Дәріс № Кіріспе. Материалдар кедергісі ғылымының негізгі жорамалдары



бет6/10
Дата07.10.2024
өлшемі158.9 Kb.
#504388
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 дәріс материалдар қарсыласуы

Қадалған күштер деп конструкция элементтеріне өз өлшем- дерімен салыстырғанда өте шағын аудан арқылы берілетін күштерді жəне моменттерді айтады (15.4, а-сурет). Мысалы, тісті берілістегі тістердің бір-біріне əсері. Ауданның өте шағындығына байланысты қадалған күш əдетте денеге нүкте арқылы беріледі деп есептелінеді. Қадалған күштің өлшем бірлігі – ньютон (Н), килоньютон (кН),

меганьютон (МН). Моменттің өлшем бірлігі – ньютон (Нм),
килоньютон (кНм), меганьютон (МНм).



15.4-сурет



Таралған күш деп не элементтің барлық көлеміне (көлемдік күш), не белгілі бір ауданға (жазықтық күш), не белгілі бір ұзындыққа (сызықтық немесе бойлық жүк) үздіксіз түсірілген күшті айтады (15.4, b-сурет). Ол қарқындылығымен сипатталады. Қарқындылық деп күштің бірлік көлемге немесе бірлік ауданға немесе бірлік ұзындыққа түсірілген шамасын айтады. Қарқындылық латынша q
əрпімен белгіленеді, сəйкесінше таралған күштердің өлшем бірлігі:

көлемдік күш –
Н/м3 ,
кН/м3 ,
МН/м3 ; жазықтық күш
Н/м 2 ;
кН/м2 ,

МН/м2 ;сызықтық немесе бойлық күш –
Н/м ;
кН/м ,
МН/м .

Бұл күштер таралу заңдылықтарына байланысты біркелкі таралған тұрақты жəне бірқалыпсыз таралған айнымалы күштер деп жіктеледі. Біркелкі таралған тұрақты күштің кез келген нүктедегі қарқындылығы өзара тең, ал бірқалыпсыз таралған айнымалы күштің қарқындылығы əртүрлі.
Денеге тұтас көлемі арқылы берілетін күштер қатаң түрде үздіксіз біркелкі тараған деп қарастырылады.
Көлемдік күшке мысал ретінде дененің салмағын, жазықтық күшке – будың қазан қабырғасына қысымын, сызықтық күшке – ені ұзындығынан өте аз арқалыққа ұзына бойлы түсірілген күшті келтіруге болады.
Сыртқы күш əсер ететін уақытына байланысты да екі топқа бөлінеді: тұрақты күш жəне уақытша күш.
Тұрақты күш деп мөлшері мен бағыты өзгермейтін күшті айтады. Егер денеге түскен күштердің шамасы немесе бағыты уақытқа байланысты өзгеріп отырса, ондай күштерді айнымалы күштер деп атайды.

Сыртқы күштерді статикалық жəне динамикалық күштер деп те топтастыруға болады.
Статикалық күш деп өзінің шамасын немесе түсу нүктесін баяу жылдамдықпен өзгертетін, осы жағдайда туындауы мүмкін үдеуді ескермеуге болатын күшті атайды. Мұндай күш əсерінен конструкцияның жəне оның элементтерінің тербелісі мардымсыз аз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет