Меншікті булану жылуы берілген сұйықтың бірлік массасы қайнау температурасында буға айналдыруға қажет жылу мөлшерін көрсетеді. Массасы m сұйықты буландыру үшін қажет жылу мөлшері мына формуламен анықталады:
Кейбір заттардың меншікті булану жылуы, Дж/кг. Меншікті булану жылуы конденсацияның меншікті булану жылуына тең.
1 кг кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін жұмсалатын Q жылу мөлшерін осы затттың меншікті балқу жылуы деп атайды және λ деп белгілейді.
Кейбір заттардың меншікті балқу жылуы, Дж/кг.
Балқу температурасында сұйық күйдегі заттың ішкі энергиясы, массасы осындай қатты күйдегі заттың ішкі энергиясынан артық. Заттың m массасын балқытуға қажет жылу мөлшері.
Q=
Массасы m зат қатайғанда осындай жылу мөлшері бөлінеді.
Қаныққан және қанықпаған булар
Сұйық ашық ыдыста қалдырылса, онда оның булану қабілетін білесіңдер.Демек булану қарқындылығы бірнеше шарттарға байланысты болады. Егер сұйық жабық ыдыста орналасса, онда оның булануы басқаша сипат алады. Процестің басында сұйықтан ұшып кеткен молекулалардың саны оған қайтып оралған молекулалардың санынан көп болады. Судың бетінде бу молекулаларының концентрациясы артады. Бірақ сұйықтан ұшып кеткен бөлшектердің саны неғұрлым көп болса,сұйыққа қайта оралатындарының саны соғырлұм көбейеді. Ақырында, уақыт бірлігінде сұйықтан ұшып шыққан молекулалардың саны сол уақыт ішінде оған қайта оралған молекулалардың санына тең болатын сәт туады. Бұл күй бу мен сұйықтың динамикалық тепе-теңдігі деп аталады. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды. Берілген температурада қаныққан будың бірлік көлемінегі молекулалардың саны ең көп болатындықтан, ол ең көп қысым түсіреді. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған будеп атайды. Басқаша айтқанда булану конденсация басым болғанда, сұйықтың бетіндегі бу қанықпаған болады.Қанықпаған будың тығыздығы қаныққан будың тығыздығынан кем болады.
Есептер шығару.
1. Қайнау температурасында сұйық аммиакты газға айналдыру үшін 7*10 Дж энергия жұмсалады. Аммиактың массасы неге тең?
2. Массасы 11кг қорғасынды балқытуға 275 кДж энергия жұмсалады. Қорғасынның меншікті балқу жылуын есепте.
3. Массасы 4кг балқу температурасындағы қалайыны балқытуға қанша энергия жұмсалады? λ=59 кДж/кг
4. Балқу температурасындағы мұзды балқытуға жұмсалған энергия 660 Дж-ге тең.Балқыған мұздың мөлшері қандай? λ=330 кДж/кг
5. Балқу температурасында алынған 100 кг темірді сұйық күйге айналдыру үшін қажетті энергияны анықтаңдар.
6. 200С –тағы 200 г нафталинді балқу нүктесіне дейін жеткізіп , оны балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет?
7. 270С-та 250г қорғасынды қыздырып , оны балқыту үшін 2,4 ккал жұмсалды. Осы жылу мөлшері қорғасынды толық балқыта ма?
8. Балқу температурасында алынған, массасы 4 кг қорғасынды балқытуға қажет жылу мөлшері? (Жауабы: 1)
9. Температурасы 100 0 С массасы 250 г буды суға айналдырғандағы бөлінетін жылу мөлшері неге тең? () (Жауабы: 575 кДж)
10. Көлемі 0,25м3 керосин толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері қандай? (Керосиннің меншікті жану жылуы 3).
Достарыңызбен бөлісу: |