Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Nepeta sibirica (Сібір көкжалбызы - котовник Сибирский)



бет46/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
5.Лекциялық кешен

1. Nepeta sibirica (Сібір көкжалбызы - котовник Сибирский).
Көпжылдық. Тамыры ұзын, жылжымалы, сабақтары жіңішке биіктігі 38-100 см жапырақтары ланцеттәрізді тау белдеулерінде, таудағы өзендердің аңғарларында, дала шабындықтарында өседі. Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыстау ауылының Шығыс жағында осы өсімдіктің мол популяцияларының қоры 3,2 т/га екендігі анықталған. Гүлдеп тұрған кезінде бұл өсімдікте 0,820 мл (100 г құрғақ массасында болатындығы анықталған).
1.Salvia sclarea (мускат шалфейі - шалфей мускатный).
Көпжылдық. Сабағы тік, биіктігі 20-100 см, қалың түктелген. Таудың ұсақ тасты, тасты бөктерлерінде, шатқалдарда, аңғарларда өседі. Мысалы, Іле Алатауының Батыс бөктерлерінде, Шу-Іле тауларында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Мускат шалфейі құрамында бағалы эфир майы болады. В.А.Вышивкин (1935) Румыния жағдайында бұл өсімдіктің мүшелерінде (сабағы, гүлшоқтары, т.б) эфир майының мөлшері 0,24-0,37% болатындығын анықтады.
Бұл өсімдіктің эфир майының құрамында: линалоол -10-15%, липалилацетат - 70%, склереол - 42% және гераниол, терпинеол болатындығы анықталған. С.В.Шевченко, Л.И.Тихомирова (1973) және т.б мәліметтері бойынша табиғи фитоценоздар жағдайында және екпе жағдайында өскен мускат шалфейінің құрамындағы эфир майларының сапалық құрамы бірдей, бірақ негізгі компоненттерінің сандық мөлшері әртүрлі екендігін көрсетті.
Мускат шалфейі және оның эфир майлары медицинада, кулинарияда, шарап жасауда, парфюмерияда фиксаторларды ауыстырғыш қосылыстар ретінде пайдаланылады.
3. Hyssopus macranthus - (ірігулді сайсағыз - иссоп крупноцветный)
Жартылай бұта, биіктігі 10-40 см, сабақтары өте көп қарапайым. Сабақтағы жапырақтары сағақсыз деуге болады, сызғыш тәрізді.
Сортаңдау шығанақтық шалғындықтарда, шоқылардың майда тасты, тасты баурайларында өседі. Бұл өсімдік негізінен эндем. Шығыс Қазақстан облысынан жиналған ірі гүлді сайсағыз өсімдігінен 100гр құрғақ массасынан 1,651 мл эфир майы алынды.
Жалпы, сайсағыздың басқа түрлерін алып қарайтын болсақ, мысалы, күмәнді сайсағызда эфир майының мөлшері - 1,453 мл, оның құрамында 8,21% цинеол, 22% епинен, 12,6% епинекамфон уксус қышқылы, камфен және альдегидтер болатындығы анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет