«Деректер базасының жүйесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)



бет22/36
Дата13.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460666
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
инф дарис

Қалыптардың басқару элементтері.

Жобалаушы пайдаланатын басқару элементтері Элементтер панелінде орналасқан. Оны ашу үшін Түр→Элементтер панелі (Вид→Панель элементов) командасын орындаймыз. Элементтер панеліндегі басқару элементін таңдап алып, қалыптың қажетті аймағына қоямыз. Элементпен бірге қалып өрісіне оның біріктірілген таңбасы қойылады. Жалпы жағдайда бұл таңба стандартты болып табылады. Мысалы, батырмалар үшін Кнопка1, Кнопка2 және т.с.с. енгіземіз. Басқару элементінің қасиетін редакциялау арқылы оған сәйкесінше ат беруге болады (қасиеттерін ашуды жанама менюдің көмегімен жүргізеді).


Мәтіндік жазбалар мен суреттер қалыптарды безендірудің негізгі элементтері болып табылады. Қалыптарда мәтіндік жазбаларды құру үшін екі басқару элементтері қолданылады: таңба (надпись) және өріс.
Сурет (Рисунок), Объектінің еркін қоршауы (Свободная рамка объекта) және Объектінің біріктірілген қоршауы (Присоединенная рамка объекта) атты басқару элементтері безендірудің графиктік элементтерін даярлау үшін қызмет атқарады. Сурет элементі графиктік файлдардан таңдалынып алынып, қалыпқа кірістіріледі. Ал объектінің еркін қоршауы элементі ретінде кез-келген графиктік объект немесе мультимедиалық объектілерді алуға болады.


Мәліметтерге қатынау беттерімен жұмыс істеу.

Беттер – Access-ке ғана енетін жаңа объект. Қалыптар сияқты бұл объект мәліметтерге қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ бұл қатынау Интернет желісі арқылы жүреді.


Қатынау беттерінің көмегімен базадағы мәліметтерді өте қашықта орналасқан тұтынушыға жіберу мәселесі шешіледі. Мәліметтер базасының өлшемдері өте үлкен болғандықтан, оларды баяу қозғалатын байланыс арналары арқылы жіберу өте қолайсыз. Оның үстіне қазіргі кездегі Web-броузерлерінің мәліметтер базасымен жұмыс істеу функциялары жоқ. Бұл қызметті қатынау беттері орындайды. Олардың өлшемдері кішірек, HTML пішімінде жазыла алады және баяу байланыс тораптары арқыл беріліп, стандартты броузерлерде шығарыла алады. Сондықтан пішімі бойынша ол Web-құжат болады және кез-келген Web-құжатқа кірістіруге болады. Басқа объектілерден айырмашылығы қатынау беттерінің екі түрлі табиғаты бар. Мәліметтер базасының басқа объектілері ішкі объектілер болып табылады. Мысалы, кестені (немесе сұранысты, қалыпты) біз жеке файл ретінде қарастыра алмаймыз. Олар мәліметтер базасы файлының ішінде орналасады. Операциялық жүйе аталған объектілермен жұмыс істей алмайды, өйткені олар жеке файл емес.
Олармен тек мәліметтер базасын басқару жүйесі ғана жұмыс істей алады. Ал қатынау беттерінің екі түрлі объект ретінде бейнелену қасиеті бар: мәліметтер базасының ішкі объектісі ретінде оларды редакциялауға болады және сыртқы операциялық жүйедегі HTML пішімінде жазылған файл ретінде қарастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет