Дәріс №1 Пәнге кіріспе



бет4/34
Дата19.05.2022
өлшемі373.37 Kb.
#457745
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
350127 (1) (1)

«Жәдит» термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Жәдидшілдік қозғалыстың түркі халықтары арасында тарауы мен дамуы ХХ ғасырдың 20-жылдарының өзінде ғылыми зерттеулерге арқау болды. 1920-1930 жылдар аралығында жарық көрген ғылыми зерттеулерде татар ағартушыларының, зиялыларының ғасыр басындағы азаттық қозғалысқа және 1917 жылғы қос революцияға қатысу барысы айқындалып, олардың қоғамдық-саяси қызметтеріне баға берілді. Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу құралы» атты кітабынан көре аламыз.
Қазақ жастарының Уфа, Троицк, Қазан, Орынбор сияқты білім ордаларында ашылған Татар медреселерінде білім алулары ХҮІІІ ғасырдың соңғы жылдарында басталды. Медреседе ХІХ ғасырдың бастарында көптеген қазақ жастары білім алды. Осы уақыттарда Еділ- Орал аймағындағы Мұсылман дін адамдарының басқаруымен жүргізілген білім беру жүйесі Орыс үкіметінен ешқандайда көмек алмай өз күшімен өркендеген болатын. Орыстар Христиан қыла алмаған Татар және Башқұрт халықтарын еркін жіберуді ұйғарып, білім беру жұмыстарын дін адамдарына тапсырған болатын. ХІХ ғасырдың соңына дейін жалғасқан осы саясаттың арқасында әр ашылған мешіттің қасынан медресе ашылды.
Ресей ішкі істер министрлігінің назарында болған медереселердің ішінде Ресулие медресесі, Құсаиния медресесі және Ғалия медресесі болған. Осы аталған медреселер ең көп қазақ жастарының шоғырланған жері болды. Ресулие медресесі Тройцк қаласында ашылған. Директоры әйгілі дін адамы Шейх Зейнуллах Ресули. 1884 жылында ашқан медреседе татар, башқұрт және қазақ жастары білім алды. Сол дәуірдің жәдидшілдерінің бірі болған Ресули медреседе жаңа педагогикалық білім беру жүйесін құрды. Медресенің білім беру жүйесіне Ыбырай Алтынсарин және Қазақтың бай саудагерлері де оң қабақ танытқан. Зерттеуші Жемаладдин Велидов Ресулие медресесінде білім алған оқушылардың 10% қазақ және башқұрт оқушыларынан құралғанын айтады. ХХ ғасырдың басында Қазақстан ақпарат құралдарының арасында маңызды орны бар «Айқап» журналының шығарушысы Мұхамметжан Сералин және Екрем Алиов осы медреседе білім алған. Қазақ мәдениетіне әсер еткен тағы бір медресе Ахмет Қусайновтің Орынбордан ашқан медресі. Медресе 1890 жылы ашылған. Құсаиния медресесінде тек қана діни сабақтар емес, тарих, география, химия, зоология, Түрік және Орыс тілдері де оқытылған. Медресені Орыс мектептерімен жарысатындай дәрежеге жеткізген Құсаиния медресеге дәріс беру мақсатында сол дәуірдің атақты оқытушыларын жинап медресенің атын шығарған. Аталған медреседе дәріс алған Қазақ оқушыларының арасында Құдайберген Жұбанов, Шамғали Сарыбаев, Жұмабай Оразалин, Елемес Керменов, Хайреттин Балғынбаев, әйгілі әдебиетші Кенжеғали Ғабдуллинт. Қазақ оқушыларының ен көп шоғырланған медресесі Ғалия медресесі.Медресе Еділ – Орал аймағының жәдитші дін адамы Зиаддин Кемали (1873-1942) тарапынан құрылған. Уфа қаласында 10 қазан 1906 жылы құрылған медресе “Медресе-и Алие-и Діние” атымен ресми түрде ашылған. Кемали бір жағынан медреседе директорлық қызметін атқарса, бір жағынан хадис, тәбсір, сүннет және психология сабақтарын оқытқан. Дін сабақтарымен қатар математика, физика, химия және жаратылыстану пәндері оқытылған. Жәдитше білім берудің алғашқы құрушыларының бірі болған медреседе 1909жылы мен 1916 жылдар арасында 154-ге жуық қазақ жастары білім алған. Осы жастардың арасында Мағжан Жұмабаев, Ишанғали Арабаев, Мустафа Оразаев, Бекмұхаммет Серкебаев, Бейімбет Майлин, Абдолла Шоқаев т.б білім алған. Жоғарыда аты аталған медреселерден басқа қазақ жастарының білім алған медреселері Қызылжардағы Құснеддин Халфе, Вели Ахунд, Әзиз Молла, Орынбордағы Мұхаммедия медресесі және Османия медресесі Алғашында Еділ- Орал аймағында діни ойларды жаңарту негізінде туған жәдитшілдік, кейіннен Ресейде өмір сүретін мұсылман түркі халықтарының реформа және өзгеру талаптарын білдіретін бір термин ретінде қолданысқа түсті. Бұл ой Абдунасыр Құрсави мен Шахабеттин Мержанидің басшылығымен ойластырылған. Исмаил Гаспыралының “ тіл де, пікір де, іс те бірлік” сөзімен жәдитшілдік бір мақсатты көздеген ағым болып қалыптасты. Ресей империясының мұсылман түркі халықтарына жүргізген саясатына қарсы ұйымдастырылған жәдит қозғалысы ортақ бір тіл мен ділді қорғап қалуды көздеген. Жәдидшілік қозғалысы Ресей империясының қарамағындағы түркі халықтарына қалай әсерін тигізсе татарлар арқылы Қазақстанға да әсерін тигізіп отырды. Бұл қозғалыс Қазақстанда алғаш рет ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында Қазақ ақын жазушыларының еңбектерінде жазыла бастады. Осы ақындардың ішінде усул-жәдидті жырлаған Абубәкір Кердері. Кердері татар жәдитшілдерінің ашқан усул-жәдид мектептерінің Қазақстанда да ашылу керектігін айтқан.
ХХ ғасырдың бастарында Еділ - Орал аймақтарындағы жәдитші медреселерде білім алған Қазақ жастары жәдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды. Ғалия медресесінде білім алған қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда усул-жәдидті дамыту мақсатында “Садақ”атты қолжазба әдеби журнал шығарады. Журналдың мақсаты - жастарды әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді. Жәдит медреселерінде білім алған Қазақ жастарының жұмыстары Ресей тыңшыларының назарынан тыс қалмады. Осы жастар жайында былай деп “Жәдитші жастар Қазақ-Орыс мектептерінің Қазақстанда керек емес екендігін, Орыс тілін Татар медреселерінде де үйренуге болатындығын, Қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып “Оян Қазақ”, “Тұр Қазақ”,“Маса” атты кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратып жатқандығын” баяндаған. Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту саласында қызмет атқара бастады. Алғаш рет усул-жәдит әдісімен дәріс беретін мектеп Семей қаласында ашылған. Бұл жылдарда Семей қаласы маңызды сауда және кәсіпорын орталығы болғындықтан ағарту саласына көмек беретін қоғамдардың пайда болуы және татар саудагерлері мен татар оқытушыларының қолдауымен Семей қаласын жаңа әдіспен дәріс беретін орталыққа айналдырды. Усул жәдид мектебінің ашылуы туралы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы хабарлап отырды. Жалпы Қазақстанда 1912 жылы жаңа әдіспен дәріс беретін мектептердің саны 121 оқушы саны 1810ға дейін көтерілген. Усулу-жәдит әдісін қолдау мақсатында Мұқаммет Сәлім Кешимовтің “Қазақтарға өсиет”, “Кітаптарды тану” сияқты еңбектері жарық көрді. Кітап оқушылармен оқытушылардың көмекші құралы ретінде қолданылған. Кешимов қазақ балалары орыс тілінде білім алса ұлттық құндылықтардан жұрдай болып өседі деп санап балаларды орыс мектептеріне жіберуге қарсы шыққан.Осы мәселе төңірегінде Айқап журналына көптеген мақалалар жариялаған. Қазақ жәдитшілдерінің арасында Мұқамметжан Сералиннің еңбектерін атауға болады. Тройцк қаласындағы Ресулие медресесінде білім алған Сералин Мержанидің еңбектерін оқи отырып әлеуметтік, діни және әдет салттарды қорғай отырып Батыста дамыған білім мен жаратылыстанудың үйренуге болатындығын және осыларға қол жеткізу үшін Орыс тілін білу керек екендігін айтқан. Сералин медреседегі оқуын тәмамдап Қостанайдағы Қазақ-орыс мектебінде білім алған. Осы оқудан кейін Торғай уезінің Ырғыз қаласына қарасты ауылдық мекен жайға өз мектебін ашып жаңа әдіспен білім берген. Еділ - орал аймағындағы ақпарат құралдарынан қатты әсер алған Сералин Қазақ мәдениетінде маңызды орны бар Айқап журналын 1911 жылы жарыққа шығарған. Исмайл Гаспыралының басшылығымен дамыған жәдитшілдікдің қазақтарға әсерін Сералиннің И. Гаспыралының өлімінен кейінгі жазған “Орны толмайтын өлім” атты мақаласынан аңғаруға болады. 20 ғасырдың бастарында жәдитшілдікпен бірге дамыған Түркішілдік ағымының симфолы ретінде Маған Жұмабаевты айта аламыз. Жұмабаев 1905 жылы Қызылжар қаласының байларынан бірі Ыстанбулда университ оқыған Мұқамметжан Беришевтің ашқан медресесінде білім алған.Бұл медресе Солтүстік Қазақстанның ең маңызды білім ошағы болатын. Медреседе араб, парсы және түрік тілінде білім берілген. Сонымен қатар Түрік тарихы жан жақты тереңдетіліп оқытылған. 1910 жылы Мағжан Жұмабаев медреседе бірге оқыған досы Бекмұқаммет Серкебаевпен бірге Уфа қаласындағы Ғалия медресесіне білім алуға келді. Бұл жылдарда Ғалия медресесінде Сәлімгерей Жантурин мен Әлімжан Ибрахимов сияқты ұстаздар тәлім берген. Жәдитші қайраткерлермен Уфада танысқан Мағжан шығармаларында Қазақстанда дамып келе жатқан Түрікшілдік ойын Қазақтардың менталитетіне қарай жаза бастады. Мағжанның өлеңдерінде 1910 және 1920 жылдарда Түрік әлемі туралы тақырыптар көптеп кездеседі. Осылармен қатар Ислам дінін жаңашалап жәдитше жазған Қазақ қайраткерлерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Исламды қазақша айту Құранды қазақшаға аудару, сонымен қатар діни кітаптар жариялау сияқты қарқынды жұмыстар жүргізген Шәкәрім Құдайбердіұлы “Мұсылмандық шарты” атты еңбегінде Исмайл Гаспыралы туралы ойларын баяндаған. Жәдит қозғалысының арқасында Қазақстанда усул-жәдит медреселері ашылып, білім туралы хабарлар ақпарат құралдары арқылы жарияланып отырды.
3. ХХ ғасырдың басындағы маңызды оқиға 1905 жылы 17 қазандағы Манифест болды. Қазақстандағы көптеген митингілерде ұлттық сипаттағы: орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, жерді қазақтардың меншігіне беру, мектептер ашу, діни бостандық, т.б. мәселелер көтеріле бастады. Қазақ қауымының рухани және саяси сұраныстарына толық жауап беру жолындағы қозғалысқа атсалысқан ұлттық интеллигенция 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында барлық деңгейдегі орыс әкімшілігімен бетпе-бет келіп отырды. Сондай-ақ, олардың қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасып, бірыңғай саясатпен араласуына осы 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы қоғамдық- саяси қызмет майданын таңдап алуларына шешуші ықпал жасады.
Патшалық Ресейде 1905 жылы 5 қаңтарда болған «қанды жексенбі» қазақ даласына тез тарап қала мен ауылдарда, елдің жиналыстарында патша саясатына қарсы наразылықтар шыға бастайды. Верный қаласының, Әулиеатаның, орал, Ақтөбе, петропавл, Семей жұмысшылары мен демократиялық бағыттағы еңбекшілері наразылық шеруге шыға бастады. Қазақ шаруаларының патша үкіметіне сенімсіздігі күшейе түсті. 1905 жылғы 1 мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында шерулер мен жиналыстар болды.Ірі бас көтеру Өспен руднигінде (Ақмола облысы) өтті. Дегенмен қазақ жеріндегі қозғалыстар бейбіт түрде өтті және ұлт-азаттық сипатта болды.
1905 жылдың жазында азаттық қозғалысы жаңа сипат ала бастайды. Өлкеде жәрмеңкелердің ашылуына байналысты митингілер ұйымдастырылып, орыс, қазақ газеттері беттерінде саяси мақалалар көріне бастайды.Алғашқы петициялар 1905 жылғы сәуір айының басында Ақмола уезінде жазылды. Осындай мазмұндағы өтініш хатты Орал облысының Ілбішін, Гурьев уездерінің қазақтары да дайындап жіберді. Осы жылғы патша атына жазылған көптеген петициялар ішінен мазмұны жағынан Қоянды жәрмеңкесінде жазылған петиция (Қарқаралы петициясы) бірегейлігімен ерекшелінді. Мұнда барлығы 47 пункт болып қазақ халқының діни-ағарту саласына рұқсат беру, қазақ тілі мен жер мәселелері, тау-кен ісі, мессионерлерге тыйым салу, қазақ депуттарының құқықтары сияқты бірқатар мәселелерді қамтыды.
Қазақ халқы толықтай отарына айналған Ресей үшін де ХХ ғасыр бетбұрысты, күрделі оқиғалар мен елеулі өзгерістердің орын алуымен сипатталады. Соның ішінде назар аударарлығы қоғамда буржуазиялық- демократиялық даму жолына көшіруге бағытталған өзгерістер болатын. Осы орайда Мемлекеттік Думаның шақырылуы сол дәуірдегі ірі саяси әлеуметтік оқиғаға айналды. Осынау жоғары заң шығаратын органның 12 жыл (1906-1917 жж.) арасындағы қызметі Ресей тарихында, оның құрамына енген халықтардың өмірінде айтарлықтай із қалдырған демократиялық идеалдың зор көрінісіне айналды. Мемлекеттік Дума ғасырдың бас кезінде Ресейде құрылған партия фракцияларының және аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің басын қосқан, Ресей империясындағы маңызы зор мәселелерді талқылайтын бірден-бір өкілетті форум болатын. Ол – Ресей Империясының алғашқы Парламенті рөлін атқара бастады.
Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы қазақ зиялыларының да саяси өсуіне ерекше ықпал етті. 1905 жылдың тамызында ІІ Николай патша заң шығарушы өкілетті орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифестке қол қойғанымен, манифест бойынша, қазақ халқының сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болатын. Ресей парламентінің шақырылатындығынан көзі қарақты қазақ өкілдері де құлағдар болып әрі депутаттыққа қазақтардың сайлануға құқы жоқ дегені олардың наразылығы мен ашу-ызасын тудырды.Осы сәтте Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене кіріседі. Бұл туралы Әлихан Бөкейханов өзінің депутаттар сайлауға байланысты жазған естеліктерінде «Қазақ зиялылары үшін, қазақ саяси тобы үшін осы 1905 жылы жаңа кезең болғандығы ақиқат» деп жазды. Осылайша әлеуметтік тегі әркелкі қазақ интеллигенциясы өз өкілдерін депутаттыққа сайлау керектігін батыл түрде ашық жеткізіп, өзіндік талаптарын қоя білді. Орта Азия мен Қазақстан аймағын қамтып өткен қуатты толқу патша үкіметінің халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті.

Бірінші Мемлекеттік Дума - Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде Дума патша жарлығымен таратылды. Екінші Мемлекеттік Дума- Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. 1907 ж. 3-ші маусымда таратылды.


Ұлттық мәселеге қатысты жайттарды өткір талап ете білудің нәтижесінде І Мемлекеттік Думаға қазақтардан өкілдер сайланған. І Мемлекеттік Думаға депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. Олар: 1. Сәлімгерей Сейтханұлы Жантөрин – Уфа губерниясынан сайланған; 2. Алпысбай Қалменұлы Қалменов – Хан ордасының қазақтарынан сайланған; 3. Дәуіт Санжынұлы Ноян – Тұндұтов – Астрахан мен Ставрополь көшпелі тайпаларының атынан сайланған; 4. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов – Торғай облысын мекендеген қазақтардың өкілі;5. Шаймерден Қосшығұлов – Ақмола облысы қазақтарының өкілі. Осылардың Ш.Қосшығұловтан басқалары сайлау нәтижелері бойынша заңды түрде І Мемлекеттік Думаның мүшелігіне сайланғаннан кейін оның орыс тілін білмейтіндігі белгілі болып, «Мемлекеттік Думаны сайлау ережесінің» 55-бабына сәйкес келмегендіктен облыстық сайлау комиссиясы Ш.Қосшығұловқа байланысты сайлау қорытындыны бекітпей тастаған. Бұл сайланған азаматтардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген тұлғалар болатын. А.Қ.Бірімжанов Думаға депутат болғанға дейін сот қызметінде болған. С.С.Жантөрин – Уфа губерниясындағы халықтық мұсылман партиясының мүшесі болса, А.Қ.Қалменов – университеттік білімі бар (заңгер), Хан (Бөкей) ордасын басқару жөніндегі Уақытша кеңесте кеңесші қызметін атқарған. Д.С.Тұндұтов – ірі жер иесі, кезінде ханзада Николай лицейінде тәрбиеленіп, кейін шетелдердің әртүрлі университеттерінде дәріс тыңдаған. Ш.Қосшығұлов – Көкшетау молдасы, білімді Бұхарадан алған.Алғашқы Думаға депутат болуда әділетсіздік орын алды. Мәселен, әр аймақтың қазағынан бір-ақ депутат сайлану керек деп, олардың құқықтары есепке алынбады. Соның салдарынан І Мемлекеттік Думаға Семей облысынан депутаттыққа түскен Әлихан Бөкейханов көптеген кедергілерді жеңе отырып, депутат болып сайланды. Ол небары бірнеше ай ғана депутат болып, тіпті ол оның бірде-бір мәжілісіне қатынасып та үлгерген жоқ. Өйткені, ол І Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен үш айлық мерзімге Павлодар абақтысына отырғызылған болатын. Торғай облысынан сайланған Ахмет Бірімжанов бел шеше жүріп атсалысып, І Думаның мінберінен Жер мәселесін көтеріп, жер мәселесі бойынша құрылған комиссияның құрамына қазақ депутаттарының өкілін енгізу қажеттігін ұсынды. Себебі, жер комиссиясында қазақ депутаттарына бірде бір орын бөлінбеген еді. Сондай-ақ, нәтижесінде мұсылман фракциясы жерге байланысты төмендегідей тұжырымдаманы қабылдады: «Өз күшімен егін егушілердің және мал бағушылардың жері арттырылсын. Халықтан кабинетке, монастырға және т.б. деп жерлер алынғанда тура бағасы берілсін. Қызметі үшін сыйға берілген жерлер халыққа кері қайтарылсын. Жерді пайдалану әр уәлияттың өзіне берілсін. Қоныс аудару тоқтатылсын».
Сонымен Ресейдің І Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Думаның аз уақыт жұмыс істегеніне қарамастан мұсылман депутаттары Ресей парламентіне мұсылман халықтарының жағдайы жайлы шындықты жеткізуге мүмкін болғанның бәрін істеді. Осылайша қазақ депуттарының Мемлекеттік Дума арқылы шешеміз деген үлкен үміттері жүзеге асырусыз қалды. 
1907 жылғы ІІ Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері болды. Олар: Шәймерден Қосшығұлұлы – Ақмола облысынан; Ахмет Бірімжанов – Торғай облысынан; Темірғали Нүрекенов – Семей облысынан; Тілеулі Алдабергенұлы – Сырдария облысынан; Мұхамеджан Тынышбаев – Жетісу облысынан; Бақытжан Қаратаев – Орал облысынан; Бақтыгерей Құлманов – Астрахан губерниясынан. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді. Осы аз уақыттың өзінде қазақ депутаттары бірқатар шаруаларды атқаруда белсенділік танытты. Мәселен, Б.Қаратаев ІІ Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін оң іс еместігін айтып, арнайы баяндамасында былай келтіреді: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер! Бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр». ІІ Думаның қазақ депутаттары 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі – мал шаруашылығы. Ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».
Міне, Ресейдің І және ІІ Думасына сайланған қазақ депутаттары алдымен өз ұлтының дербес саяси күш ретінде көріне алатындығын, өз құқын қорғай алатын ұлт екендігін дәлелдеуінің өзі үлкен жетістік болатын. Тіпті Думаға қатысудың өзі тарихымызда аса маңызды рөл атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет