Дәріс № Кіріспе. Материалдар кедергісі ғылымының негізгі жорамалдары


Орнықтылық деп конструкцияның немесе оның элементтерінің белгілі алғашқы серпімді тепе-теңдік күйін сақтау қабілетін айтады. Орнықтылыққа есептеу



бет2/10
Дата07.10.2024
өлшемі158.9 Kb.
#504388
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 дәріс материалдар қарсыласуы

Орнықтылық деп конструкцияның немесе оның элементтерінің белгілі алғашқы серпімді тепе-теңдік күйін сақтау қабілетін айтады.
Орнықтылыққа есептеу ұзын немесе жұқа тетіктердің төтеннен майысуы жəне орнықтылығын жоғалтуы мүмкіндігін қақпайлайды.
Материалдар кедергісі – экспериментті-теориялық ғылым жəне осы циклдегі басқа пəндерден айырмашылығы – ол ықшамдалған жорамалдар мен қарапайым математикалық аппараттарды қолданады. Материалдар кедергісі əдістерімен алынған есептердің шешімдері, əдетте, іс жүзінде қолдануға ыңғайлы, қарапайым формула түрінде өрнектеледі. Сонымен қатар олардың нəтижелерінің жуық шама жəне қолдану аймағының шектеулі болатынын естен шығармау керек.
Нақты объектілер көптеген жағдайда күрделі пішінді болып келеді, ал бірақ та оларды жекеленген элементтерден, мысалы, білеуден, пластинадан, қабыршықтан жəне массивтен құрылған деп қарастыруға болады.
Материалдар кедергісіндегі негізгі есептеу элементі білеу болып табылады, яғни көлденең қимасының өлшемдері ұзындығынан едəуір кіші дене. Білеулер түзусызықты, қисықсызықты, тұрақты жəне айнымалы қималы болады. Олар конструкцияларда қолданылуына байланысты бағана, арқалық, стержень деп аталады.
Білеудің көлденең қималарының ауырлық центрлерін қосатын сызықты білеу өсі деп атаймыз. Білеу өсіне перпендикуляр жазық қиманы көлденең; білеу (түзусызықты) өсіне параллель – көлденең; басқа жазық қималар – көлбеу қима деп аталады.
Пластина жəне қабықша – қалыңдығы басқа өлшемдеріне қарағанда өте кіші дене, мысалы, резервуар, құбыр, кемелер мен ұшақтардың қаптамасы.
Үш өлшемі өзара шамалас дене массив, мысалы, ғимараттардың іргетастары, плотиналар.
Материалдар кедергісі пəнінде қатаңдығы жеткілікті, аз деформацияланатын, көбінесе көлденең қималары тұрақты, стержень тəріздес жұмыр денелер немесе олардан құрылған қарапайым жүйелер қарастырылады.
Конструкция элементтері кеңістікте белгілі орында жəне бір- бірінен белгілі бір қашықтықта орналасуға тиіс. Ол үшін олардың орны серпімді немесе қатаң байланыстармен бекітілуге тиіс. Серпімді байланыстар бекітілген элементтердің деформацияларымен өлшемдес деформациялана алады. Қатаң байланыстың деформациялары елеусіз болғандықтан ескерілмейді
Байланыстардың түсу нүктелерін тірек нүктелері немесе тірек деп атайды. Бір тірек нүктесінде бірнеше байланыс түсірілуі мүмкін. 15.1, а-суретте топсалы жылжымайтын жəне топсалы жылжымалы тіректер, ал 15.1, b-суретте қатаң бекітілген тірек көрсетілген.


15.1-сурет

Топсалы жылжымалы тіректің – бір, топсалы жылжымайтын – екі, ал қатаң бекітілген үш байланысы бар. Тірекке түсірілген əрбір байланысына, байланыс əсерлерінің бағытында бағытталған тірек реакциялары сəйкес келеді.


15.1-суретте есептеу схемасын таңдаудың жəне тіректердің негізгі түрлері келтірілген.
Сыртқы күш əсері жойылғанда, денедегі деформация да жойылса, ондай деформацияны серпімді деформация деп атайды, ал дененің күш əсері жойылғаннан кейін өзінің алғашқы қалпына келу қасиеті серпімділік деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет