Законы 10-е издание москва бином. Лаборатория знаний 2010 3



Pdf көрінісі
бет158/197
Дата05.10.2023
өлшемі2.75 Mb.
#479900
түріЗакон
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   197
f6176e30d73c3b0

 
 
§ 7.3. Уақыттың баяулауы жəне ұзындықтың
қысқаруы
 
Эйнштейннің постулаттарынан шығатын аса манызды үш салдарды – 
денелердің көлденең қималарының мөлшері əртүрлі санақ жүйелерінде 
бiрдей болатындығын, қозғалыстағы сағаттар жүрісiнің баяулауын, 
қозғалыстағы денелердің барлық мөлшерлерінің қысқаруын қарастырып
алынған нəтижелерді координаттар мен уақыттың сəйкес түрлену 
фомулалары түрiнде жалпылаймыз. 
Осы мəселелердi қарастыруға кiрiспестен бұрын санақ жүйесi деп 
координат өстерімен байланысқан санақ денесiн, өзара тыныштықтағы 
бiрдей синхрондалған сағаттар қатарын түсінетiндiгiмiздi еске алайық. Одан 
əрі барлық санақ жүйелерінде координаттар мен сағаттар бірдей түрде 
өлшемденген (градуирленген) деп есептелінедi. Мұны тек ұзындық пен 
уақыт эталондары көмегімен бiрдей түрде барлық санақ жүйелерінде іске 
асыруға болады.
Бұл үшін ұзындықтың да, уақыттың да табиғи масштабын беретiн таби-
ғаттың қандай да бiр периодтық процесiн, мысалға, берiлген санақ жүйесiнде 
тыныштықта болатын белгiлi бір атомдардың шығаратын монохроматтық 
толқындарының бiрiн пайдалануға болады. Осы санақ жүйесiнде 
ұзындықтың эталоны ретiнде толқын ұзындығын, ал уақыт эталоны ретiнде 
сəйкес тербелic периодын алуға болады. Осы эталондардың көмегімен 
берiлген толқын ұзындықтарының белгiлi санын бip метр эталоны деп жəне 
берiлген тербелicтердің периодтарының белгiлi санын бip секунд эталоны 


212 
деп алынады. 
Мұндай операцияны осы санақ жүйелерінің əрбiреуiнде тыныштықта 
бола алатын ылғи бір атомдардың оның ылғи бір ғана монохроматтық 
толқындарын қолдана отырып, əрбiр инерциялық санақ жүйесiнде іске 
асыруға болады. Салыстырмалылық принцип бойынша тыныштықтағы 
атомдардың физикалық қасиеттерi олардың қай санақ жүйесінде 
тыныштықта болатындығына тəуелсiз. 
Əбip санақ жүйесiнде ұзындық пен уақыттың эталондарын тағайындап, 
осы эталондарды түрлі санақ жүйелерінде салыстыру мəселесiне көңіл бөлу 
керек. Басқаша айтсақ, осы жүйелерде денелердің өлшемі мен уақыттың 
өтуін салыстыру мəселесін шешу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет