Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары


Бірмағыналылық пен вариативтіліктің үйлестіктерінің шегі



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Лекция (1)

Бірмағыналылық пен вариативтіліктің үйлестіктерінің шегі көп 
жағдайда зерттеушінің ойынша дұрыс болып есептеліп жетекші 
тұжырымдық жағдайдың үйлесімділігімен анықталады.
Ұсыныстардың конструктивтілігі. Сын қажет және пайдалы, бірақ 
оның артында шешімдер, жобалар, кеңестер мен ұсыныстар болуы керек. 
Олар институттарды, байланыстар мен қатынастарды өзгерту мен жаңартуға 
мүмкіндік беретін тәжірибе немесе экспериментпен тексерілуі керек. 
Баяндаудың әдістемелік нұсқалары:
- жүргізілген ізденістердің негізінде кезеңдері мен логикасын айту;
- объектінің пайда болу тарихын айту. 


Зерттеудің объектісі мен пәнінің теориялық пайда болуы, бірінші 
жағдайда баяндау заңға бағынады және зерттеу логикасы мен 
мазмұнынан шығатын өзінің логикасы болады. Екінші жағдайда - 
баяндауды теориялық шыққан тегінен, фундаментінен бастаған жөн. 
Кез-келген ғылыми жұмысты біріншіден черновой нұсқасында 
бастаған жөн. Бұл мәтінге қажетті өзгерістерді ендіруге және диплом 
жазушының инициативасымен толықтырулар келтіруіне мүмкіндік береді. 
Нәтижелерді әдеби хаттауды кіріспеден бастамаған жөн, оны 
зерттеуші неге қол жеткізгенін білгеннен кейін ғана жазу керек. Осы 
кезеңдегі ойлардың нәтижелері толық фразамен емес, кілттік сөздермен 
жазылады. Баяндаудың логикалық бірізділігін анықтағаннан кейін, неден 
бастау керек екендігін қарастырылып шешім қабылданады. 
Жұмыстың ортаңғы бөлігін хаттау кезеңінде зерттеуші осы жұмысқа 
пайдаланатын бөліктерін қысқаша абзацтар ретінде бөліп алу керек. Негізгі 
бөліктің черновой нұсқасы ертерек орындалады. Негізгі бөлімді жазып 
болғаннан кейін қорытынды бөлімі жазылады.
Мәтінді дайындау кезінде ғылыми жетекшімен кеңескен жөн, 
ескертулерді тыңдау керек, бірақ шешімдерді автор қабылдайды.
Жазылған жұмысты өңдеу кезінде әрбір абзацтың дербес ойы болу 
керек. Абзацтың бірінші фразасында не туралы әңгіме болатыны көрініп 
тұруы керек. Зерттеушінің арсеналында ғылыми материалдарды баяндаудың 
әдістемелік тәсілдері болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет