Дәріс №1. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер Жоспар



бет5/22
Дата20.10.2023
өлшемі0.87 Mb.
#481268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
лекция ЕК

Өндірістік зақымдар және кәсіби аурулардың көрсеткіштері

Еңбекті қорғау бойынша кәсіпорындардың іскерлігін талдау үшін бірыңғай есеп беру жүйесі белгіленген, яғни өндіріске байланысты бақытсыз жағдайлар үшін (9т түрі), кәсіби ауруларға (43 түрі) статистикалық басқармаларға жібереді. Созылмалы улану мен кәсіби ауруларды тергеп, тіркеу санитарлық-эпидемиологиялық стансаларға (СЭС) және денсаулық сақтау жүйелеріне жүктелінеді. Құрастырылған түрдегі есеп бойынша кәсіпорындардағы есептер бақытсыз жағдайлар туралы берілген есеп бойынша акиттардың мәліметтерімен 1000 жұмысшыға шаққандағы зақымдалудың жиілік коэффициентін есептейді.


Кж=Н*1000 / Р ,


Мұнда: Н – бақытсыз жағдайдың тіркелген саны, есеп мерзіміндегі


жұмысқа қабілетсіздігі 3 күннен артық болғанда.
Р – сол мерзімдегі жұмысшылардың орташа саны.

Ауырлық коэффициенті К – зарарсызданғандардаң жұмыс қабілетсіздігінің орташа ұзақтығы, есеп берген мерзімдегі жұмыс күндері.


Кауырлық =Д / Н ,


Д – есеп мерзіміндегі жұмысқа қабілетсіздігі күндерінің жалпы саны.


Н – есеп мерзіміндегі жұмысқа қабілетсіздік 3 күннен асқан
бақытсыз жағдайлардың есептелген саны.

Жиілік және ауырлық коэффициенттерін есептегенде адам өліміне немесе мүгедектікке соқтырған бақытсыз жағдайлар есепке алынбайды, оларды бөлек көрсетеді.


Белгіленген уақыт аралығындағы өткізілген жиілік және ауырлық коэффициенттердің талдауы барлық салалық өндірістердегі зақымданудың көрсеткіштерінің төмендегенін көрсетеді және басқа ұқсас өнеркәсіптегі зақымданумен салыстыруға мүмкіншілік береді.
Зақымданудың динамикасын талдап, жоғары мекемелер сол өнеркәсіптерге керекті шаралар қолданады.
Бақытсыз жағдайларды тіркеп тергеу туралы ережелер бақытсыз жағдайлардың акттарын статистикалық өңдеу мен бақытсыз жағдайлардың негізгі себептерін айқындап, олардың сақтандыру шараларына қорытынды беруіне жол береді.


Өндірістік жарақаттану, кәсіптік аурулар және
оларды алдын-ала ескерту.
Бақытсыз жағдай, зақымдану, кәсіптік ауру туралы түсінік.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға басымдымдық беру жатады.


Өндірістік процестерде жұмыскерлерге әр түрлі қауіпті және зиянды факторлар әсер етеді. 12.0.002-80 Мемлекеттік стандарты бойынша қауіпті және зиянды факторларға негізгі түсініктер берілген.
Қауіпті өндірістік факторлар деп жұмыскерді жарақаттандырып немесе оның денсаулығына аяқ астынан нашарлататын факторларды айтады.
Зиянды өндірістік факторлар деп белгілі бір жағадайларда жұмыскерлердің іскерлігін төмендетіп немесе ауруға шалдықтыратын факторларды айтады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар физикалық, химиялық, биологиялық және психо-физикалық болып бөлінеді. Ең кең тарағаны қауіпті және зиянды факторлар. Олар, мысалы қозғалған машиналар мен механизмдер; ауадағы шаң мен газ; шу, діріл, ультрадыбыс, ион сәулелері, электрзақым, статикалық электр ж.т.б.
Еңбекті қорғау жұмысшыларды зиянды (өндірістік санитарлық және қауіпіті (техника қауіпсіздігі)) өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын шараларды алдын-ала қарастырады.
Өндірістік бақытсыз жағдай дегеніміз жұмысшының өз міндетін, жұмысын атқарып жатқанда, оған қауіпті өндірістік факторлардың тигізетін әсері.
Өндірістік жарақат дегеніміз өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзғаннан шығатын жарақат.
Кәсіби ауру (сырқат) – жұмыс жағдайларының зиянды әсерінен болатын ауру.
Кәсіби аурудың бір түрі – бұл кәсіби улану. Кәсіби уланулардың қатты және созылмалы түрлері бар.
Әдетте, қатты уланулар адам организміне тез тарап, қысқа мерзімде сіңіп кететін зиянды заттардан (газ, бу) болады.
Созылмалы улану – көпке созылатын, аз мөлшерден адамды уландыратын процесс. (12.0.002 МС (ГОСТ) бойынша берілген анықтама)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет