Дәріс 1. ҰЛттық табыс: Өндіру, БӨлу және тұтыну игіліктер нарығындағы макроэкономикалық теңдестік. Тұтыну және жинақтау



бет4/6
Дата30.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#466151
1   2   3   4   5   6
ММТ дәріс 11

3ызба Тұтыну функциясының қисығы
(автономды тұтыну шығындарынсыз)

Әрі қарай біз, талдауымызды жеңілдету үшін автономды тұтыну шамасы С0 = 10 мың теңге, тұтынуға шекті бейімділік MPC = 0,667 деп мысал ала отырып, автономды тұтыну шығындары ескерілген тұтыну функциясының сызбасын декарттық жазықтықта салайық (4-cызба). Автономды тұтыну шығындары шамасы ОК кесіндісімен анықталады және тұтыну функциясының қисығы К нүктесінен басталып C = Y қисығынан еңкіш (α ≤ 45 °) орналасады.


Енді, табыстың теңдестік деңгейін анықтайық. Ол үшін:

жүйелі теңдеуін алдағы мысалды 0 = 10 мың теңге, MPC = 0,667) пайдалана отырып шешелік:





Біз, осылай табыстың теңдестік деңгейі мен оның шамасын (Y = 30 мың теңге) анықтадық. Табыстың аталмыш теңдестік нүктесін Е деп белгілейміз. Мұнда табыстар мен шығындар теңдестігі (С = Y) орын алады. Табыстар мен шығындардың теңдестігі нүктесінде табыс толық тұтынылады және бұл жинақтың нолдік деңгейін білдіреді.







4ызба – Автономды тұтыну шығындары ескерілген
тұтыну функциясының қисығы немесе Кейнс кресі

Теңдестік нүктесінің сол жағында орналасқан нүктелі ОКЕ үшбұрышында жинақтау болмайды, ал тұтыну табыстан үлкен болады. Яғни, мұнда үйшаруашылығының тұтынуы қолда бар табыстарына қосымша өздерінің бұрыннан жинақталған байлықтары есебінен (RF) немесе /және/ басқадан несиелер, қарыздар (АҒ) алу арқылы қанағаттандырылады. Мысалы, қолда бар табыс Ү = 20 мың теңге болса, тұтынуға толығымен (RF = 20 мың теңге) және 3,33 мың теңге қосымша көздерден (АҒ) тұтынылады. Жалпы алғанда, тұтыну шығындары RА = 23,33 мың теңге болады. Бұл жағдайдағы жинақтауды (ОКЕ үшбұрышындағы) «теріс мәнді жинақтау» деп те атайды.


Е нүктесінің оң жағындағы штрихты MEN үшбұрышында жинақтың шамасы MN кесіндісінің және тұтыну шығындарының көлемі NL кесіндісінің шамасына тең болады. Ал, қолда бар табыстың көлемі ML кесіндісінің шамасына тең. Мысалы, қолда бар табыс Ү = 50 мың теңге (МL) болса, оның тұтынуға С = 10 + 0,667 × 50 = 43,333 мың теңгесі (NL) жұмсалады да, қалған S = 50 – 43,333 = 6,667 мың теңгесі жинақталады (MN).
Енді, жоғарыдағы мысалды пайдала отырып жинақтау функциясының сызбасын салайық. Жинақтаудың мөлшері табыстың шамасына тәуелді және оның алгебралық түзуі анықталады:


(5.5)

Жинақтау түзуінің көлбеулілігі МРS-тің шамасымен анықталады және мысалымыз бойынша оның шамасы МРS = MPC – 0,667 = 0,333 (5.5-cызба). Бұл сызбадан байқайтынымыздай, табыстың шамасы 30 мың теңгеге жеткенге дейін теріс мәнді жинақтау болса, Е нүктесінде 0-ге тең болады. Ал, үйшаруашылығы табысы 30 мың теңгеден артқаннан бастап жинақтай бастайды. Мысалы, үйшаруашылығының табысы 50 мың теңге болғанда, ол осы табысының 6 667 теңгесін жинақтайды.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет