Дәріс №1. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер Жоспар



бет15/22
Дата20.10.2023
өлшемі0.87 Mb.
#481268
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
лекция ЕК

Бақылау сұрақтары:
1.Авариялық жарық деген не ?
2.Жарық ағынын қолдану коэффициенті нешеге тең ( 0.53)?
3.Қызбалы лампалар?
4.Люминиецентті лампалар?
5.Ылғалды және шаң тозаңды көп болатын залдарға осы факторларға төзімд қандай лампалар қойылады?
6. Прожекторлардың санын есептейтін әдістер
7. Жұмыс орнын ұтымды жарықтандыру
Дәріс № 10. Өндірістік шу және діріл
Жоспар:

  1. Өндірістік шу және діріл. Олардың адам ағзасына зиянды әсер етуі.

  2. Шудың, дірілдің сипаттамалары. Олардың деңгейлерін нормалау және бақылау. Оларды зиянды әсерден қорғау шаралары.

  3. Діріл мен шуды өлшеуге арналған аспаптар. Жеке қорғау құралдары.

Шу дегеніміз – ол қатты, сұйық немесе газ тәрізді ортада болатын, адамның есту мүшелерімен қабылданатын материалдық бөлшектердің немесе денелердің ретсіз тербелісі.


Өндірістердегі шудың көздеріне ұнтақтайтын, жарылатын жабдықтар, желдеткіштер, компрессорлар және сорғыштар, ұрып-соғатын қол құралдары тасмалдайтын жүйелер, құбырлардағы газ бен сұйықтардың ағыны және т.б. жатады.
Жұмыс орындарында шу және тербеліс деңгейінің жоғарылауы адам ағзасына зиянды әсер етеді.
Дыбыс толқындарының таралуы шудың сипаты үшін, шуды бағалау үшін және қорғану шараларын таңдау үшін маңызды біршама акустикалық факторлардың пайда болуымен бірге жүреді.
Дыбыс өрістері тарайтын кеңістік аймақтары дыбыс өрісі деп аталады. Ол дыбыстың қарқындылығы, оның таралу жылдамдығымен және дыбыс қысымымен сипатталады.
Қазіргі уақытта техниканың дамуы, кәсіпорындарды қуатты және тез қозғалатын қондырғылар және аппараттармен жабдықтау, адамның шудың әсеріне әрдайым ұшырауына әкеліп соқтырады.
Дыбыс қарқындылығы 1 секундта 1м2 ауданда дыбыс толқынымен берілетін дыбыс энергиясының мөлшері. Өлшем бірлігі – Вт/ м2.
Адамға естілетін дыбыс қарқындылығы мен дыбыс қысымының минималь мәні дыбыс табалдырығы деп аталады.
Дыбыс толқындарының таралуы шудың сипаты үшін, шуды бағалау үшін және қорғану шараларын таңдау үшін маңызды біршама акустикалық факторлардың пайда болуымен бірге жүреді.
Адамның есту аппараты дыбыс қысымының тек қана салыстырмалы өзгерістерін қабылдайтындығымен, дыбыстың адамға әсерін бағалау мақсатында дыбыстың қарқындылығының деңгейі және дыбыс қысымының деңгейі деген түсініктер кіргізілген. Олардың өлшем бірлігі – бел немесе децибел. Есту табалдырығында жиілік 1000 герц (Гц) болғанда дыбыс қысымының және дыбыс қарқындылығының деңгейлері нөлге тең болады. Мысалы, бір қалыпты сөйлеген кезде шу деңгейі 40дб, жанында өтіп жатқан автомобильдің дыбысы – 70-90дб, осьтік желдеткіштердің дыбыс деңгейі – 100-105бд, турбокомпрессорлардың дыбыс деңгейі – 115-120дб. 140-150 дб шу деңгейін адамға кері әсер етеді.
Адамның есту мүшесі дыбыстық тербелістің 16 - 20-дан 16 000 – 20 000Гц-ке дейін ғана жиілікті қабылдай алады. Дыбыстың жиілігі 20Гц-тен төменін (инфродыбыс) және 20 000 Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) адамның есту мүшелері қабылдамайды.
Шудың жоғары жиілігі адамға зиянды. Өндірістік жабдықтар жұмыс істегенде шыққан шу адам денсаулығына зиянды. Ол барлық организмге әсер етіп, адамды тез шаршатып, жұмыскерлігін төмендетеді, ұйқыны бұзып, ашуланшақтық райда болады.
Ұзақ уақыттағы шу әсері есту органдарына кері әсерін тигізе отырып, саңыраулыққа әкеп соқтыруы мүмкін.
Механикалық тербеліс.
Әр түрлі технологиялық процестерді атқару үшін вибраторларды қолданғанда туатын тербеліс – пайдалы тербеліс. Ал транспорттың жүрісінде, машиналардың жұмысында пайда болатын, жұмыс тәртібін бұзатын, адамды қажытатын, ауруға шалдықтыратын тербеліс – зиянды тербеліс. Мұндай тербелісті туғызатын станоктар мен машиналарда ұзақ жұмыс істеуден пайда болған кәсіби ауруды тербеліс ауруы деп атайды. Вибратор – механикалық тербеліс тудыратын құрылғы, ол не дербес пайдаланылады, не вибрация машинасының жабдығының торабы болып табылады. Мысалы, вибробалға, виброплита, вибросүңгіме женә т.б. Құрылыста материалдарды (мысалы бетон ерітіндісін) тығыздауға, қатқан цементті қопсытуға, құйманы қалыптап қағып шығаруға, сусыма жүкті тиегенде оны нығыздауға, түрлі аппараттармен конструкциялардың тербеліске төзімділігін сынауға пайдаланады. Ол жеделдетумен (м/сек2) сипатталады. Тербеліс пен шу бір-бірімен үйлеспелі. Адамға берілетін тербелістің әсері – жалпы және (локальды) жергілікті болып бөлінеді.
Жалпы әсер ететін тербеліс ең қауіпті. Себебі ол биологиялық ұлпаға әсер етіп, оның өзгерісіне әкеледі. Ұлпаның серпімділігін жоғалтып, қан тамырларына әсер етеді, нервтердің сезімталдығын жоғалтады, нерв және жүрек сосудтарының жүйесін бұзады.
Жергілікті тербелісте (қол арқылы берілетін діріл) нерв-бұлшық еттерінің аппаратына әсер етеді. тербелістің ұзағырақ әсерінен адам кәсіби ауруға, яғни тербеліс ауруына шалдығады.
Шу мен тербелісті нормалау.
Өндірістегі жұмыс орындарында шудың мүмкін параметрлері 12.1.003-86 мемлекеттік стандарты «Шу қауіпсіздігінің жалпы талаптары» бойынша нормаланады. Шудың әсерінде, өндіріс бөлмелеріне және дыбыс жиілігіне тәуелді дыбыс қысымының деңгейі мен децибеламен дыбыс нормаланады. Мысалы конструктор бюросында 1 000 Гц жиілігінде дыбыс қысымының мүмкіндік дыбыс қысымы 45дб құрайды, ал өндірістік бөлмелердегі тұрақты жұмыс орындарында 80дб. Жұмыс орындардағы тербелістің мүмкіндік параметрлері «өндірістегі санитарлық нормаларымен» (СН – 245 – 81) нормаланады, ол жұмыс кезінде құрал-жабдықтар арқылы қолға берілетін діріл 12.1.012 – 88 мемлекеттік стандарты «Тербеліс қауіпсіздігінің жалпы нормалары» бойынша нормаланады.
Шуды нормалау үшін екі нормалау әдісі қолданады: шудыңанықталған спектрі бойынша және дыбыс деңгейі бойынша, дБ-мен. Бірінші әдіс тұрақты шулар үшін негізгі болып саналады және дыбыс қысымының деңгейін орташа геометриялық 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000 и 8000 Гц жиіліктермен сегіз октавты жиілікте нормалауға болады.
Шу мен тербелістен қорғанатын тәсілдер.
12.1.003 – 86 мемлекеттік стандарты бойынша шуды төмендетудің негізгі шаралары былай жіктеледі:

  1. шумен күресудің техникалық шаралары;

  2. құрылыс – акустикалық шаралары;

  3. жеке қорғану құралдарын (шараларын) қолдану;

  4. ұйымдастырушылық нормалары.

Техникалық шараларының негізгілері:

  • шудың себептерін анықтау және технологиялық процес болған жерде оны бәсеңдету, құрал-жабдықтарды дұрыс орналастыру;

  • шу болатын жерді бөлек орналастыру және дыбыс, тербеліс жұтатын заттарды пайдалану;

  • жұмыс орнындағы жаңғырған дыбыстардың дыбыс энергиясын тығыздап төмендету;

-дыбыс және вибро қорғау, дыбыс және вибро жұтқыш құралдарымен шу көзін қоршаған ортадан оқшаулау;
-медициналық сипаттағы сақтандыру шаралары;

  • жекеленген қорғаныс уақытын дұрыс пайдалану.

Шуға қарсы күрестегі ең тиімді жол – бұл соққыдан пайда болатын тербеліске, үйкеләс күшіне, механикалық күштерге, құрал-жабдықтардың конструкциясын жақсарту.
Тербелістен қорғалудың тиімді тәсілі – тербелістен қорғайтын оқшаулағыштарды пайдалану. Олар машина мен оның тұрған фундаментінің арасында қойылатын серпінді элементтер. Суретте виброоқшаулағыштың схемасы көрсетілген: сорғыштардың, компрессорлардың ұсақтағыштардың, электр қозғауыштардың және т.б.
Виброоқшаулағыштардың металдық, резиналық, серпінді түрлері құрастырылған, кейінгі уақытта пневматикалық түрлері жасалды.
Құрылыс-акусикалық шараларға – дыбыс (шу) шығаратын жабдықтардың бөлмелерін өндірістен алыстатып, олардың айналасына шу жұтатын өсімдіктер отырғызу қажкт. Егер де техникалық және ұйымдастырушылық шаралармен шуды нормаға жеткізуге болмаса, онда жеке қорғану құралдарды пайдаланады. Өте күшті шулы өндірістерде антифондарды, шуға қарсы құлақ жапқыштар және құлаққа киетін қосымша зат «беруши». «Беруши» шуды 15дб-дан 30дб-ге дейін төмендетеді.
Вибрация – (тербелу) – белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын қондырғының, механизмдердің, серпімді денелерінің механикалық қозғалуларының жиынтығы. Көп жағдайларда вибрация шумен бірге жүреді.
Вибрация амплитудамен, жиілікпен, жылдамдықпен және үдеумен сипатталады. Осы параметрлер вибрацияның адамға, құралдарға, құрылыс конструкцияға әсерін анықтайды. Вибрацияның басқада құрылыс конструкцияларына таралуын азайту үшін вибрацияланатын қондырғыларды бөлек орнатады және қондырғылардың конструктивті бекітілуін жақсарту қажет.
Тербелудің зиянды әсері болып қондырғылардың және аппараттардың пайдалы әсер коэффициентінің төмендеуіне, дисбаланс салдарынан қондырғы бөлшектерінің тозуы жатады. Тербелумен туғызылатын ұзақ уақыт бойы тербелулер құрылыстардың конструкциялы орындалуының бұзылуына әкелуі мүмүкін.
Тербеліс - орталық нерв жүйесіне, ішек-қарын жолдарына, тепе-теңдік мүшелеріне (вестибулярлы аппарат) әсер етеді, бас айналуын тудырады, буындардың ауруын туғызады. Вибрацияның ұзақ уақытты әсері кәсіби науқастану – вибрационды ауруды туғызады. Оны емдеу тек алғашқы сатыда ғана болады, ал кейбір жағдайларда жұмысқа қабілеттіліксіздікке әкелетін, ағзада кері қайтпайтын үрдістер болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет