ALTER TABLE ADD (мекен-жайы CHAR (15) )
3.Кестеге жазуларды енгіземіз:
INSERT INTO Кадры
VALUES (`Ахметкалиева С.К.`,25000,`Құлжабай Н.М..`, ` ЭК` )
4.Жазуларды іріктейміз. Кестедегі жазуларды алфавиттік тәртіп бойынша қызметкерлердің аты-жөнін және жалақының кемуі бойынша іріктеп алу.Ол үшін индекс құрамыз Кадры_indx :
GREATE INDEX Кадры_indx
ON Кадры ( Аты-жөні, Жалақы DESC )
5.Таңдау операциясы. Берілген кестедегі `ЭК және КТ` кафедрасындағы барлық қызметкерлердің жалақысын 1000 теңгеге өсіреміз.
SELECT Аты-жөні, Жалақы+1000
FROM Кадры
WHERE Кафедра=`ЭК және КТ`
6.Шарттар бойынша таңдаулар жасау.Қазіргі кезде меңгерушілерінің орны бос кафедралардың атын табамыз.
SELECT Кафедра
FROM Кадры
WHERE Завед. IS NULL
7.Топтық таңдаулар жасау. Әр кафедраның ең жоғарғы және ең төменгі жалақыны табу керек.
SELECT Кафедра, MIN ( Жалақы ), MAX ( Жалақы )
FROM Кадры
GROUP BY Кафедра
8.Жазуларды өзгерту. Қай қызметкерлердің жалақысы 100 000 теңгеден төмен болса;онда оларға 20000 теңгеге жалақысын өсіреміз.
UPDATE Кадры
SET Жалақы+20000
WHERE Жалақы = 100 000
9. ЭК және КТ` кафедрасының Иванова А.Б. жұмыстан шығуына байланысты, оның жазуларын өшіру қажет.
DELETE FROM Кадры WHERE Аты-жөні =“Иванова А.Б.”
Негізгі әдебиет 3
Қосымша әдебиет 1
Бақылау сұрақтары:
1. SQL тілінің сипаттамасы.
2. DML тобы.
3. DDL тобы.
4. HAVING операндасы қандай операндамен бірігіп жүзеге асырылады.
5. LIKE, NULL, IN функцияларын сипаттау керек.
6. Логикалық байланыс операторлары.
7. Таңдау шарттары қалай жазылады.
8. Топ дегеніміз-не?
14 дәріс тақырыбы. Сұраныстарды пайдалану
Сұранстар құрастыру үшін Access ортасында арнайы бөлім үйымдастырылған. Бұл шараларды не конструктор арқылы не Мастерлер арқылы жүзеге асыруға болады.
Сұраныстың бірнеше түрлері болады. Олар:
ДҚның бір не бірнеше кестесінен күрделі шарттарға сәйкестендіріп деректерді топтастырып қорытындылайтын, нәтижесін кесте түрінде, не форма және отчет түрінде шығаратын. Сұраныс кестесінде өзгерістер жасалған кезде ДҚдағы деректер сәйкесінше жаңартылып отырады.
Бірі көлденең жолдың тақырыбы, екіншісі тік жолдың тақырыбы болатын екі өрнек бойынша екі өлшемді нәтижелік кесте құрастыратын қайшы сұраныс.
Жаңа кесте өндіретін сұраныс.
Деректерді түрленгдіретін сұраныс:
Деректерді жаңарту – жазбалар тобына жалпылама өзгеріс жасайтын команда;
Деректерді қосу – жазбалар топтамасын бір не бірнеше кестеден бір не бірнеше кестенің соңына тіркейтін команда;
Деректерді жою – бір не бірнеше кестелерден деректерді жоятын команда.
Сұраныс түзудің қағидаларын Мастерлерді көмегі арқылы жеңіл игеруге болады. Мысалы бірінші семестрдің нәтижесінде Математика пәнінен тек үздік баға алған студенттерді іріктеп алу керек болды делік.
Сұраныс құрастыру үшін ДҚның Запросы бөлімінен Создание запроса с помощью Мастера пунктін таңдаймыз. Бірінші қадамда сұраныс жасалатын кестені және одан алынатын өрістерді іріктеу қажет. Біздің мысалда SPISOK кестесінен DATA_P және N_PASP өрістерінен басқа өрістердің бәрін іріктейміз, OCENKI кестесінен алдыңғы 4 өрісті, және PREDM естесінен 2 өрісті іріктейміз (10.1 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |