Жылудинамика - макроскопиялық жүйеде жүретін әртүрлі процестердегі жылу әсерлікбен өтетін айналу заңдарын зерттейтін ғылым.
Макроскопиялық жүйе - бұл өте көп бөлшектерден тұратын кез-келген материалдық объект. Макроскопиялық жүйенің өлшемі молекулалар мен атомдар өлшемдерінен әлде қайда көп. Зерттеу тапсырмаларына байланысты жылудинамика жалпы (физикалық), химиялық және техникалық болып бөлінеді.
Техникалық жылудинамика жылу мен жұмыстың өзара айналу заңдылықтарын қарастырады;жылу және тоңазыту машиналарында жүретін жылу, механикалық және химиялық процестердің арасындағы өзара байланысын орнатады, газдар мен булар жүретін процестері және осы денелердің әртүрлі физикалық күйіндегі қасиеттерін зерттейді.
Макроскопиялық жүйенің физикалық қасиетін феноменологиялық және статистикалық әдістермен оқытады. Зерттеудің феноменологиялық әдісі макроскопиялық позицияның құбылысын оқытады,статистикалық әдіс молекуларлық, ішкі молекуларлық заңдылықтарды оқытады.Зерттеудің жылудинамикалық әдісі зат құрылысы туралы моделдік тапсырысты қажет етпейтін феноменология болып табылады.Осыдан шығатын қортынды: жылудинамиканың дедукциялық әдіс арқылы, жылудинамиканың екі негізгі заңын қолдану арқылы аламыз.Техникалық жылу динамикада негізгі түсінік болып жылудинамикалық жүйе саналады.
Жылудинамикалық жүйе деп-бір-бірімен және қоршаған ортамен механикалық, жылулық өзара әрекеттестікте болатын материалдық денелер жиынтығын айтады. Жүйені таңдау өз құзырымызда және ол алға қойған мақсат шартынан тәуелді.
Қоршаған орта - жылудинамикалық жүйеге кірмейтін дене. Жүйені қоршаған ортадан қортынды қабат бөліп тұрады.
Жылудинамика жүйенің күйін макроскопиялық орта статикалық тәуелсіз шамалар жиынтығы күй параметрлері (абсолютті қысым, абсолют температура және меншікті көлем) анықтайды.
Абсолют қысым - бұл орташа уақыт бойынша алынған күшті сипаттайтын шама. Онымен жүйе бөлшектері жүйе толтырылған ыдыстсң қабырға ауданы бірлігіне әсер етеді. Абсолютті қысымды екі прибордың-барометр және манометр(немесе вакуметр) көрсетуі арқылы анықтайды.
Егер,абсолют қысым P ыдыстағы барометрлік Pбар қысымнан көп болса,онда мына формуламен анықтайды:
P=Pбар+Pман (1)
мұнда Рман - манометр көрсеткен қысым.
Егер абсолютті қысым Р ыдыстағы барометрлік Рбарқысымнан аз болса,онда мына формуламен анықтаймыз:
P=Pбар-Pвак (2)
мұнда Pва к- вакумметр көрсеткіші.
СИ жүйесінде қысым Па-мен өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |