Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру


Гидравликалық машиналарға гидростатиканың зандарын қолдану принципі



бет13/102
Дата24.11.2023
өлшемі2.17 Mb.
#484320
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102
книга ПАХТ (3)

Гидравликалық машиналарға гидростатиканың зандарын қолдану принципі
Қарапайым гидравликалық машиналардың, гидропресс, гидроаккумуляторлар және гидрокөтергіштердің жұмыс істеу принципі гидростатиканың заңдарына негізделген.
Әр түрлі бұйымдарды өңдеу, жасау кезіндегі қажетті өте жоғары сығу күшін - гидропресті пайдалану арқылы жүргізіледі (металдарды соғу, қалыптау, престеу). Оның негізгі құрамы - екі бір-бірімен жалғасқан кіші диаметрлі d1 және үлкен диаметрлі d2 поршеньді цилиндрлер.

2.12-сурет. Гидропресс

Бірінші поршень қозғалмайтын тобықшалы-тіреуішті иінтірек нөлге жалғасқан. Екінші поршень (плунжер) платформасымен бір тұтас дене, оған престейтін денені қояды. Иінтірек қолмен немесе қозғалтқыш арқылы жұмыс істейді. Иінтіректің тепе-теңдігін қарастыра отырып нөл нүктесінде момент тендеуін құрамыз да, табамыз:



Кіші поршеньдегі қысым үлкен поршеньге беріліп, үлкен поршендегі қысым күшін:

Немесе қимылдаушы бөлшектерінің үйкелістен энергиясының жоғалуын есептегенде, пайдалы өсер коэффиңенті (ПӘК) = 0,80,...0,85, онда



табамыз.
Соңғы кезде шыққан гидропрестер арқылы өте жоғары сығу күшін алуға болады. Егер гидропресті гидрокөтергіш ретінде пайдаланатын болса, онда қимылдайтын тақтаны алып тастайды.
Гидроаккумулятор құрылымы энергияны бір жерге шоғырландырып жинауға арналған, қажетіне қарай оны пайдаланады. Оны өте ауыр жүктерді көтеруге, шлюздің қақпағын ашып-жабу үшін қолданылады.
Жүк көтергіш гидроаккумулятордың негізгі құрамы - тіке цилиндр, оның ішіндегі ұзын плунжер өте үлкен салмақты жүкпен жалғасқан (2.13-сурет).

2.13-сурет. Гидроаккумулятор

Гидроаккумуляторларға сұйық сорғышпен сұйықты айдамалау арқылы плунжердегі жүкті жоғары Н биіктігіне көтереді. Гидроаккумулятордағы сығылған сұйық қысымы бәсеңдеу дәрежесіне байланысты болмайды да, гидравликалық машинаның төменгі құбырымен жалғасып, тұрақты жұмыс істеуін қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет