Дәріс № Кіріспе. Материалдар кедергісі ғылымының негізгі жорамалдары



бет5/10
Дата07.10.2024
өлшемі158.9 Kb.
#504388
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 дәріс материалдар қарсыласуы

Күш əрекеттерінің тəуелсіздік принципі. Бұл принцип бойынша денедегі топ күштер əсерлерінің нəтижесі сол топтағы жеке күштердің əсерлері нəтижелерінің қосындысына тең. Яғни күш тобының əсерінен жүйеде пайда болған деформация сол топтағы жеке күштердің əсерлерінен пайда болған деформациялардың қосындысына тең.

  1. Сен-Венан принципі. Бұл принцип бойынша конструкция элементінің сыртқы күш түсірілген жерінен жеткілікті қашықтықта жатқан қималардағы нүктелерде пайда болатын кернеулер мен деформациялар сыртқы күштің түсіру əдісіне байланысты емес.

Осы принципке арқа сүйеп, көптеген


15.3-сурет

жағдайда бір күш жүйесін оған статикалық эквивалентті басқа күш жүйесімен алмастыруға болады, нəтижесінде есепті шешу жеңілдейді. Мысалы, көп тіректі теміржол рельсінің есептеу схемасын құрғанда, дөңгелектен рельске кішігірім аудан арқылы берілетін бірқалыпсыз таралған күшті нүкте арқылы берілетін қадалған күшпен ауыстыруға болады (15.3-сурет).


    1. Сыртқы күштер жəне олардың жіктелуі

Материалдар кедергісі есептерін шешкенде, ең алдымен конструкция элементтеріне əсер ететін сыртқы күштің шамасы мен түсу сипатын анықтап алу қажет. Белгілідей, сыртқы күш деп денелердің бір-бірімен əсерін, демек, сол конструкция элементтерінің өзара əсерін айтады. Сол сияқты берілген конструкция элементінің басқа денемен əсері қарастырылған элемент үшін сыртқы күш болып табылады. Мысалы, шамға құйылған жермайдың салмағы шам орнатылған тұғырға түседі, одан тұғырдың аяқтары арқылы іргетасқа түседі. Элементтің өз салмағы да сыртқы күшке жатады.


Сыртқы күштер көлемдік жəне беттік болып бөлінеді. Беті арқылы берілетін сыртқы күшбеттік, ал көлемі арқылы берілетін сыртқы күш көлемдік күш деп аталады.
Беттік күштер қадалған немесе таралған күш болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет