Мектепке дейінгі педагогика ғылымының жүйесі мен зерттеу әдістері. Жеке пәндерді оқыту әдістемелері де педагогикалық ғылымдар жүйесіне жатады. Әр ғылымның өз мазмұны мен мәнінеқарай оның дамуынқамтамасыз ететін белгілі бір ғылыми – зерттеу әдістері болады. Айталық, педагогика тәрбиелеу, оқыту теориясы мәселелерін зерттейді. Сол зерттеу жұмысын да белгілі мәселені таңдап алып, оның өмірдеқаншалықты актальді екенін негіздеп, айқындаудың үлкен маңызы бар. Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің алғашқы кезеңі – актуальді тақырып таңдап алу, сол тақырыптан балаға қандай қасиетті қалыптастыру үшін,қандай құралдарды пайдалану қажеттігін зерттеу жұмысының қай топта жүргізілетіні белгілі болып тұруы. Екінші кезеңі – тақырыпқа байланысты әдебиеттерді оқып – үйрену. Таңдаған мәселеге байланысты оқулықтардағы, оқуқұралдарындағы материалдарды, ұлы педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің пікірлерін басшылыққа алу. Тақырыпқа байланысты жазылған зерттеу материалдарын жан – жақта оқып – үйрену, сын көзбенқарап, шолу жасау. Әдебиеттерге шолу жасаған кезде таңдап алған тақырыптың зерттеу дәрежесі немесе нәтижесі талас тудыратын немесе әлі де жете зерттелмеген мәселелер жөніндеқорытынды пікірлер болуы керек. - ұшінші кезеңі – алдын ала бақылау эксперименті арқылы балалардың адамгершілікқасиеттерініңқаншалықты дәрежедеқалыптасқанын білу, балаларға алғашқы мінездеме жазу, осы мәселе төңірегінде балалармен жүргізілетін жұмыстың дәрежесін анықтау.
- Педагогика ғылымында белгілі зерттеу әдістеріқолданылады. Әдіс дегеніміз – мақсатқа жетудің тәсілі.
- Бақылау әдісі белгілі бір педагогикалыққұбылыстың өзгеруін, дамуын, басқақұбылыстармен байланысын әдейі бақылап отыру үшінқолданылады. Зерттеуші алдымен нені бақылау және не үшін бақылау керек екенін айқындап алып, бақылауға кіріседі.
- Балаларды нақты іс – әрекет үстінде бақылау (мақсат анықталып, нақты міндеттерқойылады). Бақылауды әр түрлі жағдайда (күнделікті жағдайда, арнайы педагогикалық ахуал тудыру жағдайында) өткізуге болады. Бақылау кезінде суретке түсіріп алу, толық хаттама есебінде жазып алу жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |