З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет46/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. «Педагогикалық этика» ұғымына анықтама беріңіз. Берілген
жауаптардан дұрыс деп ойлағаныңды таңда жəне оны дəлелде.
Педагогикалық 
этика
мұғалімнің адамгершілік іс-əрекетінің əрқилы аспектілері 
туралы ғылым.
педагогикалық мораль мен моральдық құндылықтардың 
негізгі санаттарының түпкілікті мəнін қарастырады.
ұстаздың кəсіби адамгершілік нормаларын зерттейді.
2. Педагогикалық əдептіліктің көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз.
3. Әдеп, педагогикалық əдеп ұғымдарына анықтама беріңіз. Күнделікті


69
оқыту процесі барысында кездесетін педагогтік əдепке мысалдар келтіріңіз.
4. «Әдеп», «əдеп сақтау», «əдептілік» сөздері мен сөз тіркестерінің
мағыналарын ашып, бұл құндылықтың адам өміріндегі мəні мен қажеттілігін 
түсіндіріңіз.
5. Шығармашылық жұмыс: «Нағыз шындық - бұл ар-ұждан»
тақырыбына өлең немесе əн шығару.
1-тапсырма. Әдептілік педагог іс-əрекетінде қалай көрініс табады?
Педагог əдептілігін қалай білуге болады? Педагогтың əдептілігін 
қалыптастыру жолдары қандай? (болжамдық үлгісін ұсыныңыз).
2-тапсырма. Сіз өмірде қандай əдеп қағидаларын ұстанасыз? Өзін-өзі
тану мамандығы бойынша білім алып жатқан болашақ ұстаздарға қойылатын 
талаптар қандай? 
3-тапсырма. Егер дəрігерлерше «Гиппократ анты» секілді мұғалім ант
беретін болса, қандай ант берген болар едіңіз? (сіздің позицияңыз?)
4-тапсырма. Берілген сурет бойынша не айтар едіңіздер, нені
бейнелейді, не айтуға болады? Өмірден мысалдар келтіріңіздер.
5-тапсырма. Мұғалімге қажетті кəсіби-маңызды қасиеттердің қайсысы
сізде көп кездесетіні туралы ой толғау жазып көріңіз.
4.2. Педагогтың кəсіби мəдениетіндегі этикет 
Этикет - тұрақты мінез-құлық, қарым-қатынас тəртібін сақтау, 
қолдану деген мағынаны білдіре отырып, əдептілік қағидаларын жүзеге 
асырады. Этикет - тарихи дамып отыратын құбылыс. Негізінен 
дипломатиялық, телефонмен сөйлесу, қонақ күту, қызметтік, үйлену, 
азаматтық, қызметтік, іскерлік, кəсіптік этикет деп айтылады. Моральдың 
нормаларынан (этикадан) этикеттің ережелерінің айырмашылығы, негізінен 
шартты болып келеді жəне барлығы сақтауға тиіс жазылмаған заңдар 
сипатына негізделген. Адамдармен қысқа мерзімге кездесесің (вахтер, киім 
ілуші, т.б.) амандасуға, күлімсіреуге, аз ғана жақсы сөздер айтуға мəн бермей 
өтуге де болады. Қайсысы тиімді? Барлық жағдайларда бəрімен жақсы 
қарым-қатынаста болуға ұмтылу керек. Бұл этикет талаптарына кіреді. 
Адамгершілік - қоғамдық қажеттіліктердің, идеалдардың жиынтығы 
ретінде анықталады. Неміс философы И.Кант (1724-1804 ж.ж.) 
адамгершілікке ең алғаш талдау жасады. Ол адамгершіліктің субъективті 
қағидасы парыз деп есептеді. «Адамгершіліктің метофизикалық негіздері» 
деген еңбегінде өзінің этикалық теориясының аксиомаларын былай деп 
сипаттады:


70
- мораль заңдары абсолютті қажеттілікке негізделеді;
- адамгершілік нормалары үзілді-кесілді сөзсіз болып есептеледі.
Неміс философы Г.Гегель этикалық тұжырымдама жасады, онда
«мораль» жəне «адамгершілік» ұғымдарының шегін көрсетті. Адамгершілік -
кімнің қандай екенін көрсететін адам қылықтарының объективті аспектісі.
Негізгі парасаттылық құндылықтар еңбек, іс-əрекетте көрінетін рух күші деп 
есептеді. Ол И.Канттың: «Адамгершілік дегеніміз - жеке тұлғаның 
қарапайым табиғатын жеңуі жəне қоғамдық адамгершілік жеке 
парасаттылықтан жоғары» деген идеясын дамытты. 
Г.Гегель: «Сенім мен ұятты заңның шеңберінде оятуға болмайды, 
субъективтік пен объективтіктің бірлігі парасаттылық болып табылады», -
деген. Парасаттылықтың мазмұны, оның пайымдауынша, қоғам мүшелері 
басшылыққа алатын моральдық заңдар болып саналады. Оның айтуы 
бойынша «мораль - адам қылықтарының субъективті аспектісі». Бұл жеке 
адамдардың сенім, бағалау, қобалжуларының негізін қамтиды. Г.Гегельдің 
ұғымы бойынша, моральдылық тарихи дəуірге бейімделген жеке адам мен 
қоғамның өзара байланысының түрі.
Этика жəне этикет деген ұғымдар бір-бірімен байланысты. Педагогтың 
кəсіби мəдениетінде этикет маңызды орын алады. Этикет - тұлғаның ішкі 
мəдениетінің сыртқы көрінісі. Қоғамның əлеуметтік мəдениеті мен ұлттық 
ерекшеліктері этикетте көрініс береді.
Этикет - қоғамда қабылданған, қалыптасқан адамдардың тəртібі мен 
қарым-қатынастары туралы ережелер.
Қазіргі кездегі этикет - өткен заман дəстүрлерінен іріктелген дүние. 
Оның құрамындағы көптеген ережелер көп ғасырлар, мыңжылдықтар бойы 
сүзгіден өткізілген, талай шыңдалудан өткен.
«Этикет» термині алғаш рет XIV Людовик де Бурбон кезінде аулада 
тəртіп сақтаудың ережелері жазылған карточкалар (этикеткалар) 
шақырылған қонақтарға таратылған кезде қолданылған. Этикет (фр. etiquette 
– жарлық, этикет) – адамдармен қарым-қатынастың сыртқы түрімен
байланысты тəртіп сақтау ережелерінің жиынтығы (айналамен қарым-
қатынас жасау, қарым-қатынас пен амандасу формалары, қоғамдық
орындарда тəртіп сақтау, əдет-қылықтар мен киім-киістер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет