«Деректер базасының жүйесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)



бет15/36
Дата13.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460666
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
инф дарис

Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы объектілер осы СУБД-мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макростар СУБД-нің командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.
Негізгі әдебиет 3
Қосымша әдебиет
Бақылау сұрақтары:

  1. Мәліметтер базасы дегеніміз не?

  2. Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз?

  3. Қарапайым мәліметтер базасының құрылымы.

4.Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері.
5. Мәліметтер типі.
6. Мәліметтер базасының объектілері.


Мәліметтер базасын жобалау.

1.Мәліметтер базасымен жұмыс істеу режімі.


2.Мәліметтер схемасын даярлау.
Мәліметтер базасымен жұмыс істеу режімі.
Мәліметтер базасымен жұмыс істейтіндерге екі категорияға бөлуге болады:

  • Жобалаушылар. Олардың міндеті тапсырыс берушінің мақсатына сай мәліметтер базасының кестелерінің құрылымын анықтап беру. Жобалаушы мәліметтер базасын нақты мәліметтермен толтырмайды.

  • Қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер базасын толтырумен айналысады.

Осыған сәйкес мәліметтер базасымен жұмыс істеудің екі режімі бар:
1.Мәліметтер базасын құрып, оның құрылымын өзгертіп, оның объектілерін құруға арналған.
2.Дайын мәліметтер базасын пайдалануға арналған.
Мәліметтер схемасын даярлау.

Тапсырыс берушінің тұтынатын мәліметтерінің негізгі бөлігін анықтап алып, мәліметтер базасының құрылымын дайындауға кірісеміз. Мәліметтер базасын оның негізгі объектісі – кестелерінің құрылымын дайындаудан бастайды.



  1. Жұмыс негізгі өрістер тізімін құрудан басталады (олардың саны жүздеген өрістерді қамтуы мүмкін).

  2. Әр өріске қандай мәлімет орналасқанына қарай ондағы мәліметтердің типтері анықталады.

  3. Жалпы тізімдегі өрістерді негізгі кестелерге орналастырады. Егер кестенің қайсыбір өрісіндегі жазбалар қайталанатын болса, онда бұл кестені екі бөлікке бөледі.

  4. Әрбір кестеде түйінді өріс белгіленеді. Мұндай өріс ретінде мәліметтері қайталануы мүмкін емес өріс алынады. Мысалы, студенттер туралы кестеде мұндай өріс ретінде РНН-нің нөмірін алуға болады. Егер өрістер тізімінде мұндай өріс болмаса, оны әдейілеп құруға болады.

  5. Қағаз бен қарындаштың көмегімен кестелер аралығындағы байланысты сызып көрсетеді. Кестелер арасындағы байланыс бірнеше типті болады: бірден біреуге және бірден көпке. Бір жағында әрқашан да түйінді өріс тұрады (қайталанбайтын, айрықша мәнді). Көп жағындағы сол өрістің мәні бірнеше рет қайталанады.

  6. Мәліметтер схемасын жасаумен мәліметтер базасын құрудың негізгі қағазға түсірілген сатысы аяқталады. Осы схеманы тапсырыс беруші жобалаушымен келісіп бекітіп алғаннан кейін барып, мәліметтер базасының электрондық нұсқасын құруға кіріседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет