Қалдық немесе пластикалық деформация деп денеде сыртқы күш əсері жойылғаннан кейін де сақталып қалатын деформацияны айтады, ал материалдың қалдық деформация беретін қасиетін пластикалық деп атайды.
Дененің сызықты өлшемдерінің өзгеруін сызықтық деформация, ал бұрыштық өлшемдерінің өзгеруін бұрыштық деформация деп айтады.
Кез келген A нүктесіндегі деформацияны анықтау үшін деформацияланбаған денеге осы A нүктесінен шығатын, кез келген бағыттағы жəне ұзындығы s түзу AB кесіндісін түсірейік. Дене деформациялағаннан кейін A жəне B нүктелері орын ауыстырып,
тиісінше A1 жəне B1 орындарына орналасады, ал нүктелердің
арасының s ұзындығы s шамасына өзгереді (15.2, а-сурет).
s
s
opт
қатынасы AB кесіндісінің орташа салыстырмалы
сызықтық деформациясы деп аталады. B нүктесін A нүктесіне жақындатып, яғни кесіндінің s ұзындығын азайта, шегінде
lim s
15.2-сурет
AB
шамасы A нүктесінің AB бағытындағы салыстырмалы
сызықтық деформациясын білдіреді. Егер A жəне B нүктелерінің
арасы ұлғаятыны белгілі болса, онда
AB
– салыстырмалы ұзару деп, ал осы аралықтың кемуі салыстырмалы қысқару деп аталады
Материалдар кедергісі ғылымының негізгі жорамалдары
Материалдар кедергісінде конструкция элементтерін есептеу күрделі болғандықтан, оны іс жүзінде оңай жəне ыңғайлы түрде шешу үшін материалдардың құрылымы, қасиеттері туралы, деформациялар мен күштер жəне т. б. деректер туралы бірнеше жорамалдар қолданылады.
Бұл жорамалдар ескеріліп алынған есептеу нəтижелерінің дұрыс екені, оларды инженерлік тəжірибеде кеңінен қолдануға болатыны іс
жүзінде дəлелденген. Төменде материалдар кедергісі курсында кездесетін негізгі жорамалдар келтірілген:
Достарыңызбен бөлісу: |