Өлшем бірлігі
|
Көрсеткіш шамасы
|
Тиімді
|
Мүмкін мәні
|
Ауа температурасы
|
°С
|
16-18
|
13-19
|
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
|
%
|
40-60
|
75 көп емес
|
Ауа қозғалысының жылдамдығы
|
м/с
|
0,3 көп емес
|
0,5 көп емес
|
Адам ағзасының жылу бөлу шамасы Q, белгілі бір метеорологиялық жағдайда физикалық кернеулік дәрежесіне байланысты. Мысалы, тыныштық жағдайда 85 Дж/с, ал ауыр жұмыс кезінде 500 Дж/с құрастырады. Адамның ағзасындағы физиологиялық процестер қалпында болу үшін, одан бөлінетін жылу адамды қоршаған ортасына бөлінуі керек. Жылу мөлшері мен қоршаған ортаның салқындату мүмкіндігінің арасындағы сәйкестік ортаның микроклиматтық жайлылығын сипаттайды да, қолайлы жағдайда адамның жаурауға немесе ыстықтауға соқтыратын сезімі болмайды.
Адам ағзасындағы жылудың қоршаған ортаға берілуі киімнің жылу өткізгіштік нәтижесіне Qө, дененің конвекциясына Qк, қоршаған ортаға таралуына Qт, тері бетінен ылғалдың булануына Qб байланысты болады. Адам денесінен бөлінетін жылудың мөлшері, микроклиматтың белгілі бір көрсеткіштерінің шамаларына байланысты болады. Мысалға конвекциялық жылу өткізу, қоршаған ортаның ауа температурасы мен жұмыс орнындағы оның қозғалу жылдамдығына байланысты. Жылу шығуы киімнің температурасына қарағанда, адамды қоршаған ортасының температурасынан төмен (27-31°С) болады. Егер қоршаған ортаның температурасы 30-350С болса, жылу шығу процесі толығымен тоқтайды да температура жоғарылағанда кері болады. Жылудың булануы арқылы таралуы салыстырмалы ылғалдық пен ауаның қозғалу жылдамдығына байланысты. Қоршаған ортаның t - 180C тең тыныштық қалыпта барлық шығатын жылудың мөлшері Qк -30, Qт - 45, Qб - 20 және демалатын ауаны жылытуға кететін шығын Qa - 5 тең болуы керек.
Өзін - өзі қалыпты жылулық сезіну Q = Qө+Qк+Qт+Qб+Qа жылулық балансын ұстаған кезде қамтамасыз етіледі. Адам ағзасының микроклимат көрсеткіштері өзгерген кезде қалыпты температураны ұстап тұруы көрсеткіші термореттеу деп аталады.
Бөлмелердегі ауа температурасы жоғары болған кезде, қан тамырлары кеңиді де дене бетіне қан өте көп келіп, осыған байланысты қоршаған ортаға бөліну жылуы да көбейеді. Мұндай кезде жылудың бөлінуі булану арқылы жүреді де адам өз ағзасындағы ылғалдан және өте қажетті минералдық тұздардан айырылады. Осыған байланысты ыстық цехтарда жұмыс істейтін жұмысшыларға аздап тұз қосылған су береді.
Қоршаған ортаның ауа температурасы төмен түскен кезде адам организмнің реакциясы өзгеше болады: қан тамырлары жіңішкеріленіп тері қабатына келетін қанның мөлшері азаяды, конвекция мен бойынан шығатын жылудың шамасы азаяды. Сол себебті жұмысшыға белгілі бір температура, қалыпты салыстырмалы ылғалдылық пен ауаның қозғалу жылдамдылығы керек.
Адам ағзасының жылу реттеуіне ауаның ылғалдылығы да өз әсерін тигізеді. Жоғары мәнді ылғалдылық (85%) тердің булануының азаюына әкеп соқса, төмен шамалы ылғалдылық (20%) дем алу жолдарының кілегей қабығының кебуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты жұмысшыларды қоршайтын ортаның ең тиімді ылғалдылық шамасы 40-60% аралығында болуы керек.
Жұмыс бөлмелеріндегі ауа ағынының жылдамдығы да маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ыстық бөлмелердегі ауа ағынның жылдамдығы ағзадан бөлінетін жылу мөлшерін көбейтіп, ағзаның жағдайын реттейді, ал суық мезгілдерде температурының төмендеуі ыңғайсыз жағдайларды тудырады.
Адам сезінетін ең төмен ауа жылдамдығы 0,2 м/с тең болуы қажет. Қысқы уақыттарда ауа жылдамдығы 0,2-0,5 м/с, ал жаз айларында 0,2-1 м/с шамасында болуы керек. Ыстық цехтарда ауа жылдамдығының шамасы 3,5 м/с дейін арттыруға болады.
Ауа жылдамдығы бөлмедегі зиянды заттардың біркелкі таралуына да әсер етеді. Ауа ағыны зиянды заттарды бөлме көлемінде бірқалыпты таратып қонған шаңдарды да қозғалысқа келтіреді. Кейбір жағдайда ауа жылдамдығының шамасы () 0,3-0,5 м/с жоғары болған жағдайларда технологиялық процестерге кедергі келтіреді. Мысалы ретінде қорғағыш газдың ішінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде.
Анық жылумен сипатталатын бөлмелер – барлық өндірістік бөлмелер. Бөлменің 1м3 көлеміне шаққанда анық жылудың мөлшері 23,2 Дж/(м3С) тең.
Анық жылу дегеніміз, жұмыс бөлмесіне жылыту жабдықтарынан, қыздырылған материалдардан, адамдар мен басқа да көздерден инсоляция нәтижесінде бөлінетін бөлме температурасына әсер ететін жылулармен анықталады.
Нақты жылудың артық шамасы бөлменің балансындағы жылудың негізі төмендегі формула бойынша анықталады:
мұндағы: -бөлмеге түсетін барлық жылудың жиынтығы;
- бөлмеден кететін барлық жылудың жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: |