Дәріс 1 Тақырыбы: Рекреация және туризм географиясы туралы жалпы түсінік. Рекреациялық туризмнің жіктелуі Мақсаты


Туризмді дамытуға әсер ететін демографиялық фактор



бет49/58
Дата18.01.2024
өлшемі166.03 Kb.
#489380
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
Рекреациялық туризм лекция жиынтығы

Туризмді дамытуға әсер ететін демографиялық фактор. Халық тығыз қоныстанған аталған таулы аймақтағы туристердің басым бөлігі 25-45 жас аралығындағы адамдарды құрайды. Халықтың 45 жастан асқан бөлігі жеке демалысты, тау туризмін, балық аулауды, аңшылықты қалайды. Ой еңбегімен айналысатын қызметкерлер негізінен шипажайлар мен демалыс үйлерінде рухани күш-қуатын қалпына келтіруді қалайды. Ауыл тұрғындары мен зейнеткерлердің рекреациялық қарқындылығы баяу. Ірі өнеркәсіп орындары мен жоғарғы оқу орындары өздерінің жекеменшік сауықтыру орындары мен мектеп жасындағы балаларға арналған демалыс орталықтарын Қаратал, Көксу, Ақсу, өзендерінің аңғарларында, көрікті тау шатқалдарында салған. Талдықорған өңірінің демографиялық жағдайына жасалған талдаулар халық тығыз қоныстанған Тентек, Лепсі, Қаратал, Көксу, Өсек өзендерінің орта ағысында демалыс орындарын салуға қолайлы екенін көрсетті. Олар бұл екі ғылымды қоғамдық география (әлеуметтік-экономикалық) пәнінің саласына жатқызады. Олардың айтуынша, аталмыш ғылымдар халық шаруашылығының екі саласын – рекреациялық сала мен туризм жүйесін зерттеп түсіндіреді. Өйткені, бұл екі сала өндірістік заттар шығармайтын сфераға жатады. Олардың негізгі өнімі – рекреациялық және туристік қызметтер. Олар халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін демалыс кезінде өтей отырып, елге әлеуметтік және экономикалық табыс әкеледі. Осыған орай, бұл ғылымдардың объектісі мен пәндерін қоғамдық географияның зерттеу объектісі мен пәнінен бастаған жөн. Э.Б. Алаевтың айтуынша (1983), «қоғамдық географияның объектісі ретінде қарастырылатын «ойкумена»қоныстанған, игерілген, немесе, басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің орбитасына кіретін жердің географиялық қабығының бір бөлігі». Ойкумена деген ұғым қоғамды ғана емес, қоршаған ортаны да қамтиды. Қоғамдық географияның объектісі ретінде ол қоғамдық өмір мен оның айналасындағы барлық экономикалық (өндірістік), әлеуметтік, саяси, демографиялық, рекреациялық және басқа да сфераларын қамтиды.

  • Осы аялардың барлығы дербес түрде де, біріккен түрде де іске асырылады. Яғни осы аяларды бөліп көрсету бір жағынан дерексіздену әрекеті, себебі олар тек бірлесіп гармониялық түрде жүзеге асырылады.

    Территориялық қоғамдық жүйе (ТҚЖ) қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның пәні болады (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990). Территориялық қоғамдық жүйе дегеніміз – ойкуменаның кеңістік-уақыттық бөлігі, онда қоғамның өмір сфералары үнемі өзара байланыста болып, бір-бірін толықтырып тұрады. Зерттеу пәні мен объектісін түсініп, қоғамдық географияға мынадай анықтама беруге болады: «Экономикалық және әлеуметтік география біртұтас интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде табиғи ортаның нақты бір жағдайында қоғамның кеңістікте ұйымдастырылуын зерттейді» (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990). ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарының соңында және 80-ші жылдарының басында «демалыс», «рекреация», «туризм», «экскурсия» деген түсініктер қабылданды. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981): «демалыс – бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті»; «рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда сауықтыру, спорттық, танымдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған адамның бос уақытында іске асатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы»; туризм – бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі.
    Қазақстанның туристік-рекреакциялық ресурстарында ерекше орын алатын тарихи-мәдени ескерткіштердің қатарына қола, ерте темір, сақ-ғұн кезеңдерінің жергілікті жері мен қорғандары, ерте орта ғасырдың қалалары, мен бал-бал тастар тарих қалдырған құнды жәдігерлер болып табылады. Қазақстанда танымдық туризмді дамытуға Х-ХІІ ғасырларда қарлұқ қағанатының астанасы болған ерте орта ғасырлық қалалар, ХІХ ғасырдың сәулет ескерткіштері, өткен тарихынан сыр шертетін мұражайлар мүмкіндік береді.

    ДТҰ – ның ұсыныстарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қазіргі тәжірибенің негізінде, қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте эко-оқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.


    Көрсетілген басымдықтарға сәйкес бірінші кезекте игерілетін мынадай аудандар мен тірек орталықтары анықталды:
    1. Іле (Алматы, Түрген, Есік, Талғар, Қаскелең, Ұзынағаш, Қапшағай.);
    2. Солтүстік Тянь-Шань (Кеген, Нарынқол, Жалаңаш, Шонжы, Көлжат.);
    3. Жаркент-Талдықорған (Жаркент, Көктал, Басши, Текелі, Талдықорған, Жаркент-Арасан курорты);
    4. Балқаш (Балқаш көлі, Балқаш өңірі.);
    5. Солтүстік Жоңғар (Достық,Алакөл көлінің маңы, Лепсі, Лепсі өзенінің маңы, Жарбұлақ, Көктұма, Сарқант, Арасан-Қапал курорты);
    6. Жамбыл (Тараз, Мерке, Мойынқұм ауданы);
    7. Түркістан (Түркістан, Тұрбат, Отырар, Шәуілдір, Баба-ата, Кентау, Шаян);
    8. Сайрам-Шымкент (Шымкент, Сайрам, Арыс, Шардара, Сарыағаш, Ленгер, Ванновка);
    9. Жоғары Бұқтырма (Қатон-Қарағай, Беріл, Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлінің маңы);
    10. Маңғыстау (Фетисово, Ақтау, Ералиев-Құрық).

    Қазақстан аумағында табиғи рекреациялық аудандардың 2 тобын бөлуге болады.


    1 - топ-республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында, сондай-ақ ұсақ шоқылардың солтүстік бөлігінде, Іле Алатауының орта тауларында, Рахмановский, Қазақ Көкшетау-Бурабай курорттық аймағында, Зеренді, Баянауыл, Қарқаралы рекреациялық қызмет үшін неғұрлым қолайлы аумақтар.
    2-топ пайдаланылуы рекреациялық ресурстардың аз жиынтығымен және экологиялық тұрақтылығы төмен (Шығыс және оңтүстік-шығыс биік таулары, Балқаш-Алакөл ауданы және т.б.) бірқатар аудандарды қамтиды, Қазақстан Республикасында минералды сулардың >500 көздері және емдік балшықтардың айтарлықтай пайдалану қорлары бар 120-дан астам балшық көлдері бар.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет