Тұтынудың қарапайым функциясы:
(1)
мұндағы, С – тұтынушылық шығындар;
а – автономды тұтыну. Ол ағымдағы қолда бар табыстың мөлшеріне тәуелсіз тұтынудың шамасын (С0) білдіреді;
b – тұтынуға шекті бейімділік;
Y – табыс;
T – салықтық, салықтық емес алымдар және трансферттер;
(Y – T) – қолда бар табыс шамасы. Макроэкономикалық үлгілерде оны көбінесе Yd немесе DI (disposable income) деп белгілейді.
Шынайы өмірде табыстың нөлдік деңгейінде де тұтыну болатындығын, яғни Ү = 0 болса да, С = 0 болмайтындығын біз білеміз. Нақтырақ айтқанда, үйшаруашылығы табыс таппаған күннің өзінде, өзінің бұған дейінгі жинаған байлығынан (жинағынан) жұмысау арқылы немесе басқадан несие, қарыз алу арқылы тұтынуға шығындалады.
Тұтынуға орташа бейімділік (average propensity to consume – APC) – қолда бар табыстың құрамындағы тұтыну шығындарының үлесі. Яғни, ол қолда бар табыстың қандай бөлігінің тұтыну шығындарына жұмсалатынын көрсетеді.
(2)
Тұтынуға шекті бейімділік (marginal propensity to consume – MPC) – қолда бар табыс шамасының өзгеруінен тұтыну шығындарының қосымша өзгеруі шамасы. MPC-ның мәні тұтыну қисығының бұрыштық көлбеулілігінің сандық мәніне тең болады (2-сызба).
(3)
мұндағы, Δ С – тұтыну шығындарының өзгеруі шамасы;
Δ Yd – қолда бар табыстың өзгеруі шамасы.
2-сызба – Тұтынуға шекті бейімділік қисығы
Енді тұтынудың қарапайым функциясын келесі түрде бейнелеуге болады:
(4)
Енді, тұтыну функциясының сызбасын салайық (3-сызба). Ол үшін біз, абсцисса осіне шығарылым немесе табыс көлемін (Ү) және ордината осіне тұтынуға жоспарланған (қалаулы) шығындар шамасын (С) орналастырамыз және оның шамасы жиынтық сұранысқа (AD) тең деп есептейміз. Яғни, талдауды жеңілдету үшін инвестициялық, мемлекеттік тауарлар мен қызметтерді сатып алу және таза экспорттық шығындардың жиынтық сұранысқа ықпалдарын ескерусіз қалдырамыз (I + G + Xn = 0 деп аламыз және мұндай жағдайда AD = С болады /1.3-формула/). Егер, табыс толығымен тұтынылады деп ұйғарсақ, онда С = Y болады және тұтыну функциясының қисығы жазықтықта координаттар басынан басталатын 45° көлбеулілікпен орналасқан түзу болады. Алайда, шынайы өмірде табыстың бір бөлігі ғана тұтынылатынын ескерсек, тұтыну қисығының (С) көлбеулік бұрышы С = Y қисығынан еңкіш (α ≤ 45 °) болады. Дәлірек айтқанда, аталмыш қисықтың еңкіштігі (α бұрышының шамасы) MPC-ның шамасымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |