Гидростатикалық қысымды өлшеу құралдары
Қысымның мынадай түрлері ажыратылады: барометрлік, абсолютті, манометрлік және ваккумметрлік.
Барометрлік қысым (кейде атмосфералық) Р0 белгілейді,бұл теңсіз бетінің қандай биіктігіне және ауа райының жағдайымен тығыз байланысты болады.
Нормалы барометрлі қысым 760 мм сынап бағанасына тең, яғни 101325 Н/м2. Биіктігі өскен сайын қысым кеми береді:мысалы, теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте нормалы қысымның 10 0/ 0-ге, 2000 м биіктікте 20 0/ 0-ге кемиді.
Абсолюттік қысым Рабс гидростатиканың негізгі теңдеуі арқылы табылады:
Егер сұйықтың ашық бетіне тіке ғана барометрлік қысым түссе, онда
және ,
Бұл формуланы манометрлік немесе артық қысым дейді, егер Рабс> Рб, немесе Рабс < Рб, шама ваккуметрлік қысым деп аталады да, Рвак = Рб – РА болады.
Манометрлік қысымды сұйық немесе серіппелі манометрмен өлшейді.
Ыдыстағы сұйықтың қысымын сұйықты манометрмен өлшейді, кейде мұндай аспапты пьезометр деп атайды (2.7-сурет).
2.7-сурет. Сұйықты манометр
Сынапты манометр (2.8-сурет) қысымды өлшеу кезінде жиі қолданылады. Сұйық ішіндегі екі нүктенің қысым айырмашылығын табу үшін (мысалы екі ыдыстағы немесе бір құбыршаның) түтік (ішіндегі тек әр түрлі нүктедегі) арқылы, дифференциалды манометр қолданылады.
Серіппелі манометрлер мембраналы және түтікшелі болып бөлінеді. Мембраналық манометрдің негізгі бөлшегі ирек-ирек (V) мембрана. Қысым өлшеу кезінде, барометрлік қысымнан артық болса, V мембрана майысады да, көрсеткіш межелік (шкала) қозғалады. Түтік манометрдің жүмыс істеу тәртібі негізгі бөлшегі - түтік (К), қысым артқанда түтік жазылыңқырайды да нұсқар (стрелка) жылжиды (2 .8-сурет).
2.8-сурет. Пластинкалы манометр
Ваккуметрлік қысымды ваккуметрмен өлшейді. Өте көп тараған түрлері: сұйықты және серіппелі түрлері.Сұйықты ваккуметр - түтікшесінен тұрады, ол ваккуметрлік қысым өлшегіш ыдыспен жалғасқан (S), ал басқа бөлігі (түтікшенің) ыдыстағы тығыздығы белгілі сұйықпен жалғасқан.
Т - түтікшесіндегі, К - нүктесіндегі гидростатикалық негізгі теңдеуін жазамыз:
Бұдан:
немесе
Сонымен сұйықтың тығыздығымен һвак білсек, онда Рвак табуға болады. Серіппелі ваккуметрдің жұмыс істеуі серіппелі манометрмен бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |