Идеал газдың қоспасы
Техникада өздері жеке газдардың қоспасы болып келетін газ тәрізді заттар қолданылады. Жердегі ең кең таралған газ ауа (бұл негізінен азот пен оттегінің қоспасы). Отынның жануы кезінде жүретін химиялық реакция ауадағы оттегімен тотығады да, пайда болған түтін газдары да қоспа түрінде болады. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Домнадағы газ, қазандықтан іштен жану двигателінен, реактивті двигателінен және басқа жылу қондырғыларынан шығар газдар да жоғарыда айтылған мысалға жатады.
Газ қоспасы деп бір-бірімен химиялық реакцияға кірмейтін жеке газдар қоспасын айтады. Қоспадағы әр газ басқа газдардан тәуелсіз өзінің бар қасиеттерін сақтайды және ол өзі ғана толтырылған көлемдегі сияқты әсер етеді.
Ыдыстың қабырғасына газдың молекулалары парциалды (құрамдас бөліктері) деп аталатын қысым туғызады. Қоспаға кіретін әр жеке газ, Клапейронның теңдеуіне бағынады, сонымен ол идеал газға жатады. Идеал газдар қоспасы Дальтон заңына бағынады, ол былай дейді:
Газдар қоспасының жалпы қысымы, жеке газдардың құрамдас бөліктерінің қысымдарының қосындысына тең:
(2)
мұндағы P1, P2, P3…Pn-құрамдас бөліктердің қысымы.
Идеал газ күйінің теңдеуі-Клапейрон теңдеуі былай жазылады:
мұнда P - қысым, Па;
V - көлем, м3;
M - масса, кг;
R - газ тұрақтысы, Дж/( кг*К);
Т - абсолютті температура, К.
Нақты гадың идеалды газдан айырмашылығы молекулалардың молекула аралық тартылыс күші бар және молекуланың көлемін ескермеуге болмайды.Нақты газдардың сапалық ерекшеліктерін Ван-дер-Ваальс теңдеуімен анықтаймыз.
мұнда, а - газ табиғатынан тәуелді пропорционалды коэффицент, (H*м4)/кг2;
в - газдың мүмкін болған сығу көлемі, м3/кг;
а/v2-ішкі қысым, Па;
(V-в) - молекула қозғалысына арналған еркін көлем, м3/кг.
Өздік бақылау сұрақтары
1 Жылудинамика нені оқытады?
2 Жылудинамикалық жүйе деп нені түсінесіз?
3 Қандай жүйе тепе-теңдіктегі және теңестірілмеген деп аталады?
4 Термодинамикалық процесс деген не?
5 Идеал газ деген не?
6 Нақты газ деген не?
7 Идеал газ күйінің теңдеуін жаз.
8 Нақты газ теңдеуін жаз.
9 Универсалды газ тұрақтысы мен газ тұрақтысының айырмашылығы
10 Негізгі күй параметрлері?
Қолданылған оқулықтар
Достарыңызбен бөлісу: |