Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет98/102
Дата24.11.2023
өлшемі2.17 Mb.
#484320
түріҚұрамы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
книга ПАХТ (3)

Өндіріс тәсілі -шикізаттың одан өнім алуға дейін өтетін барлық операциялардың жиынтығы.
Химия-технологиялық жүйе (ХТЖ) -жоғары сапалы және керекті мөлшердегі өнім алу үшін қолданылатын физико-химиялық процестердің және оларды жүзеге асыруға қолданылатын құралдардың жиынтығы.
Химиялық өндіріс -тиісті аппараттар мен машиналарда жүргізілетін, үнемді тәсілдермен шикізаттардан өнеркәсіп өнімдерін алуға бағытталған операциялардың жиынтығы.
Аппарат -процесті жүзеге асыратың құрылғы (қондырғы).
Үрдіс, процесс -қандай да болса нәтижеге жетісу жолындағы бірізді әрекеттердің жиыны.
Ректификация -сұйық пен газдың (қарама-қарсы) жанасуы арқылы өнім беру.
Абсорбция -газдардан немесе сұйық заттардан керек емес заттарды сіңіріп алу.
Адсорбция -қатты затпен сіңіріп алу.
Кристалдау *қандай да бір қатып қалған заттан бөліп алу.
Процестің жылдамдығы -процесс нәтижесінің уақыт бірлігіне қатынасы.
Процестің қарқындылығы -процес жылдамдығының аппараттың бетіне қатынасы.
Гидравлика (гр. hydraulicos, hydor Су, aulos -түтік) -сұйықтықтардың қозғалысын және тепе-теңдік зандарын зерттеу мен оларды іс жүзінде пайдалану тәсілдерімен шұғылданатын ғылым саласы.
Гидростатика -гидромеханиканың сұйықтықтардың тепе-теңдігін және қимылсыз тұрған сұйыққа батырылған дененің әсер етуін зерттейтін бір бөлімі.
Гидродинамика (гидро және динамика) -гидроаэромеханиканың сығылматыын сұйықтықтың қозғалысын және оның өзімен шекаралас орналасқан қатты денемен әсерлесуін зерттейтін бөлімі.
Кинематика (гр. kіnma, kіnmatos -қозғалыс) -механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі.
Сұйық дегеніміз -физикалың дене, оның бөлшектері өте қозғалғыш келеді де, аққыш және сыртқы күш әсерінен өзінің формасын өзгерте алатын қасиеті бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет