Авариялық жарықталу.
Авариялық жарықтандыру жұмысшы жарықтандыру өшірілген кезінде өндірістік бөлмелерді жарыұтандыру үшін қолданады. Авариялық жарықтандыру кәдімгі жарықтандырудан 5 % құрау керек. Ол қажетті дәрежеде қауіпсіз болуы қажет. Авариялық жрықтандыру үшін қызу және люминисцетті шамдарды қолдануға болады.
Химиялық зауыттардың бөлмелерінде, негізгі жарықталу бірден жұмыс істемей қалған жағдайларда авариялық жарықталу қолданылады. Белгіленгенімен авариялық жарықталу екі түрге бөлінеді: жұмыстарды тоқтатпау және адамдарды звакуациялау үшін жұмыстарды жалғастыру үшін. Авариялық жарықталу нормаланғанынан 5%-тен төмен болмау керек, ал адамдарды эвакуациялау үшін – баспалдақтарда және негізгі өтетін жолдарда – 0,5 лк-тен кем болмауы керек.
Авариялық жарықталудың шырақтарын тәуелсіз электр қуатын беретін ток көзіне жалғастырады. Олар автоматты түрде қосылып өшіріледі. Эвакуациялық жарықталу эвакуация жүргізетін негізгі жолдарда және зақымдану қаупі бар жолдарда қарастырылады. Эвакуациялық жарық ғимараттардың ішінде - 0,5лк, ал сыртта 0,2лк болуы керек.
Прожекторлардың санын есептейтін әдістер.
Жарықтандыру сапасы оның орнатылу тәсіліне жарықтандыру қондырғысының конструкциясына, аумақтарда жарық көздерінің орналасу схемасына байланысты. Алаңдағы жарықтандыру тәсілдерін таңдағанда мыналарды ескеру қажет:
жарықтандыру аспаптарын орнату үшін олардың элементтерін пайдалану мүмкіндігін анықгайтын түйіспелі желілерін тарту конструкциясы (тірек түрлері, қатты және иілгіш аспалар);
жарықтандыру аспаптарының типтері мен оларды орнату конструкциясы
(шырағдан, прожектор немесе олардың комбинациясы);
- жарықтандыру қондырғыларының қызмет көрсету тәсілі және ығайлылығы;
техникалық-экономикалық көрсеткіштер;
Прожектор қондырғысын есептегенде мыналарды анықтау керек:
жарық беретін беттен прожектордың биіктігін;
берілген жарықталуды қамту үшін орналастыратын прожекторлардың санын;
прожекторларды орналастыратын орнын;
тік және көлбеу жазықтықтағы прожекторлардың көлбеу бұрышын;
Есепті жарықталудың көлбеу жазықтықтағы нормаланған мөлшеріне негіздеп шығару керек. Қойылатын прожекторлардың жобаланған санын (n), S-ауданында талап ететін жарықталуды (К-қор коэффициенті; - нормаланған жарықталу) қамтамасыз ету үшін былай есептейміз:
;
мұнда, m – бұл коэффициент жарық көздердің жарық бергіштігін, прожекторлардың КПД-сын және жарық ағынының пайдалану коэффициентін есепке алмайтын коэффициент, кестеден алынады, Рл – пайдаланатын прожектордың лампасының қуаты.
Прожекторлық жарықталуды үлкен ашық құрылыс алаңдарында қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |