына әзірленеді.

Қоғамдағы өндірістік қатынастар экономикалық заңдармен айқындалатын категориялар арқылы көрініс табады. Осы экономикалық категориялар экономика өмірінің белгілі бір жағын сипаттайтын біртекті экономикалық қатынастар болып табылады. Олар мына төмендегідей көрініс табады: қаржы, баға, сақтандыру, несие, пайда (табыс) және т.б.

Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың әрекеттеріне негізделеді. Ол заңдар; құн заңы; сұраныс пен ұсыныс заңы; уақыт үнемдеу заңы; өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің дамуының сипаты мен деңгейіне сәйкестілігі заңы.

Қаржылық саясат шынайы шаруашылық өмірде қаржылық механизмдер арқылы жүргізіледі. Қаржылық механизм – деп қаржыны жоспарлауды және басқаруды ұйымдастырудың нысандары мен әдістерінің жүйесін айтамыз.

Шаруашылық жүргізудің әртүрлі деңгейі мен қызмет аяларындағы экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауға қажетті ақша қаражаттарын, сондай-ақ мақсатты ақша қаражаттар қорларын қалыптастыру және бөлу жөніндегі қаржылық қатынастарды басқару қаржылық механизм арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық механизм мемлекет белгілеген қаржылық шаралар мен қоғамдық экономикалық өмірдің аясындағы қоғамдық өнімнің көптеген элементтері, материалдық емес игіліктері, рухани құндылықтары құнының құрамына кіретін қаржылық ресурстардың ұдайы өндірісін түрлендіреді. Бұл жерден байқайтынымыз, өндірістік процесс қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен анықталады және белгілі бір өндірістік қатынастар туындағандықтан шаруашылық механизмімен қозғалысқа келтірілген экономикалық саясатпен реттеледі. Ал шаруашылық механизмі өзіне орай тиісті сандық және сапалық көріністегі ұдайы өндірістің шынайы нәтижесін құрады. Сондықтан ұдайы өндірістік процестің бір қалыпта жүзеге асырылуы экономикалық саясат пен механизмнің құрамдас бөлігі ретінде қаржылық саясат пен қаржылық механизмге тәуелді болады. Дұрыс тұжырымдалған саясат, дәлме дәл жолға қойылған және үйлесімді жұмыс, атқаратын қаржылық механизм – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына себін тигізеді. Бұл жерде айта кететін бір жайт, егер қаржылық саясат экономикалық заңдардың әрекеттерін толығымен есепке алмаса немесе сол заңдарға қарама-қайшы келсе, онда тиісті қаржылық механизм халық шаруашылығының, саланың, аумақтардың өндірістік мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алмайды немесе мүлдем пайдалана алмайды. Осындай жағдайда қоғамның экономикалық дамуы тежеледі, келеңсіз құбылыстар қалыптасады және қоғамға қарсы процестер көрініс табады. Тарих тағылымы бойынша байқағанымыз, қоғамдағы адамдардың экономикалық мүддесіне бағытталған, олардың пәрмендерін айтарлықтай деңгейде тауар-ақша қатынастарын пайдалану арқылы ынталандырып арттыру, сондай-ақ әрбір қызметкердің жеке басының ынта-жігерін көтеру арқылы мемлекетке қажетті жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге болатын99.

Қазіргі кезеңде республикамыздың егемен мемлекет ретінде нарықтық бағытта дамуы қаржылық саясаттың бүгінгі міндеттерін қалыптастырып оларды қаржылық құралдар мен тетіктер арқылы экономиканы дағдарыстан шығару, халық шаруашылығының құрылымдарын жаңарту негізінде шаруашылық аясын тұрақтандыру, кәсіпкерлік бағаны, кәсіпкерлік қызметті ырықтандыру, мемлекет бөлігіндегі үлесті азайту, кеміту арқылы меншікті реформалау, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті ұлғайту және жандандыру көзделіп отыр. Өркениетті бет-әлпеті бар нарықтық экономикаға өту бағдарламасының басты бағыты – халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың жұмыс орындарын жоғалтпауларына, кіріс, табыстарының тұрақты болуына, инфляцияға ұшырамауына қатаң назар аудару болып табылады.

Негізінде мемлекеттің қаржылық саясаты қоғамның нақты даму кезеңіндегі міндеттеріне сәйкес және экономикалық заңдардың әрекеттерін есепке ала отырып қаржыларды жоспарланған түрде ұйымдастыру мен пайдаланудан тұрады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңіндегі қаржылық саясатының өзіне тән белгілері болады және ол қоғамның материалдық және мәдени өмірінің қажеттіліктерін, экономиканың жай-күйін ескере отырып, әр түрлі міндеттерді шешуге атсалысады.

Қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде объективтік заңдылықтардың негізінде даярланатын қаржылық саясат – өзінің жүргізілуіне қажетті қаражаттарды қарастырады, яғни қаржылық тетіктер мен қаржылық тұтқалардың жекелеген элементтерін құру, жетілдіру және жоюды көздейді.

Мемлекет, қоғам өмірінде қаржылық саясаттың шешетін мәселелері мына төмендегідей болып келеді: 1) мемлекеттің әрбір нақты даму кезеңінен ерекшеліктері негізінде қаржылық ресурстардың неғұрлым мүмкін көлемін қалыптастыру жағдайларын қамтамасыз ету; 2) қаржылық ресурстарды қоғамдық өндіріс аялары мен халық шаруашылығы секторлары арасында ұтымды түрде бөлу және пайдалану, сондай-ақ ресурстарды белгілі бір мақсаттарға арнау; 3) экономикалық дамудың нысаналанған бағыттарын орындау үшін тиісті қаржылық механизмді құру және оны әрдайым жетілдіріп отыру.100

Мемлекеттің қаржылық саясаты: қаржылық стратегияға және қаржылық тактикаға бөлінеді. Қаржылық стратегия – қоғам дамуының тарихи кезеңдеріне сәйкестендіріліп, мемлекет тарапынан даярланады. Сонымен қаржылық стратегия дегеніміз – қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының ауқымды міндеттерін шешуді көздейтін, сондай-ақ ұзақ мерзімді болашаққа есептелінген бағыт. Ал қаржылық тактика – осы стратегиялық бағыттарды нақтыландыра отырып, жедел міндеттерді шешуге, яғни еліміздің қаржылық және экономикалық аяларындағы ауытқулар мен алшақтықтарды жоюға баса назар аударады. Осы қаржылық саясатты жүргізу барысында мынадай қағидаттарды жүзеге асыру маңызды көрініс болып табылады: қаржылық қатынастарды жоспарланған түрде ұйымдастыруды қамтамасыз ету; қаржы жүйесінің барлық аялары мен бөлімдерінің кірістері мен шығыстарын теңдестіру; салалық қаржылар мен бюджет жүйесінде қаржылық резервтер құру; мемлекет пен шаруашылық субъектілердің арасында қаржылық ресурстарды мейлінше тиімді етіп бөлу. Қазіргі кезеңде көзделіп отырған басты мақсат – мемлекетіміздегі республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын теңдестіру арқылы бюджет тапшылығы жөніндегі мәселелердің шешімін табу, сондай-ақ экономиканы тұрақтандыру негізінде халық шаруашылығын қаржымен қамтамасыз ету.

Мемлекеттің экономикалық саясатының бір аясы – салық саясаты болып табылады. Салық салу аясында мемлекет экономикалық мәселелерді өзінің міндеттері және өзін ұстау жөніндегі мәселелерді ғана әзірлеумен айналысып қана қоймай, сонымен қатар өте ауқымды әлеуметтік және саясат тұрғыдағы мәселелерді шешуге атсалысатын саясатты да жүргізеді. Бұл жөнінде Елбасымыз Н. Назарбаев экономиканы ілгерілету үшін “...таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз”, – деген болатын101. Сонымен мемлекеттің салық салу аясындағы қызметі салықтық саясатқа да негізделеді. Салық саясатының қағидалары мемлекеттің жалпы экономикалық бағдарламасына негізделеді және онымен өте тығыз байланысты болады. Экономикалық бағдарламаны әзірлеу ісі – салық саясатының алға қоятын талаптарын, оның принциптерін ескере отырып, жүзеге асырылады. Салықтық саясаттың ықпал ету аясы өте ауқымды болғандықтан, оның реттейтін қатынастары әралуан болғандықтан оны тек қаржылар аясына жатқызуға болады деген көзқарас дұрыс болып табылмайды. Себебі, құқық теориясы тұрғысынан алғанда, қаржылардың салық саясатында атқаратын рөлі – жүзеге асырылу құралы ретінде сипатталады.

Мысалы, салық саясаты талаптарымен реттелген кәсіпорын мен бюджет арасындағы қатынастар тек кәсіпорын мен азаматтың салықтық міндеттемелерін атқару сатысында ғана қаржылық қатынастарға айналады. Салықтық қатынастардың қаржылық қатынастардан айрықшалануы салық саясаты бойынша мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді талдау кезінде көрініс табады. Олардың кейбіреуі мына төмендегідей болып келеді:

1. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету;

2. Салалардың, аумақтардың, шаруашылық қызмет түрлерінің, шаруашылық субъектілерінің өндірістерінің экономикалық өсуін қамтамасыз ету. Салық саясатының осындай міндеттерін тек айтарлықтай деңгейде дайындалған экономикалық жоспар концепциялары және конституциялық деңгейде әзірленген салық саясатының қағидалары арқылы шешуге болады. Салық саясатының негізгі принциптерін конституциялық деңгейде бекіту қажеттілігі салықтардың мемлекет өмірінде атқаратын рөлдері мен алатын ерекше жағдайларына байланысты туындайды. Мемлекеттің материалдық базасын қалыптастырудың өте маңызды әдістері және қоғамды басқару аппараты ретінде салықтар мемлекет пен оның азаматтарының арасын байланыстыратын күрделі де елеулі буынға айналады. Сондықтан барлық мемлекеттерде, оның ішінде өзімізде де салықтарды төлеу азаматтардың конституциялық міндеттері болып табылады102.

Салықтың мемлекет өміріндегі атқаратын рөлінің екінші қыры – мемлекеттің егемендігіне қатысты болады. Мемлекет аумағында салықтарды белгілеу құқығы ашық рыногі бар егемен мемлекеттің экономикалық егемендігінің негізі болып табылады, сондай-ақ осы аядағы өз азаматтары мен кәсіпорындар және шетелдік шаруашылық қызметінің субъектілері тең жағдайда болады. Осыған байланысты мемлекет егемендігінің басты белгісі –салық егемендігі деп айтсақ, оның дәлелдемесі ретінде салықтық реттеудің бірыңғай дүниежүзілік жүйесінің әлі күнге дейін жоқ екенін атап көрсетуге тиіспіз. Салық салудың бірыңғай стандарттарын дайындау (жасау) әрекеттері мемлекеттің салықтық егемендігінің мәселелерімен тайталасып жатады. Салық егемендігі – жоғарыда айтып кеткеніміздей, басқа мемлекеттер шектей және қол сұға алмайтын мемлекеттің салық салу жөніндегі (айрықша) құқығы. Салық егемендігіндегі аса күрделі және осал жері халық егемендігімен арақатынасын, яғни азаматтардың өздеріне тиісті құқықтарын мемлекетке беру жөніндегі құқықтармен арақатынасы болып табылады. Мысалы, демократияның негізі болып табылатын “Адам және азамат құқықтарының декларациясында”: “барлық азаматтар өкілдері арқылы құрылған үкіметке мемлекеттік салық салудың қажеттілігін белгілеу, олардың алынуына ерікті түрде келісім беру, салықтардың үлес мөлшерін, алыну негіздерін, тәртібін және мерзімін анықтау, сондай-ақ олардан түскен қаражаттардың жұмсалуын бақылау жүргізу жөнінде құқықтары бар” делінген103.

Мемлекет мүддесіне сай келмейтін міне осындай талаптар бастарынан сан-қилы салық салудың салмақтарын кешкен халықтардың тарихи тәжірибесінің нәтижесіне жатады104. Осы мемлекет егеменділігі мен халық егеменділігінің арақатынастарында мемлекет егемендігіне жол берген жағдайда азаматтардың туа біткен құқықтарының бұзылмауы мақсатында “қажеттілік және жеткіліктілік” қағидаларын ұстана отырып мемлекеттің әрекеттеріне шектеу қою қажет. Салық салудың (салықтық қатынастардың) конституциялық негізінің аспектісі конституцияға енгізілген өзге құқықтық нормаларға қарағандағы салықтық нормалардың айтарлықтай үстемділігі. Бұл жерден мынаны байқауға болады: біріншіден, мемлекет меншік иесінің конституция бойынша жеке меншік деп бекітілген (танылған) меншігінің бір бөлігін талассыз түрде өз қарамағына алып қояды. Екіншіден, мемлекеттің салық міндеттемелерінің орындалуын бақылау барысында салық төлеушінің коммерциялық құпиясын білуге құқығы бар екені белгілі. Ал оның құпиясына қол сұғу кәсіпкерлік қызметінің бостандығын (еркінділігін) шектеу болып есептелінеді. Осы жоғарыда аталған салық саясатының конституциялық сипаттағы аспектілері ғылыми-құқықтық тұрғыдан мемлекеттің салықтық юрисдикциясы деп тұжырымдалады. Мемлекеттің салықтық юрисдикциясы тек осы мемлекеттің экономикалық аумағында, оның ресурстарын (еңбек, шикізат, субъектілік және т.б.) пайдалану арқылы жасалған құнға ғана таралады және құқықтық мағынада осы құнға салық салу жөніндегі құқықты білдіреді. Сонымен қатар кейбір мемлекеттердің салықтық егемендіктері қарама қайшылықтарды да туындатады, яғни салық төлеушілер белгіленген мерзім (бір жыл ішінде десек) ішінде бір объектіден екі рет салық төлеулері мүмкін. Осы жайттарды ескере отырып, дүниежүзілік практикада қосарлап салық салуды болдырмау принципі қолданылады, немесе салықтың артық төленген мөлшерін қайтару немесе жаңадан төлейтін салықтар есебіне қосу әдістері жүргізіледі.

“Қосарлап салық салуды” болдырмау принципі салық салу аясында өзіне тиісті орнын алғанымен, мемлекетте сол объектіге салықтың бірнеше түрін салуға жол берілмейді деп айта алмаймыз. Мемлекетіміздің салық жүйесінде заң жүзінде “қосарлап салық салу” жөнінде былай делінген: қандай да болмасын объектіге салықтың бір ғана түрін және заңмен белгіленген мерзімде бір-ақ рет салуға болады. Бұл жерде мемлекеттің салықтық юрисдикциясының принципінің іштей (мемлекет шеңберіндегі) сипаты айқындалған. Осы принцип салықтық юрисдикцияны мемлекет ауқымында шектеуші құрал болып табылады. Бірақ салықтардың экономикалық мәнін талдау кезінде көрініс тапқан маңызды элемент (салық салу элементі) салық төлемдерінің түсім көзі. Бұл түсім көзі салық төлеушілердің бәріне тән меншік болып табылады және осы меншіктерге салықтың ықпалы тигізіледі.

Салық төлемдерінің түсім көзі “қосарлап салық салу” принципінің ықпалына түспейтіндіктен, осы принципті мемлекеттің салықтық юрисдикциясын шектеу кезінде айтарлықтай қолдана алмаймыз. Мемлекеттің салықтық юрисдикциясын шектеу мәселесін барлық жиынтық табысқа, барлық салықтардың проценттік арақатынасын әзірлеу арқылы шешуге болады. Бұл жердегі ұтымды көрініс – салық салудың нақты шегін белгілеуге болар еді және осы жайт конституциялық деңгейде бекітілер еді. Мемлекеттің салықтық юрисдикциясын шектеуге тұтыну тауарларына деген азаматтардың тұтынушылығын шектеу арқылы жетуге болады. Мемлекеттің салық салу құзыретін шектеудің тағы бір қажеттілігі – мемлекет салықтық міндеттемелердің атқарылуын бақылай отырып коммерциялық құпияларды біліп, көріп оларды өз пайдасына пайдалануына немесе төлеушіге жаңағы коммерциялық құпияны дұрыс сақтай алмаған жағдайда зиян-залал келтіруіне тосқауыл қою. Осы жоғарыда айтылған жайларды ескере және соларға негіздей отырып, мына төмендегідей мемлекеттің салық саясатының конституциялық деңгейдегі қағидаттарын бөліп шығаруға болады:

1. Салықтарды төлеу принципі салық төлеушілердің конституциялық міндеттемелері ретінде;

2. Салық заңдарының үстемділігі;

3. Мемлекеттің салықтық юрисдикциясына бағынышты объектілерге салық салу принципі;

4. Қосарлап салық салуды жою принципі;

5. Коммерциялық құпияны білу құқығы және оны жарияламау кепілдігі жөніндегі принцип.



Міне осындай мемлекеттің салық саясатының негізгі принциптері бар. Ал қалған принциптерді бөліп шығару үшін салық саясатының элементтерін қарастыру және салық саясатының түсінігін айқындауымыз қажет. Мемлекетімізде белгіленген, бекітілген салықтардың жиынтығы белгілі бір салық фонын құрады. Бұл салық фоны салық төлеушіге салық ставкалары, салық салу тәртібі, салық жеңілдіктері және т.б. арқылы ықпал етеді. Осы аталған салық бөлу элементтерінің жиынтығы салық режимін құрайды. Салық режимі салық саясатының сапалық мазмұны болып табылады. Салық режимі мен оны айқындаушы элементтер салық жүйесінің көмегімен құрылады. Салық жүйесінің құрамына мемлекетте алынатын барлық салықтар, салықтық қатынастар мен оларды реттейтін құқықтық нормалар, салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері және т.б. кіреді. Шет елдерде салықтарды қоғам өмірінің әртүрлі аяларын мемлекеттік реттеудің құралы ретінде қарайтын концепция бар. Салық саясатының негізгі міндеттерінде, бірінші кезекте, қандай да болмасын өндіріс, сала, аумақ және т.б. бірінші кезекте дамытуға жағдай жасау міндеті аталған. Ал осы міндетті жүзеге асыру салық режимінің сипатына байланысты болады. Осыған байланысты мынадай қағиданы бөліп шығаруға болады: салық режимінің мемлекеттің саяси, әлеуметтік және экономикалық міндеттеріне тәуелділігі принципі. Сонымен “мемлекет – салық төлеуші” түріндегі қатынастардағы принциптерді талдай отырып тұжырымдасақ және терминологиялық барыста қорытындыласақ, онда – ол мемлекеттің салық салу саласындағы саясатты яғни жалпы философиялық мағынада салық саясатын көрсетеді. Заңдық тұрғыдан салық саясаты заң жүзінде бекітілген салық режимін, яғни салық төлеушілерге ықпалын тигізетін режимді көрсетеді. Енді салық саясатының құқықтық мағынадағы түсінігін анықтауымыз қажет. Салық саясатының негізгі сипаттамасы ретінде салық режимін атап өткенбіз. Салық режимі кешенді салық жүйесі арқылы құралатынын білгенбіз. Осы салық режиміне салық саясатының міндеттері мен принциптерін қоссақ, онда салық саясатына мынадай анықтама беруге болады: “Салық саясаты –мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін және өндірістер, салалар, аумақтар, шаруашылық қызметтер түрлерін, шаруашылық субъектілердің экономикалық өсіп дамуын қамтамасыз ететін мемлекет белгілеген салық режимі”. Сонда салық саясатының құрамдық элементтері салық жүйесімен экономика, саяси және әлеуметтік аяларды салықтық реттеу механизмінен тұрады. Салық саясатының тағы бір елеулі қыры – кеден саясатымен реттелетін өзге мемлекеттермен арадағы қарым-қатынастарды жандандыру. Халықаралық құқықтың талаптарын ескеру қажеттілігі ішкі экономиканы қорғау мәселелерімен қарама-қайшы келіп жататынын білеміз. Мемлекеттің барлық қажет тауарларды өз аумағында өндіруге талпынуы ішкі экономиканың басқа елдерде өндірілетін ұқсас тауарлармен бәсекеге түсуін тұйықтауға әкеліп соғады, яғни мемлекеттің кеден саясаты экспортқа нысаланған деп айтуымызға болады. Салық саясаты мемлекеттің экономикалық дамуымен тығыз байланысқан және мемлекеттің экономиканы реттейтін құралдарының қатарына жатады. Дүниежүзілік практика бойынша салықтар, салық салу жөніндегі заңдарды-статустарды жоғарғы өкімет органдары қабылдайды. Бұл заңдар-статустарда салықтардың объектісі, субъектісі, есептеу, төлеу тәртібі, мерзімі және т.б. белгіленеді. Ал салық ставкалары мен салық жеңілдіктері жөніндегі мәселелерді оларды реттеу құралы ретінде пайдаланатын атқару-жарлық беру билігі органдары айқындайды. Сонымен, салық саясатында мынадай маңызды мәселелердің де көрініс табуы қажет:

1) салық төлеушілерді жаңа салықтардың енгізілгені жөнінде міндетті түрде хабардар ету;

2) салықтарды төлеу-аудару жөніндегі сауалдарға кеңес беру;

3) салық міндеттемелерін атқаруды ерікті түрде атқару әдістерімен және салық санкцияларын пайдалану арқылы мәжбүр ету түрінде қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік баға – түзеу саясатын талдап, жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;

5) еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру жүйесін және шарттарын белгілейді;

6) Мемлекеттік аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп, жүзеге асырады; аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; ғылым мен техника дамытудың, жаңа технологияларды енгізудің, мәдениетті, білімді, денсаулық сақтау ісін, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік саясатын белгілейді және жүзеге асырады; табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиімді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады; құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртібін, Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады; келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет елдермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлейді, сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады; республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды105. Республика Үкіметіне осындай кең көлемдегі құзыреттілік берілуімен қатар кейбір бағыттар бойынша үкімет құрамындағы оның мүшелеріне заң жүзінде мынадай шектеулік қойылған: олардың өкілді органның депутаты болуға; оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметтер атқаруға; кәсіпкерлікпен шұғылдануға; коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ.

Бұл жерде айта кететін бір жәйт, экономика саласындағы мемлекеттік басқаруды реформалау туралы белгілі экономист-ғалым О. Сәбденов мынадай пікір айтқан болатын: “Дүниежүзілік тәжірибеден өткен басқару теориясы мен практикасы бойынша басқару құрылымында аралық буындардың неғұрлым аз болғаны басқару ісі үшін өте тиімді бола бермекші. Мысалы, бізде министрліктің министрі өз шешімін премьер-министр, мемлекеттік хатшы – премьер министрдің бірінші орынбасары, үкімет аппаратының басқарушысы – премьердің орынбасары, бөлім бастықтары арқылы өткізуге мәжбүр болады. Сондықтан басқару ісі тиімді әрі нәтижелі болуы үшін министрлер мен ведомстволардың жалпы санын қысқартып, блоктық құрылымға, яғни жалпы экономикалық, әлеуметтік, материалдық өндірістің аумақты аяларына және т.б. көшу қажет. Осы блоктық құрылымдардың бірыңғай мемлекеттік саясатты айқындап, жүзеге асыруға себін тигізері сөзсіз.

Материалдық өндіріс аясында ведомстволық сипаттағы жаңа типтегі министрліктер құру қажеттілігі күн тәртібінде тұр. Осы ведомствоаралық сипаттағы министрліктер мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады және кейбір жағдайларда экономикалық әдістерді пайдалана отырып салалар мен кешендерге тікелей басшылық етуге атсалысады. Сонымен қатар осы министрліктердің мемлекеттік микроэкономикалық саясатты әзірлеу әрі жүргізу және ұлттық экономиканың аса ірі аяларын микроэкономикалық реттеу арқылы өз міндеттерін жаңаша сипатта жүзеге асыратыны белгілі. Тиісті мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру арқылы олар жекешелендіруге жатпайтын мемлекет меншігіндегі секторларды басқару, мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдарды басқаруға мемлекеттің қатысуын қамтамасыз етер еді106.

Республика Үкіметі Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актілерінің өзге де нормативтік-құқықтық актілердің негізінде және оларды орындау жолында нормативтік және жеке қаулылар шығарады. Осы құзыреттері шегінде қабылданған Үкімет қаулылары мен Республика Премьер-министрі өкілдерінің бүкіл аумағында міндетті күші болады және осы қабылданған нормативтік құқықтық актілер Үкіметтің атқарушы қызметінің құқықтық нысаны болып табылады. Енді атқарушы биліктің орталық органдары – министрліктер, мемлекеттік комитеттер және ведомстволарға тоқталамыз. Мемлекеттік комитеттер және ведомстволар мемлекеттік атқарушы билік органдарының жүйесіне кіреді және заң жүзінде олардың орталық органдары ретінде айқындалады. Осы органдар мемлекет өмірінің әртүрлі аясында тікелей басқаруды жүзеге асырады. Мұндай органдар дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, нақтырақ айтсақ, барлық мемлекеттерде орын алады, бірақ біздің атқарушы органдардан олардың органдарының саны, құқықтық мәртебесі, қызмет аялары, аталымдары өзгеше болады. Мемлекетіміздегі халық шаруашылығы жеке-жеке салаларға бөлінетіні белгілі. Осы тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган министрлік болып табылады. Министрліктің алқасы оның министрінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып есептелінеді және оның құрамын министр бекітеді. Министрлік қабылдаған шешімдер министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.

Мемлекеттік комитет те Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. Ол тиісті мемлекеттік басқару салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді және осы мақсатта заңдарға сәйкес салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Мемлекеттік комитеттің де консультациялық-кеңесші органы, оның төрағасының жанынан құрылған алқасы болады. Мемлекеттік комитет қабылдаған шешімдер сол комитеттің төрағасының қолы қойылған мемлекеттік комитеттің қаулылармен ресімделеді.

Бұлардан басқа министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы немесе құрамындағы комитет, департамент, агенттік, сондай-ақ өзге де мемлекеттік басқару органдары ведомстволар бар. Ведомство республика министрлігінің, мемлекеттік комитеттің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді, не мемлекеттік басқару саласына дербес басшылықты жүзеге асырады.



Республика ведомствосының құрылымын, құзыреті мен оның тиісті Республика министрлігі және мемлекеттік комитетімен өзара іс-қимылының тәртібін Үкімет белгілейді. Сонымен қатар – Үкімет ведомстволардың қызмет аясын, өкілеттіліктерін және жауапкершілігін белгілейтін нормативтік актілер шығарады, сондай-ақ оларды ұстау үшін қажетті республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат мөлшерін белгілейді. Осы ведомстволардың ішінен екі тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топқа Үкімет жанында құрылатын ведомстволарды жатқызамыз. Ал екінші – топқа министрліктердің жанынан құрылатын және солардың құрамында қызмет атқаратын ведомстволарды айтамыз. Негізінде министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және ведомстволардың құқықтық мәртебелері, оның ішінде әкімшілік-құқықтық мәртебелері, әртүрлі аяларды реттейтін заңдарға немесе заңдарға сәйкес актілерде белгіленеді. Бұл жердегі бір өкінішті жайт – осы министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар жөнінде нақты нормативтік акті болғанда, осы бірыңғай актіде олардың жан-жақты құқықтық мәртебелері нақты белгіленер еді. Бүгінде осы аталған орталық атқарушы билік органдарының құқықтық жағдайлары Үкімет қабылдап өзінің қаулысымен бекітетін ережелерде белгіленіп, бекітілген. Бұлардан басқа қазіргі кезде көптеп құрылып жатқан комиссиялар мен кеңестерді және қорларды айтуға болады. Өздеріне орай олар да мемлекеттік-өктем өкілеттіліктермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар осы мемлекеттік орталық атқарушы билік органдары өз өкілеттіліктері шегінде және қызмет бағыттарына байланысты бақылау, қадағалау рұқсат беру, тіркеу, лицензия беру сияқты қызметтермен айналысады. Енді осы айтылған сөздерімізді түйіндеп, бекіту мақсатында кейбір министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің және ведомстволардың, сондай-ақ басқа құрылымдардың нақты аталымдарын береміз. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленген: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі; Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі; Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі; Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрлігі; Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі; Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі; Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңсесі; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі; Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі; Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі; Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі; Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі; Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі107. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті; Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитеті; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі мемлекеттік комитеті; Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері мен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитеті; Қазақстан Республикасының Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті; Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі; Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттігі; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы Кәсіпорындарды қайта құру жөніндегі агенттік; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанындағы қазынашылық; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті; Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті; Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпте жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегі комитеті; Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитеті; Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы; Қазақстан Республикасының Архивтер және құжаттамалар бас басқармасы; Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасы; Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Атом энергиясы жөніндегі агенттік.

Енді жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарына тоқталып, олардың қызмет аялары мен өкілеттіліктеріне сипаттама береміз. Тиісті Заңда және Қазақстан Республикасының Конситуциясында жергілікті атқарушы органдардың құзыреттері, ұйымдастырылу тәртібі мен қызмет бағыттары айқындалған108. Заңда облыс, аудан, қала, қаладағы аудан аумағындағы атқарушы орган Республика Президентінің тікелей өкілі – жергілікті әкім болып табылады делінген109. Жергілікті әкім дара басшылық қағидаттарымен әрекет етеді және мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асырады. Поселке, ауыл аумағындағы атқарушы орган да әкім болып табылады. Осы аталған облыстық, аудандық, қалалық және қалалардағы аудандық, поселкелік және қалалардағы аудандық, поселкелік және селолық әкімшіліктер республиканың мемлекеттік атқарушы билігінің бірыңғай жүйесіне кіреді. Енді осы жергілікті әкімшіліктің құрылымы мен қызметінің ұйымдық негіздеріне тоқталсақ, олар мына төмендегідей болып келеді:

Жергілікті әкімшілік әкімнен, оның орынбасарларынан, сондай-ақ бөлімдерден, басқармалардан, басқа бөлімшелер мен қызметтерден тұрады. Әкім орынбасарларының саны, бөлімдердің, басқармалардың, басқа бөлімшелердің жүйесі жергілікті әкімнің ұсынуы бойынша тиісті мәслихат – жиналысы бекітетін облысты, ауданды, қаланы басқарудың схемасына сәйкес белгіленеді.

Жергілікті әкімшіліктің бөлімдері, басқармалары, басқа бөлімшелері мен қызметтері оның органдары болып табылады.

Облыстық, Астана, Алматы және қалалық әкімшіліктер бөлімдері, басқармалары және басқа бөлімшелері мен қызметтерінің жоба тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеп, бекітеді.

Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық әкімшілік бөлімдері, басқармалары және басқа бөлімшелері мен қызметтерінің жоба тізбесін жоғары тұрған әкім әзірлеп, бекітеді.

Жергілікті әкімшілік пен оның органдарын ұйымдық, құқылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімнің аппараты құрылады.

Әкімшілік органдарының басшылары мен басқа да лауазымды адамдарын әкім қызметке тағайындайды және одан босатады.

Облыстық, аудандық қалалық мәслихат – депутаттар жиналысы депутаттар жалпы санының үштен екісін жасырын көпшілік дауысымен жергілікті әкімшілік органының басшысына сенімсіздік білдіріп, оны қызметінен босату туралы мәселені әкімнің алдына қоюға қақылы. Ол осы мәселе бойынша уәжді шешім қабылдап, ол туралы тиісті мәслихатқа – депутаттар жиналысына хабарлайды.

Әкімшілік қызметінің негізгі мәселелерін қарау үшін әкімнің жанынан ақылдасу – кеңесші орган – алқа құрылады, оның құрамын әкім бекітеді. Алқаның мәжілістері қажеттілігіне қарай өткізіледі. Оның шешімдері әкімнің қаулыларымен жүзеге асырылады. Алқаның мәжілісіне мәслихаттың – депутаттар жиналысының хатшысы шақырылады. Әкім өзінің қарауына жатқызылатын мәселелер бойынша қаулылар мен өкімдер қабылдайды.

Жергілікті әкімшілік органдары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуі тиіс. Жергілікті әкімшілік құжаттарының күшін жоғары тұрған атқарушы орган не Қазақстан Республикасының Президенті жоюы немесе сот тәртібімен жойылуы мүмкін.

Әкімнің өз құзыреті шегінде қабылдаған құжаттарын тиісті аумақта меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға міндетті.

Мәслихатқа – депутаттар жиналысына Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті бекіткен жергілікті әкімшілік бөлімдерінің, басқармалары мен қызметтерінің үлгі тізбесін ескере отырып әзірленген облысты, ауданды, қала басқару схемасын бекітуге табыс етеді; мәслихатқа – депутаттар жиналысына тиісті әкімшілік-аумақтық мекен бюджеттің жобасын бекітуге табыс етеді, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді; депутаттар жиналысына тиісті әкімшілік-аумақтық мекенді экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын бекітуге табыс етеді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, мәслихат – депутаттар жиналысы сессияларына олардың орындалуы туралы есеп береді; әкімшілік-аумақтық мекен меншігін басқаруды жүзеге асырады, қарауындағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады; жоғарғы атқару органдары берген өкілеттілікке сәйкес республикалық меншіктегі кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді; несие, заем және басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер туралы шешімдер қабылдайды; шарттарға, заңдық және банкілік құжаттарға қол қояды; Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті белгілеген лимиттер мен шектік қаражат бөлу шегінде жергілікті әкімшілік аппараты мен органдарының штаттарын, еңбекке ақы төлеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдаяттарын бекітеді; жергілікті әкімшілік органдарының басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады; жылына кем дегенде екі рет мәслихат – депутаттар жиналысы алдында жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп береді, мәслихаттың – депутаттар жиналысының ұсынысы бойынша кем дегенде екі рет тиісті аумақты дамыту жоспарлары мен бағдарламалар туралы, осы аумақта орналасқан мемлекеттік мүлікті иеленудің, пайдалану мен басқарудың, жер мәселелерін шешудің жай-күйі туралы, жергілікті әкімшілікке бағынышты кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметі туралы есеп беруге табыс етеді; мәслихатқа – депутаттар жиналысына әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Облысты, ауданды, қаланы өркендету бюджетінің, жоспары мен бағдарламалардың жобасын әзірлейді; кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден облыс, аудан қала халқының мүдделерін қозғайтын экологиялық зардаптары бар жобалары туралы қажетті мәліметтерді алады; әкімшілік-аумақтық мекендер меншігіндегі кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді құрады, қайта құрады және таратады, облыс, аудан, қала меншігіндегі жолаушылар және жүк автокөлігінің кәсіпорындары мен ұйымдарын басқарады; жергілікті жолаушылар көлігінің маршруттары мен кестесін бекітеді; шарттық негізінде халыққа көліктік қызмет көрсетуге кәсіпорындар мен ұйымдарды тартады; байланыс кәсіпорындары мен ұйымдарының халыққа қызмет көрсету сапасына бақылау жасайды; сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асырады; еңбек ресурстарын есепке алуды қамтамасыз етеді және оларды бөлуді реттеп отырады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, басқа жоғарғы мемлекеттік органдар құжаттарының орындалуын ұйымдастырады, мәслихат – депутаттар жиналысы аумағында орналасқан кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен азаматтардың оларды бұзбауын бақылауды жүзеге асырады, құқылық тәртіпті, меншіктің барлық түрін, азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, заңдарды түсіндіруді және тұрғындарға заң көмегін көрсетуді ұйымдастырады; ішкі істер органдарының жұмысына жетекшілік етеді; сот, прокуратура, адвокатура органдарының, нотариаттың жұмыс жағдайларын жақсарту жөнінде шаралар қабылдайды.

______________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет