Буынды жоңқа (опыру жоңқасы) кесу жылдамдықтары аз және кесілетін қабаттың қалыңдығы үлкен қаттылығы орташа металдар мен қорытпаларды (қаттылығы жоғары болатты, жездің кейбір түрлерін) кесу кезінде пайда болады (21.9-сурет, б). Ол кескіш жанындағы тегіс қабырғасы бар таспаны білдіреді, оның сыртқы қабырғасында арасында байланыс жоғалмаған элементтер (кетіктер) айқын көрсетілген.
Жарықшақ жоңқасы (элементтік) морт қорытпаларды (шойын, қола және т.с.с.) кесу кезінде түзіледі және өз араларында байланыспаған кездейсоқ пішінді жеке элементтерден тұрады (21.9-сурет, в). Жарықшақ жоңқасы түзілгенде өңделген бет кедір-бұдыр, кетіктерімен және тіліктерімен алынады.
Иірмелі және буынды жоңқаларды ығысу жоңқалары деп атайды, өйткені олардың түзілуі ығысу кернеулерімен байланысты.
Жарықшақ жоңқасын кейде үзу жоңқасы деп атайды, өйткені оның түзілуі созылу кернеулерімен тудырылған.
Жоңқаның сипаты өңделетін материалдың физика-механикалық қасиеттеріне ғана емес, сонымен бірге кесу режиміне, кескіш құрал геометриясына және бірқатар басқа себептерге де байланысты болады. Жоңқаны бір күйден екіншіге, мысалы буынды жоңқаны жарықшақ жоңқасына ауыстыру үшін, кескіш құрал конструкциясына кейбір элементтерді енгізу қажет: жоңқа бұзғыш құрылғылар, табалдырықтар, бөлгіш бунақтар және т.б., дірілдік немесе үзік кесуді қолдану қажет.
Машина тетіктерінің беттерінің сапасы
Машина тетіктерінің беттерінің сапасы геометриялық көрсеткіштермен және олардың физико-механикалық қасиеттерімен анықталады.
Тетіктердің оны қоршаған ортадан бөліп тұратын беттерін нақтылы беттері деп атайды.
Номиналды тетік беттері – ол сызбада немесе басқа да техникалық құжаттарда сапа көрсеткіштері келтірілген беттері. Өңделген тетіктердің геометриялық көрсеткіштері тетіктің нақтылы беттерінің олардың номиналды беттерінен ауытқу деңгейлерімен сипатталады. Бұл беттердің ауытқуы үш түрлі көрсеткіштермен сипатталады:
1) кедір-бұдырлық (шероховатость) 2) толқындық (волнистость) 3) геометриялық пішіндерінің ауытқуы.
Кедір-бұдырлық деп тетік бетінің белгіленген ұзындықтағы шағын қадамда болып тұратын тегіссіздіктің деңгейі. Кедір-бұдырлық бірнеше негізгі бөліктерден құралатын L ұзындықтағы тетік беттерінде қарастырылады. Негізгі бөліктердің ұзындығы мына қатардан таңдалады: 0,01, 0,03, 0,08, 0,25, 0,80, 2,5, 8,25 мм.
Кедір-бұдырлық жалпы 6 көрсеткішпен бағаланады, ал олардың ішінде жиі қолданылатындары , . – негізгі ұзындықтағы орта сызықтан болған ауытқулардың арифметикалық орта мөлшері. – негізгі ұзындықтағы орта сызықтан болған ауытқулардың 5 жоғарғы және 5 төменгі ауытқуларының орта мөлшері.
Машина тетігінің сапасы деп өңдеудің дәлдігі, яғни оның сызба талабына сәйкес болуын айтады.
Өңдеу сапасы – ол өңделген тетіктің пішінінің, мөлшерлерінің және оның беттерінің өзара орналасу дәлдігі (параллельдігі, перпендикулярлығы және т.б.).
Тетікті өңдеудің оңтайлы дәлдігіне орын алатын ауытқулардың шекті мөлшерлерін тағайындау арқылы қол жеткізіледі. Қолданыстағы шектеулер мен қосылыстардың біртекті жүйесінде өңдеу дәлдігі квалитеттермен бағаланады. Жүйеде 19 квалитет көзделген: 01, 0,1, ...16, 17. Дәлдік мөлшері 01 квалитеттен жоғарылаған сайын төмендей береді.
Белгіленген көрсеткіштерге өңдеу ережесін (режимін) таңдау арқылы және дайындаманы станокта дұрыс орналастырып бекіту арқылы қол жеткізіледі. Өңдеу режимдерінің басты көрсеткіштері: жону қабатының қалыңдығы (t), станоктың бір айналымында (жылжуында) оның бетімен ілгері жылжу мөлшері (s) және жону жылдамдығы (мысалы, станоктың айналу жиілігі, об/мин, сүргінің жылжу жылдамдығы, м/мин).
Машина жасау саласында қоданылатын тетіктер әртүрлі болып келеді. Мысалы, цилиндр пішінді, бұранда түрінде, жалпақ бетті, күрделі пішінді. Осыған байланысты оларды өңдеу үшін әртүрлі әдістер (жону, кесу, тесу..), көптеген станоктар мен аспаптар (кескіштер, тескіштер, фрезалар) қолданылады. Өңдеу үшін қолданылатын станоктар: токарьлық, фрезерлеу, сүргілеу, тазалап өңдеу және т.б топтарға, ал әр топтың ішінде бірнеше ішкі топтарға бөлінеді. Токарьлық станокта цилиндр пішінді тетік беттері (сыртқы және ішкі), фрезерлік станокта – дайындамалрдың түрлі беттерін фрезамен өңдеу, жазық беттерді, тісті дөңгелектерді, ойықтарды және т.б. жұмыстар, бұрғылау станоктарында – тесік тесу, сүргілеу станогында – жазық беттерді, горизонтальды, тартасозу станогында – ішкі цилиндр пішінді кедір-бұдырлығы төмен беттерді қалыптастырып өңдеу түрлері жүргізіледі. Станоктарда өңдеу үшін көптеген аспаптар түрлері қолданылады (кескіштер, фрезалар, бұрғылар және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |