Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет184/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Нәтижелерді талқылау.
Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының жетістіктері отандық тарих саласында оның бүкіл өн 
бойында жаңа зерттеулер қажет екенін атап көрсетуге мүмкіндік берді. Мұндай зерттеулердің бәскелестік 
жағы және олардың қоғамдық мәні теориялық қорытындылаудың болуымен, тәжірибелік материалдарға 
терең талдау жасаумен, ғылыми нәтижелер алуда әлемдік стандарттар өрісіне шығумен, әлемнің 
тарихшылары мен қоғамтанушыларының достастығын нығайтумен айқындалуға тиіс. Әлемдік тарих 
ғылымының даму стратегиясы жаңа мыңжылдықтағы жаңа методологиялық әдістерге жүгінеді. Дамыған 
елдер гуманитарлық саланы қаржыландыруға баса назар аударады. Бұл проблеманың екінші бір жағы 
мемлекеттердің кадрлық ғылыми-техникалық әлеуетінің сапасына баса назар аударуда, оның бәсекеге 
қабілеттілігіне ден қоюда болып отыр. 
Қазіргі кезеңде халықтың төл тарихына деген ынтасының өсуі заңды құбылыс. Дегенмен соңғы 
жылдардағы өзгерістер ұлттық-мәдени сананың түлеуі тәуелсіз мемлекеттің нығая бастағанының айғағы 
Отандық тарих ғылымы еліміздің тәуелсіздігімен бірге келген терең түбегейлі өзгерістер мен 
жаңаруларды басынан өткізуде. Оның басты көрінісі – тарих ғылымының бұрынғы идеологиялық қыс-
пақтан арылып, төл тарихты зерттеуге бет бұрған дер едік. Ұлттық тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани 
құндылықтар контексінде қарастырыла бастады. 
Елімізде Қазақстан тарихына қатысты зерттеулерді жүзеге асырып келе жатқан бірнеше институттар 
бар. Мәселен, Археология институты–көне материалдық және мәдени ескерткіштерді зерттеумен 
айналысатын ғылыми мекеме. Институт ҚКСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылдың 28 тамыздағы 
№496 қарарына сәйкес және Қазақ КСР Ғылым академияы төралқасының 1991 жылғы 6 қыркүйектегі 
№73 қарарымен археология институты Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография 
институты құрамынан бөлініп шықты. Институтқа Қазақстан Ғылым академиясының академигі
Ә.Х. Марғұланның есімі берілді [1]. 
Археология институтының ғалымдары көне тас дәуірінен бастап, ортағасырлық кезеңге дейінгі 
аралықты зерттеумен айналысады. Онда тас дәуірінің ескерткіштері, қола дәуірінің ескерткіштері мен 
қоныстары, ерте темір дәуіріндегі көшпенділердің ескерткіштері және әлемдік өркениетке қосқан 
үлестері мен өнерін зерттейді. Сондай-ақ, ерте ортағасырлық кезеңдегі түркілік мәдени ескерткіштері, 
ортағасырлық қалаларды қазу, ондағы өркениет белгілерін анықтау және зерттеумен шұғылданады. 
Институт ғалымдары ежелгі полеолит тұрақтарын зерттеу нәтижесінде қазақ жерін адам баласы бір 
миллион жыл бұрын мекендегенін анықтады. Қазақстан жері сақ, түркі тайпаларының атамекені 
болғандығы дәлелденді, қазақ этносының қалыптасу процесі түзіліп, Батыс Түрік қағанаты, Түркеш, 
Қарлұқ, Қарахандар мемлекет бірлестігінің тарихы нақтыланып, олардың Орта және Таяу Шығыспен, 
Орта Азия, Еділ бойы, Орал тауы өңірі, Сібірмен саяси, экономика және мәдени байланыстары ашылды. 
Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жол бойы, көшпелілер мен отырықшылар өркениеті, қала мен даланың өзара 
қатынасы мен ықпалы зерттелді. Орта ғасырдағы Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық және Талхиз 
қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері Қазақ мемлекеттілігі мен мәдениетінің 
қалыптасуы, түрік, қыпшақ, қаңлы және қарахан дәуірінен бастау алатындығы туралы тұжырым жасауға 
мүмкіндік берді. Институт мамандары ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы – мәдени қатынас жолы» атты 
халықаралық бағдарламасын жасауға қатысты. Институт антропогенез, көшпенділер мәселелері, 
урбанизация, мәдениеттану бағытында зерттеулер жүргізді [2]. Мысалы, зерттеу нәтижелері ретінде 
бірінші топтың Орталық Қазақстан аймағы бойынша қазба жұмыстарын айтуға болады. Онда: Ерте темір 
дәуіріндегі Тасмола I-IV мұртты қорғандары зерттелді. Осы аймақты зерттеумен айналысқан
М.Қ. Қадырбаев, Ж.Қ. Құрманқұловтың «Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки» 
(1992) атты еңбегі жарық көрді. 
Екінші топ. Жетісу археологиялық экспедициясының зерттеу тобының ашқан жаңалықтары: сақ 
және үйсін заманындағы оба-қорғандардан табылған зергерлік бұйымдар. Сондай-ақ, Жетісу өңіріндегі 
қазақ халқының Ақтам, Сүмбе, Ақтас қоныстары зерттелді. Жұмыстардың қорытындылары ретінде
Т.В. Савьелеваның «Оседлая культура северных склонов Заилийского Алатау в VIII-XIII вв.» (1994);
С.Ж. Жолдасбаевтың «Жетісу тарихы» (1996) кітаптарын атауға болады; Үшінші топ. Оңтүстік Қазақстан 
археологиялық экспедициясы. Бұл бағытта ортағасырлық қалалар – Отырар, Жуантөбе, Бөріжар, 
сарайлық кешендер – Талас өзені бойы, Талғар қалашығы, Іле және Шу өзендері бойындағы сақ 
ескерткіштері зерттелді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет