Выборочный метод


салыстыру арқылы тексеру және әртүрлі үрдістерді бағалау



бет3/9
Дата04.10.2023
өлшемі2.57 Mb.
#479861
1   2   3   4   5   6   7   8   9
лекция-3

Жорамалдарды статистикалық тексеруге салыстыру арқылы тексеру және әртүрлі үрдістерді бағалау жатады: емдеу тиімділігі, аурудың ұзақтығы, ауру-сырқаулықтың ауырлығы, емдеу әдістерін салыстыру, препараттардың және медициналық техниканың сипаттамаларын салыстыру және т.б.

Салыстырылып отырған топтардың қайсысының артықшылығы жөнінде әдетте, орта мәндердің, үлестердің немесе басқа таңдама көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық бойынша тұжырымдайды.


  Фишердің F критерийі ( екі дисперсияларды салыстыру; F-test)

  • Екі бас жиынтықтың дисперсияларының теңдігі жөніндегі жорамалды тексеру үшін Фишердің F критерийі қолданылады. Бұл критерий дисперсияларды дұрыс бағалау үшін, екі таңдама қалыпты таралған бас жиынтықтардан алынуы тиіс және тәуелсіз болулары қажет.
  • Фишердің F-критерийін есептеу үшін дисперсиялардың қатынасын есептейді:
  •  

Еркіндік дәрежелерінің санын df1=n1–1, df2=n2-1 формулалары арқылы есептейді. Мұндағы df1 – алымының үлкен дисперсиясының, df2 – бөліміне сәйкес кіші дисперсияның еркіндік дәрежелерінің саны.

Егер дисперсиялардың қатынасының есептелген мәні (Fбақ) кестелік мәннен үлкен немесе оған тең болса,

Fбақ≥Fсыни, онда берілген мәнділік деңгейінде дисперсиялар тең емес деген қорытынды жасалынады.

Егер дисперсиялардың қатынасының есептелген мәні (Fбақ) кестелік мәннен кіші болса Fбақ

мысал

Айталық қандай – да бір ауруды емдеу барысында екі әдіс қолданылады: А және Б. Әдістердің тиімділігі белгілі бір көрсеткіштің сандық мәндерінің өзгеруімен сипатталады. Екі аурулар тобы алынған және бірінші топтағы (Х1) аурулар саны n1=20, екінші топтағы (Х2) аурулар саны n2=15. Сәйкес бас жиынтықтардың таралулары қалыпты екендігі белгілі болсын. Есептеу барысында екі топ үшін де көрсеткіштердің орта мәндері тең, ал дисперсиялары =21,5, =32,8 болды. α=0,05 мәнділік деңгейінде емдеудің екі әдісін салыстыру қажет.

  •  


Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет