Дәріс № Гидравлика және өртке қарсы сумен жабдықтау пәніне кіріспе Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі19.12 Kb.
#450167
түріСабақ
  1   2
Дәріс 1. Гидравлика және өртке қарсы сумен жабдықтау.


Дәріс № 1. Гидравлика және өртке қарсы сумен жабдықтау пәніне кіріспе

Сабақтың мақсаты - өрттен материалдық құндылықтар мен адамдарды қорғауда, өрттің алдын алуда, өрт автоматикасын тиімді қолдану барысында білім алушылардың білімділік дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар:

1.Гидравлика нені зерттейді

2.Өртке қарсы сумен жабдықтау
Гидравлика грек тілінен аударғанда хрюдор-су, аулос-құбыр деген мағына береді. Гидравликаның негізі болып гидромеханика алынған, математиканың негізгі заңдары болып саналады. Осы заңдылыққа сүйене отырып гидравлика- гидравликалық машиналар мен механизмдердің, тыныштықтағы және қозғалыстағы сұйықтардың практикалық қолданылуын қарастырады.

Гидравликаны 2 бөлімге бөледі: гидромеханика негіздері және практикалық гидромеханика. Ал гидромеханика: гидростатика мен гидродинамикадан тұрады. Гидростатика— бұл гидромеханиканың бөлімі, сұйықтардың тыныштықтағы яғни, тепе-теңдіктегі заңдылығын (статика в переводе с греческого — покой); ал гидродинамика — сұйықтардың қозғалысын, құбыр бойымен жылжыуын зерттейді. (динамика в переводе с греческого—движение).

Өрт қауіпсіздігінде ГД-ның алатын орны өте жоғары. Өрт қауіпсіздігі мамандары үлкен сыйымдылықтағы ыдыстар мен құбырлармен суды тасымалдауда, оны алыс қашықтыққа жеткізуде, өртФ сорғыларының түрлерін (насос) таңдағанда, оларды тасымалдағанда, сумен қамтамасыз ету көздерін (яғни суқоймалары, су жүретін желілер, өртке қарсы су сақтайтын орындар) тасымалдағанда, олардың құрылысын жүргізгенде, олардың (мамандардың) алдында көптеген жұмыстар тұрады.

Өрт гидравликасының алғашқы жұмыстары өте ертеде пайда болды. Ол Фриман, Люгер, Зиминнің еңбектері болды. Зимин сумен жабдықтау, су жеткізу саласында қызымет еткен орыстың атақты ғалым- инженері болды. Оның басшылығымен өрт сөндіруге арналған су құбырларының проектілерін жасау жұмыстары жүргізілді. Зимин ең алғашқы «Москвалық үлгідегі өрт гидранты» атты алғашқы, ең сенңімді өрт гидрантын ойлап тапты. Оған М деген белгі қойылатын болды, онан кейін Ленинградтық үлгі шықты, оған Л деген белгі қойылды. 1938 жылы Советтер Одағында өртке қарсы қорғаныстың Орталық ғылыми-зерттеу институты ашылды, ол өртке қарсы жұмыстардың, оның ішінде өрт гидравликасы обылысында ғылыми жұмыстарының орталығы болды. Гидравлика және сумен қамтамасыз ету саласының профессоры В.Г.Лобачевтың басшылығымен көптеген жұмыстар орындалып, су жүйесі желілерінің экономикалық есептері жасалып, ол гидравликаны өртке қарсы жұмыстарда қолданудың ғылыми негізін салды.

Гидравлика әр түрлі сұйықтың тепе-теңдік жағдайы мен оның қозғалу (ағу) заңдылығын зерттейтін инженерлік ғылым, практикада түрлі инженерлік-техникалық есептеулер кезінде қолдану тәсілдерін қарастырады.
Гидростатика сұйықтың тыныштықта тұрғандағы тепетеңдігі мен қатты дененің сұйыққа түгелімен немесе жартылай батқан кездегі сипатын зерттейді.
Кинематика сұйық қозғалысының (ағынының) геометриялық көрсеткіші мен уақыт ішіндегі (жылдамдығы мен үдеуі) жағдайын зерттейді.
Гидродинамика сұйық қозғалысының заңдылығын және оған түсетін барлық күш әсерімен бірге зерттейді.

Гидравлика мына пәндермен тығыз байланысты: физика, жоғарғы математика, теориялық механика, материалдар кедергісі ғылымдары, сонымен қатар сұйықтық турбина жобалаудың, сұйық сорғыштың, гидравликалық машиналардың, сумен қамтамасыз етудің, жер суландырудың және жер құрғату сияқты ғылым салаларының негізгі базасы болады. Барлық техника саласында гидравликалық қондырғылар пайдаланылады, оларға гидравлика заңын қолданады.


Гидравликаның зерттеу объектісі — сұйық, табиғатта сұйықтың 4 агрегатты күйі қатты, сұйық, газ түрінде және плазмалы болып бөлінеді. Сұйықтың негізгі қасиеттеріне өте төменгі температура мен жоғары қысым кезінде, қатты дене қасиетінде болатындығын (мұз), ал өте жоғары температура мен ең төменгі қысым кезінде газ түріндегі қасиетіне айналатындығын (бу) жатқызуға болады.
Сұйық дегеніміз - физикалық дене, оның бөлшектері өте қозғалғыш келеді де, аққыш және сыртқы күш әсерінен өзінің формасын өзгерте алатын қасиеті бар. Сұйықтар сығылатын (газ түрлі) және қысылмайтын немесе өте аз сығылатын (тамшылы) болып бөлінеді.
Сұйық қозғалысының заңдылығын зерттеуді жеңілдету үшін идеалды (қиялды) және реалды (нақтылы) сұйықтар деп екіге бөлінеді.
Идеалды (қиялды) - тұтқырсыз сұйық, бұл сұйықта үйкеліс күші мен жанама кернеу күші болмайды да, сыртқы күш әсерінен оның көлемі өзгермейді.
Реалды (нақтылы) - тұтқырлы сұйық, табиғатта кездесетін сұйық қысымымен температураның әсерінен көлемі өте аз өзгереді. Сондықтан гидравликада нақтылы сұйықты абсолютті сығылмайтын дене ретінде зерттейді.
Гидравлика ашық арналардағы (канал, өзен жоне т.б.) су ағысының жылдамдығын, су өтімін зерттейді. Гидравликаның негізгі зандары гидротехника, мелиорация, жылумен және газбен жабдықтау, канализация,гидроэнергетика, су көлігі салаларында пайдаланылады. Сұйықтық пен газдарды тасымалдау және оларды әр түрлі мақсаттарға пайдалануға гидравликаның іс жүзінде маңызы зор.

Материалдық құндылықтарды жойып, адам өміріне қауіп төндірумен қоса жүретін бақылаусыз жану процесі – өртпен күресу үшін адамдар ертеден суды пайдаланған.

Сумен жабдықтау тарихы мыңдаған жылдардар бұрын басталған. Елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындарды сумен жабдықтаудың дамуымен қатар, олардың өртке қарсы сумен жабдықталуы да жақсара түседі. Тұрғын үй, әкімшілік, қоғамдық және өндірістік ғимараттар біріктірілген шаруашылық өрт сөндіру су құбырымен жабдықталады. Көп қабатты ғимараттарда, театрларда, биік өндірістік ғимараттарда арнайы өртке қарсы су құбыры орнатылады.

Соңымен қатар, елді мекендер мен өнеркәсіптік объектілерді өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін іс- шаралар қарастырылады.

Өртке қарсы су құбырларындағы шығындар мен арындарды есептеу, өрт сөндіруге судың берілу сенімділігін қамтамасыз етудің, жоғары қысымды өртке қарсы сыртқы арнайы су құбырларының, ғимараттардың ішкі өртке қарсы сумен қамтамасыз ету нормалары мен есептеу әдістері сипатталады. Жобалық материалдарды сараптау, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерін тексеру әдістемелері беріледі.

Елді мекендердің, өндірістік өнеркәсіптердің, әр түрлі көп қабатты ғимараттардың сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларына қойылатын жаңа талаптар ескеріледі.



Үй тапсырмасы:

  1. Лекцияны оқып, меңгеру

  2. Архимед заңы қалай тұжырымдалады?

  3. Тұтқырлықтын анықтамасын беріңіз

  4. Қаныққан бу қысымы деген не?

  5. Қайнаудың анықтамасы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет