3. Еңбек нарығы.
Еңбек нарығы тұтыну тауарлар нарығының, өндіріс құралдары, инвестициондық және ақша – несие нарықтарымен бірге нарық механизімінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Оның дамуы нарық экономикасының қызмет етпеуінсіз мүмкін емес.
Еңбек нарығы – еңбекке жеке қабілеттіліктерді жұмыс күшін өндіру үшін өмірлік жағдайларға айырбастау процесіндегі қатынастардың жүйесі. Еңбек нарығы мағынасын жұмыс күші нарығы деп түсіну керек, өйткені еңбек тауар емес, сондықтан ол нарық қатынастарының объектісі бола алмайды. Жұмыс күші нарығының құрылуы тауар нарығында жұмыс күші бар бос жұмыскердің пайда болуымен түсіндіріледі.
Дамыған еңбек нарығы біліктілігіне сәйкесжұмыскерге толық құндыеңбек ақыны қамтамасыз етеді, жұмыс күшін сапасын жоғарылатуға бағыттайды.
Толыққұнды бәсекелестік еңбек нарағының жұмыс істеуі бірнеше шарттардың орындалуын керек етеді:
· Еңбек нарығында ұсыныс пен сұраныс жақтарын белгілейтін тәуелсіз субъектілердің көп болуы;
· Еңбек нарығындағы экономикалық субъектілердің қылықтарының нарықтық мақсаты;
· Республика экономикасының жалпы бәсекелестік ортасы;
Еңбек нарығы басқа нарықтар секілді баға тұрақтылығы негізінде қызмет етеді.
«Еңбектің нарықтық бағасы дегеніміз сұраныс пен ұсыныс қатынастарында (қымбат, аз, арзан және тапшылық еңбектері) ол үшін төленетін баға.-деп Адам Смит жазған.»
Жұмыс күшінің қоғамдық бағалауынан алынған теңсалмақты баға жұмыс күшінің қызмет ету ұсынысының шартымен еңбек өндірісінің шекті деңгейіне сәйкес орнатылады. Еңбектің теңсалмақты бағасы жұмыс күшінің өмір сүруіне мүмкіндігін қамтамасыз ететін және фактылық қажеті қаражаттық механизіміне жақын еңбек ақыныңмөлшер деңгейіне сәйкес болуы керек.
Еңбек нарығының құрылуына әсер ететін негізгі факторлар: экономикалық белсенді тұрғындардың саны; тұрғындардың құрылымы мен қызмет етуінің орнатылған деңгейі; кәсіпорынның мамандануы; кәсіпорынның шикізатпен, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілуі; өндірістің деңгейі, динамикасы және тиімділігі; кәсіпорынның инвестициондық белсенділігі; территорияның әсемдігі және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы.
Еңбек нарығының қарсы жағы жұмыссыздық болып табылады. Жұмыссыздық – қызметкердің ерігінен тәуелсіз оның еңбек қызметінің еңбекке орналасуға мүмкіндіктің болмауы нәтижесінде ұзақ уақытқа тоқтатылуы, әсіресе, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбек шарттың бұзылуының нәтижесінде болады. Жұмыссыздықтың келесі түрлері ажыратылады:
· Құрылымды – экономикадағы құрылымдық өзгерістердің болуына байланысты жұмыс күшінің ұсынысы мен сұраныстың бір-бірімен сәйкес келмеуі.
· Циклдық жұмыссыздық – маңызды экономикалық кризистің нәтижесі.
· Функционалды – жұмыскердің жұмыс орнын ауыстыру нәтижесінде туындайды, өйткені жаңа жұмысты іздеу бірқатар уақытты керек етеді.
Еңбек өндірісінің жоғарылауының көмегімен қоғамда еңбек ресурсы үнемделеді, өндіріс арзандайды, өнім өндірісінің саны жоғарылайды. Еңбек процесінің өзі екі құраушыға бөлінеді: тірі еңбек – адамның еңбегі және өткен еңбек – машиналар мен құралдардың еңбегі.
Еңбек өндірісінің деңгейі екі негізгі көрсеткіштермен анықталады: өнімнің шығарылуы және еңбек көлемі. Еңбек өндірісінің деңгейін анықтаудағы тура көрсеткіші өнім өндірісінің көлемінің еңбек өндірісінің шығындарына қатынасымен есептелінеді.
ЕӨ=Q/T
Мұндағы:
Q-өнім өндірісінің көлемі,тг.
Т-еңбек шығыны, адам/сағат.
Еңбек көлемінің өзгеруінің нәтижесінде еңбек өндірісінің өзгеруі мына формуламен анықталады:
Ө=(Ек*100)/(100-Ек)
Өнімнің еңбек көлемі – жұмыскердің 1 бірлік өнімді дайындауға кеткен уақыт шығындарымен көрсетіледі(еңбек өндірісіне кері көрсеткіш).
Ек=T/Q
Еңбек көлемі мен еңбек өндірісі бір-біріне кері пропорционалды әсер етеді. Еңбек көлемінің еңбек өндірісінің өзгеруіне байланысты өзгеруі мына формуламен анықталады:
Ек=(П*100)/(100+П)
Еңбек өндірісінің жоғарылауының жолдары мен негізгі факторлары.
Еңбек өндірісінің өсуіне әсер ететін факторлар екі топқа бөлінеді:
1. Өндірістен тәуелсіз және объективті сипаттағы факторлар (елдегі саясаттық жағдай, табиғи-климаттық жағдайлар).
2. Бұл топ өндіріске тура байланысты. Бұл топтағы негізгі факторлар: механизацияның деңгейін және еңбектің қоамен қаруландыруын жоғарылату және жаңа техника мен технологияларды, ресурстық-қорғау технологияларды қолдану есебінен өндірістің технологиялық деңгейін жақсарту. Ресурстық-қорғау технологияларға техниканың оптималды жүктелуін қамтамасыз ететін, жұмыстың көлемін жоғарылататын және өнім шығындарын төмендететін технологиялар жатады.
Кәсіпорында еңбек өндірісін жоғарылатудың негізгі бағыттары:
1. өндірістің техникалық деңгейін жоғарылатуының жолдары:
· бұйымдардың конструкциялық қасиетін жақсарту,
· жақсы жабдықтарды енгізу,
· тиімді технологиялық процестерді енгізу,
· өндірісті механикаландыру мен автоматтандыруды жоғарылату,
· жаңа конструкторлық материалдарды енгізу.
2. еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жақсартудың жолдары:
· басқарудың құрылымын қарапайымдау,
· ақпараттық-басқару жүйелерін енгізу,
· тіркеу мен есептеу жұмыстарын автоматтандыру,
· қызмет көрсету аумақтары мен нормаларын жоғарылыту.
3. өндіріс құрылымын жақсартудың өзгеріс жолдары:
· өндірістік бағдарламадағы жаңа өнімнің үлесі,
· өнімнің жеке түрінің бөлінген салмағы,
· жартылай өнім мен құрылымды бұйымдардың үлесі.
· өндірістік бағдарламаның еңбек көлемі.
Бақылау сұрақтары:
1) Еңбек ресурстарының мәні мен құрамы.
2) Еңбек нарығы және өнеркәсіптегі жұмыспен қамту.
3) Еңбек көлемі: мәні мен маңызы.
4) Еңбек өндірісінің мәні мен маңызы.
5) Еңбек өндірісін жоғарлатудың факторлары мен жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |