Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері


Жайылымның территориясын ұйымдастыру



бет36/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

15.1 Жайылымның территориясын ұйымдастыру
Табиғи шабындық пен жайылымның жер отының өнімділігі мен сапасы климаттық жағдайға, әсіресе ылғалдыққа, су мен қамтамасыздығына байланысты болады. Ауыл шаруашылық пайдаланымдардың құрамында табиғи мал азықтың алқаптарының үлесі солтүстіктен оңтүстікке қарай өседі; орманды-дала (лесостепная), дала – 44%, құрғақ дала (сухостепная) – 57%, шөлейт (полупустынной зоне) – 82%.
Шөлейт және шөлді (батыс және оңтүстік аудандар). Табиғи жер оты өте сирек (беден), көбінесе эфимерлер. Өнімділігі 1.5-3 ц/га құрғақ, қарсыз мерзімі 250-280 күн, сондықтан жер отын қой мен жылқы бағуға жыл бойы пайдалануға болады.
Жайылымды ұйымдастыру мына қажеттіктерді шешу үшін жасалады:
1. малды далада жою мерзімінде үзбей көк шөппен қамтамасыз ету үшін;
2. жайылым жүйесінде әрқашан өзінің өнімділігін орнына келтіріп, жақсарту үшін;
3. малды алысқа айдамауды, мал азығын, өкімін тасу және адамдарды тасымалдау транспорттық шығынын азайту үшін;
4. малды семірту, өнімділігін жақсарту үшін.
Жайылымды ұйымдастыруды жобалау үшін өте көп деректерді жинау, оларды талдау керек. Мысалы геоботаникалық, су шаруашылықтың, агроклиматтық, гидротехникалық, гидрогеологиялық жағдайларын (вегетациялық уақытта жауын кей кезде жиі немесе аз жауады, жер асты суларының орналасу тереңдігі) және басқа өсімдіктердің өсуіне, өнуіне әсер ететін факторларда.
Жайылымның территориясын ұйымдастыру дегеніміз:
- жайылымды мал тобына бекіту;
- отарлар мен табындарды, жазғы лагерлерді, мал суаратын орындарды орналастыру;
- ауыспалы жайылым жүйесін орналастыру және оның территориясын ұйымдастыру;
- кезегімен малды жаю, загондарға бөлу, мал айдау жолдарын орналастыру;
Жайылатын мал түріне, жасына қарай топтанауы және олардың түрлеріне қарай оптималдық мөлшері белгіленеді. Бір табынға тиісті жердің көлемі (Р), га
Р = Г·Н·К·Д
У
Г – бір топтағы мал басы, бас;
Н – бір бас малға бір күнде тиісті жасыл шөп, ц;
К – ауыспалы жайылым коэффициенті (мал жайылатын танаптың жалпы ауыспалы жайылым бойынша талаптардың санына қатынасы);
Д – жайылу мерзімі, кџн;
У – жайылымның өнімділігі, ц/га.
Жайылымды және шабындықты тиімді пайдалану үшін олардың территориясында ауыспалы жайылым жүйесі енгізіледі.
Жайылым типіне және шөптің өсіп шығу тездігіне қарай керекті жайылым және ауыспалы алқаптар схемалары таңдалып алынады. Мысалы әр зонада жайылым мерзімінде шөп бір-екі-үш рет өсіп шығып үлгереді. Сондықтан кейбір жерде жайылым мерзімінде мал бір-екі-үш рет жайылады.

Шөл және шөлейттік жайылымды жыл бойы қой жаю үшін төрт танапты ауыспалы жайылым ұсынылады:






Танап нөмірлері

1

2

3

4

Пайдалану мерзімі

Көктемде

жазда

күзде

қыста

Шөп тобы бір рет қана оталады. Ол үшін жайылымның танаптары загондарға бөлінеді.
Кұрғақ дала жайылымында үш танапты ауыспалы жайылым орташа екі рет оталады (жайылады).




Танап өнімдері

1

2

3

Жайылым
мерзімі

3 рет
көктемде

2 рет
жазда

1 рет
күзде

Ауыспалы жайылымның әр танабы мал жайыларда загондарға бөлінеді.
Суландырылатын жерлерде көпжылдық мәдени жайылым 5-6 рет оталады және 3-5 жылда бір дем алынады.
Жайылымды ауыспалы жайылым жүйесінде пайдалану оның жер отының ботаникалық құрамын және табиғи өнімділігін сақтауға әсер етеді.
Жайылым территориясын ұйымдастыру загонның қолайлы көлемі мен санын, мал айдайтын жерлерді, суаратын және дем алдыратын орындарды анықтауға байланысты жасалады. Загонның қажетті көлемін есептеу үшін (бір отар қойға, гектар есебімен, мыналарды білу керек:
1. Мал жейтін азық массасының қоры (ц/га) және оның керектілігі;
2. Бір қойға және барлық отарға тәулігінде қажетті азық мөлшері;
3. Бір загонда жаю ұзақтығы.
«Қазақ шабындық және жайылым шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша ауыспалы жайылым жүйесіндегі жусан-эфимер типіндегі жайылымды пайдалану кезінде оның орташа көпжылдық шығымдылығы гектарына:

  • көктемде – 5.1 ц;

  • жазда – 5.6 ц;

  • күзде – 4.5 ц.

Бір қойдың жайылым шөбіне тәуліктік қажеттілігі:

  • көктемде – 4.5 кг;

  • жазда – 3.1 кг;

  • күзде – 3.3 кг.

Ал азық өлшемі тиісінше:

  • көктемде – 1.12;

  • жазда – 1.24;

  • күзде – 1.20.

Жыл маусымдарына қарай жою ұзақтылығы мынадай:

  • көктемде – 60 күн;

  • жазда – 90 күн;

  • күзде – 90 күн,

барлығы 240 күн (Алматы облысы бойынша).
Бір загонда қой 6 күннен артық ұсталмайды.
Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып бір загонның көлемін мына формула бойынша анықтауға болады:
П = А·Б·В ,
Г·К
П – загонның көлемі (га);
А – бір қойға қажетті жайылымдық азықтың тәуліктік нормасы, кг;
Б – малдың жалпы саны;
В – малды загонда жою ұзақтығы, күн;
Г – жегізу кезеңіндегі жайылым шөбінің шығымы (га, ц);
К – орташа дәрежеде жегізуге сәйкес алынған К- 0.6 түзету коэффициенті.
Сонда 300 қойдан тұратын отарды загонда алты күн жаятын болса, оның ауданы (П) мынадай болады.
Көктемде: П = 4.5·700·6 = 61 га,
510·0.6
Жазда: П = 3.1кг·700бас ќой·6кџн = 40 га,
560 кг/га·0.6
Күзде: П = 3.3·700·6 = 51 га.
450·0.6
Маусымдағы жайылым кезенінің ұзақтығы, отардың загонда болу мерзімі, отардағы малдың саны туралы мәліметтерге сүйене отырып маусымға қарай загонның санын және тұтастай алғанда ауыспалы жайылым бойынша оңай есептеп шығаруға болады. Мысалы, көктемдегі маусымның ұзақтығы 60 күн және бір отардың загонда болу ұзақтығы 6 күн болғанда көктемде жайғанда көлемі 61 гектардан 10 загон, жазда жайғанда 40 гектардан 15 загон және күзде жайғанда 51 гектардан 15 загон қажет болады.
Сөйтіп ауыспалы жайылым жыл маусымдарына қарай шығымдылығы мен шөбінің желінгіштігіне байланысты көлемі әр түрлі (61, 40,51) 40 загоннан тұрады. Загонның орташа мөлшері 50га.
Загонның тік бұрышты болғаны жақсы, мұндай загонның ұзындығы көлденеңінен бір жарым – екі есе үлкен болады. Жайылымдардың әртүрлі типінде загонның ұзындығы мен көлденеңі бірдей емес. Біздің жағдайымызда 700 қойдан құралған отар үшін орташа загонның көлемі 1000х500м (50 га) болуы керек. Загонның пішіні, оның көлемі мен орналасуы қойды жайылымнан суатқа, тынықтыратын орынға айдап әкелудегі артық жүрісті болдырмауы, сондай-ақ жайылымдық жерді пайдалануға байланысты қолданылатын техниканы тасуға ыңғайлы болуы қажет. Жан-жағы қоршалған жайылымдарда суат көздері ашық сулар, шахталы және типті құдық, ал мүмкіндігіне қарай арнайы су құбырлары болуы тиіс. Қой бір күнгі жайылым кезінде орта есеппен 4-5 литр су қажет етеді. 300 қойдан құралған отарға бір күнде 1200-1500 литр су керек. Жайылымда тұрақты су көздері болмаған жағдайда мұндай мөлшердегі су тасып беру арќылы ќамтамасыз етіледі.
Қойды суаруға арналған астаудың алып жүруге ыңғайлы болғаны дұрыс. Оларды загонның шетіне, яғни оның бір жағы мал жүріп өтетін жаққа қаратылып орнатылады.
Жайылымды қойды тынықтыратын орын бөлінуі тиіс және негізгі мал өтетін территория қалқан мен қоршалуы керек. Қоршау жайылым территориясын тиімді пайдалануға жағдай жасайды, табиғи және екпелі шөптердің шығымдылығын, 1 гектардан түсетін өнім мөлшерін көбейтеді, сөйтіп, шопанның еңбек өнімділігін арттырып, еңбегін түбелікті өзгертіп, жақсартады. Қоршау құрылысын ЖерМемҒӨО институты жасаған «Мәдени жайылымдарда арналған қоршау құрылысын салу элементінің жобасына» сәйкес салу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет