Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері


Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)



бет13/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):

  1. Бейсу ерiтiндiлерi қалай жiктеледi?

  2. Ұшқыш бейсу ерiткiштерiне сипаттама берiңiздер?

  3. Ұшқыш бейсу ерiткiштерiн пайдаланып ерiтiндiлердi дайындау технологиясының ерекшелiктерi неде?

  4. Егер рецепте спирт концентрациясы көрсетiлмесе қандай концентрациядағы спирт босатылады?

  5. Спирттiң концентрациясын сұйылту және қойылту жолдары?

  6. Ұшпайтын бейсу ерiткiштерiне сипаттама берiңiздер?

  7. Ұшпайтын бейсу ерiткiштерiн қолданып ерiтiндiлердi дайындау ерекшелiгi неде?

  8. Ұшпайтын бейсу ерiткiштерiн қолданып ерiтiндiлер алуды қандай факторлар жылдамдатады?

  9. Бейсу ерiтiндiлерiнiң сапасын және технологиясын жетiлдiрудiң қандай жолдарын бiлесiз?


Дәріс № 4
1. Тақырыбы: Жоғары молекулалық қосылыстар ерітінділері. Коллоидтық ерітінділер. Технологиясының ерекшіліктері.
2. Мақсаты: студенттер дәрілік және қосымша заттардың физика – химиялық қасиеттеріне және нормативті құжаттардың талаптарына сай ЖМҚ және коллоидты заттардың ерітінділерін теория жүзінде дайындауды және сапасын бағалауды меңгеруі керек.
3. Дәріс тезистері:

  1. ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы.

  2. Шексіз ісінетін ЖМҚ ерітінділері.

  3. Шекті ісінетін ЖМҚ ерітінділері.

  4. Коллоидты ерітінділер. Анықтамасы. Сипттамасы. Қасиеттері.

  5. Қорғалған коллоидты ерітінділер. Жеке технологиясы.

  6. Жартылай коллоидты ерітінділер.

ЖМҚ ерітінділері. Анықтамасы. Сипаттамасы. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) - бұл молекулалық салмағы бiрнеше мыңнан миллионға дейiн және одан да жоғары болатын заттар. Қазiргi кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады. Жоғары молекулалық қосылыстардың жiктелуi: алыну әдiсiне байланысты (табиғи жоғары молекулалық қосылыстар, синтетикалық және жартылай синтетикалық жоғары молекулалық қосылыстар); жоғары молекулалық қосылыстар қолданылуы бойынша (дәрiлiк заттар; көмекшi заттар (негiздер немесе жағар майлар мен суппозиторийлер үшiн негiз компонентi, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, консерванттар, орамдаушы және тығындаушы материалдар және т.б.); ісiну қабiлетi бойынша (шексiз iсiнетiн; шектi iсiнетiн); жоғары молекулалық қосылыстарды молекула түрiне қарай екi топқа бөледi (сфералық (ақ уыздар) және тiзбектi (крахмал, целлюлоза туындылары) құрылысты). ЖМҚ еруi алдын-ала жүретiн iсiну процессiмен сипатталады. Iсiну – төмен молекула ерiткiштi сiңiру арқылы, жоғары молекулалы заттың көлемiнiң ұлғаюымен өздiгiнен жүретiн процесс. Ісiну процессiн екi сатыда өтетiн процесс ретiнде қарастыруға болады:бірінші саты - сольватация-гидратация (жылу бөле) жүредi; екінші саты - iсiну (сұйықтық жылу бөлiнусiз жұтылады). Ерiткiш диффузиялы түрде молекула жiптерiнiң арасына енедi. Бұл сатыда ерiткiштiң көп мөлшерi жұтылып, iсiнген ЖМҚ көлемi 10-15 есеге бiрден ұлғаяды. Бiрақ iсiну процессi әрқашан толық ерумен бiтпейдi, iсiну шектi немесе шексiз болады. Iсiну көлемiне әртүрлi факторлар әсер етедi. ЖМҚ ерiтiндiлерiнiң технологиясының сатылары: ерiту, сүзу, орамдау, безендiру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет