Дәріс – 1 Кіріспе. Метеорологиядағы жаhандық және аймақтық өзгерулерге жалпы шолу



бет7/9
Дата03.02.2023
өлшемі124 Kb.
#469126
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 2023 (1)

Дәріс 8
Шаруашылық және экологиялық мәселелерді анықтаушы негізгі факторлардың бірі ретінде Қазақстан үстіндегі климат және циркуляциялық жағдай

Қоңыржай ендіктердің шөл және шөлейт зонасындағы вегетацияның ерекшелігі-ол құрғақ және ыстық жазбен көктемгі және күзгі болып екі бөлікке бөлінеді. Жауын-шашынның жоғарғы мөлшері жауып, топырақта қыстан қалған ылғал қоры жеткілікті болғандықтан негізгі вегетация көктем кезеңіне келеді. Осылай, шөлді аумақ тек мал жайылымдықта пайдаланылғандықтан вегетацияға негізгі әсер етуші факторлар су және бұлт ресурстары қызығушылық туғызады.


50° с.е. оңтүстік және оңтүстікке қарай циркуляция, сәйкесінше жауын-шашынның режимі де айтарлықтай өзгеше болады. Осы ендіктен оңтүстікте жауын-шашынның негізгі максимумы көктемде байқалса, екіншісі күзде, негізгі минимумы жазда, екіншісі көктемде орын алады. 50° с.е. солтүстікке қарай жауын-шашынның максимумы, сәйкесінше вегетациялық кезең де жазға, маусым-шілде айларына сәйкес келеді. Осы аумақтағы қыс кезіндегі түсетін жауын-шашынның мөлшері жылдық жиынтықтың 10% ғана құрайды. Жауын-шашынның жыл бойынша мөлшерінен артпай, тек вегетациялық кезеңде мол жауы Солтүстік Қазақстан аумағында егіншілікпен айналысуға мүмкіндік туғызады.


Дәріс 9
Каспий теңізінің гидрометеорологиясы және экологиялық мәселелері

Теңіздер мен ірі суқоймалардың көршілес жатқан аймаққа әсерін бағалау осы күнге дейін аз зерттелген. Осының негізгі себебі болып акваториялар бойынша тұрақты метеорологиялық бақылаулардың жүргізілмеуі табылады. Нәтижесінде құрлық бойынша метеорологиялық мәліметтер жеткілікті болса да, оларды ештемемен салыстыруға келмейді.


Осы жағдайда жағалауларда қондырылған метеорологиялық радиолокаторлардың (МРЛ) мәліметтері бағалы болып табылады. Бұндай МРЛ-дер 300 км радиуста құрлықта да, теңіз үстінде де бақылаулар жүргізуге мүмкіндік береді. Әдетте жыл мезгіліне байланысты мәліметтерді 180…240 км қашықтықта алуға болады. Сонымен қатар, радардың бұлттылықты бақылау мүмкіндіктері 100 км кейін ақырындап азаяды, бұл мәліметтерді статистикалық өңдеуде қиындықтар тудырады. Бұл мүмкіндіктер құрлық үстінде де, теңіз үстінде де азаяды, бұл алынған мәліметтерді салыстыруды жеңілдетеді.
Шевченко (Ақтау) станциясында метеорологиялық радар Каспий теңізінің шығыс жағалауында аттас порттың территориясында, су атурабында орналатылған. Сексенінші жылдардың соңында радар пайдаланылып, бірнеше жылдың мәліметтері жинақталды. Кейін экономикалық мәселелерге байланысты оның жұмысы тоқтатылып, мүлде қолданыстан алынып тасталды. Алынған мәліметтерді жиып, теңіздің бұлт және жауын-шашынның таралуына әсерін бағалау маңызды қызығушылық туғызды.
МРЛ бақылау ауданындағы жауын мен бұлттылықтың кеңістіктік таралуын қарастырайық. МРЛ орналастыру арқылы алынған мәліметтер Каспий теңізінің шығыс жағалауына тән жауын-шашын мен бұлттылықтың кеңістіктік-уақыттық таралуын бақылап, сандық бағалауға мүмкіндік берді.
Маусымдардың ортаңғы айларындағы бұлттылықтың таралуына тұрғызылған карта-схемалар біршама ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, қаңтарда бұлттылықтың басым бөлігі теңіз үстінде байқалады. Оның ең жоғарғы қайталанушылығы да теңіз үстінде байқалады. Бұлттылықтың жоғарғы шекарасы 1-3 км биіктікте байқалады. Теңіз үстінде де жауын-шашынның ең көп бөлігі байқалады. Мәліметтерді талдау кезінде қаңтарда бұлттылықтың қатпарлы және қатпарлы-будақ түрлері байқалып, жылы теңіз үстінде ол шамалы жауын-шашын береді. Бұл бұлттылық құрлыққа шыға азградиентті барикалық алқап кезінде бұзылып, соған қарамастан құрлық үстінде жауын-шашын беріп үлгереді.
МРЛ оңтүстігінде су жылырақ болғанда бұлттылық мөлшері солтүстігіне қарағанда көбірек. Жазда төменгі бұлттылық сирек болып, тек таңертеңгі сағаттарда байқалады.
Сәуірде, тек сәйкесінше аэросиноптикалық жағдайлар орнағанда аймақта теңіз, сонымен қатар теңіз үстінде де конвективті бұлттылық байқалады. Сәуірде төменгі шекарасы 4 км дейін бұлттылық теңіз үстінде, 5 км биік құрлық үстінде байқалады. Шілдеде 6 км төмен бұлттылық құрлықта, 6 км жоғары теңіз үстінде басым. Қазанда жоғарғы шекарасының биіктігі төселме беткейдің типіне байланысты, бірақ теңіз үстінде бұлттылық жиірек. Бұл айларда теңіз аумақтағы синоптикалық процестерді күшейтіп немесе әлсіретеді, ал тікелей әсері ретінде бұлттылық пен жауын-шашынның қалыптасуы әлсіреп, тек таңертеңгі уақыттарда теңіз үстінде төменгі бұлттылықтың дамуымен сипатталады, олар құрлыққа да тарала бастайды. Бұлттылықтың тәуліктік жүрісінде экстремумдары құрлық және теңіз үстінде де сәйкес келеді. Бұлттылықтың қайталану максимумы қаңтарда Гринвич бойынша 06 сағатқа келеді, бұл оның құрлыққа көшіп, онда бұзылуына әкеледі.
Әр айдағы максимумдар әр түрлі уақытта байқалады. Қаңтарда-бұл 06 сағ., сәуірде- 06-12 сағ., шілде мен қазанда 18-21 сағ., яғни максимумдар «теңіз/құрлық» қатынасындағы температура айырмашылығы ең көп уақыт мерзіміне сәйкес келеді. Қыста мұндай қолайлы жағдай теңіз үстінде, сәуірде құрлық үстінде талтүсте, шілдеде құрлық үстінде түнгі уақытта байқалады.
Қазанда салыстырмалы жылы теңіз үстінде атмосфераның тұрақтылығы аз болса, құрлықта ауа массаларымен алмасу жүреді. Әр түрлі айларда бұлт қалыптасуға құрлық немесе теңіз қолайлы болады, осы екеуінің әсерлесуі арқасында тәуліктік жүрісіндегі максимум бірдей байқалады.
Теорияға сәйкес келмей, жауын-шашынның максимумы теңіз үстінде байқалады. Бұл қыстағы аз градиентті алап аудандарында қалыптасатын бұлттылыққа байланысты болады. Теңіз үстіндегі жауын-шашынның мөлшері әр түрлі есептеулер бойынша 10,33 мм, яғни құрлықпен салыстырғанда 44% артық, бірақ ең сәйкес келетіні 35% немесе 55 мм болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет