Кернеулі күйі деп аталатын, жүктелген стержень материалы жағдайының ең маңызды сипаттамасы болып ішкі күштердің қарқындылығы, яғни серпімді күштердің қима ауданының бірлігіне шаққандағы шамасы есептеледі. Бұл шама кернеу деп аталады. Материалдың кернеулі күйін зерттеу, яғни жүктелген конструкция элементтерінің кез келген қимасындағы кернеуді анықтау материалдар кедергісінің ең маңызды есептерінің бірі болып табылады.
Серпімді күштердің таралу заңдылығын зерттеу үшін, қима бетіндегі кез келген нүкте төңірегіндегі, ауданы шексіз кіші dA болатын элементар қиманы бөліп алайық. Осы элементар қимаға түсетін серпімді күштердің тең əсерлі күші dR бас вектор болсын делік (15.7, а–сурет). Бас вектор dR -дің шексіз кіші аудан dA -ға қатынасы жүргізілген қиманың берілген нүктесіндегі толық кернеу деп аталады.
p dR . (15.2)
dA
15.7-сурет
Берілген нүктедегі ішкі күштердің қарқындылығын неғұрлым дəлірек білгіміз келсе, соғұрлым элементар қиманы бөліп алуымыз қажет.
Қарастырылған қимадағы берілген нүктенің кернеуі – векторлық шама, ол бағытымен жəне шамасымен анықталады.
Есептеулерде толық кернеудің орнына оның тік жəне
жанама құраушыларын қолданған ыңғайлы. Толық кернеудің көлденең қима жазықтығына перпендикуляр Ox өсіне түсірілген проекциясы тік кернеу деп аталып, əрпімен белгіленеді, ал қима бетіне түсірілген проекциясы жанама кернеу деп аталып, əрпімен белгіленеді. Осы ұғымды қарастырайық.
Бас вектордың dR x, y, z өстеріндегі проекциялары элементар dN
бойлық жəне
dQ z ,
dQ y
элементар көлденең күштерді береді.
dN ,
dQz ,
dQ y
шамаларын шексіз кіші dA элементар қиманың
ауданына бөліп, берілген нүктенің аудан бірлігіне келетін бойлық жəне көлденең күштердің шамаларын аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |