Дәріс №13 аршу және үйінді жасау жұмыстары



бет2/2
Дата23.11.2023
өлшемі0.82 Mb.
#484288
1   2
ДӘРІС 13

Соқалық тәсіл аршудан алынған тау жынысы теміржол көлігімен тасымалданып, тарауық, әсіресе, қисық сызықты үйінді үюде қолданылады. Үйінді жиегін қуалай төселген теміржол торабымен келген думпкарлар жүгін жарқабаққа қарай аударғанда төгілген жыныс төмен домалайды. Ал жиекте қалган үйінді арнайы платформаға орнатылған соқамен сырып төмен құлатылып отырады. Осылайша үзбей төгіле берген тау жынысы жиектегі жолды басып қалатындай шамаға жеткенде, соқаның да өнімділігі мандымайды. Мұндай кезде үйінді тегістеледі де, арнаулы жылжытқыш көмегімен жол торабы жиекке тақап, аударып төсеп отырады. Осылайша үйінді бүйір бағытына қарай дамып, жиек одан әрі жылжи береді. Қазіргі кезде карьерде төрт осьті теміржол платформасына орнатылып электровозға тіркелген пневматикалық жүйемен басқарылатын МОП маркалы соқасы кеңінен қолданылады. Мұның жылжу шапшаңдығы 6-10 км/сағ. Үйінді биіктігі 12-15 м-ден аспайды.
Соқалық үйінді жасау тәсілінің басты кемшілігіне еңбек өнімділігінің мардымсыздыгын, тұтынымдық шығынының көптігін, биік жарқабақ үстінде төгілген жынысты жайғастырудың қиындығын және үйіндінің жүк қабылдау мүмкіншілігінің жоғары еместігін жатқызуға болады.
Экскаваторлық үйінді (3.8-сурет) қисық сызықтық сызбасымен дамитын сияқты бос жынысты тек теміржол көлігімен тасымалдағанда ғана қолданылады. Бұл жағ- дайда экскаватор тұрған алаң теміржол торабынан төмен- деу орналасады. Сөйтіп, жоғары кертпештен, думпкардан төгілген жыныс, экскаватор алаңына келіп түскенде ол шөмішпен көсіп алып, үйінді жиегіне қарай төге береді. Бір орында тұрған экскаватор жынысты 20 м кашықтыққа шөмішгеп төгіп тұрады. Мұндай жағдайда теміржол торабын үйінді жиегі 20-30 м-ге дейін аударып жатудың қажеті болмайды. Сөйтіп, экскаватор ені 20-30 м алаптағы бос тау жынысын төге, жылжи-жылжи екінші басына жеткенде ол келесі жолаққа шығып жаңа алаптың үю жұмысын бастайдьі. Мұндай үйінді биіктігі 15 м-ден 30 м-ге жетеді.
Үйінді үюдің экскаваторлық тәсілі тек қана ірі карьерді салғанда пайдалы. Мұның басты кемшілігі үйіндідегі барлық тау жынысы бірнеше мәрте экскавацияланылады. Осының салдарынан күрделі қаржы да, тұтыну шығыны да өсіп кетеді, сонымен қатар жұмыс істейтін экскаватор санын көбейтуге мәжбүр етеді.
Бульдозерлік үйінді тәсілі (3.1-суретке қараңыз, 3) тау жыныстарын автомобиль көлігімен тасығанда қолданылады.
Үйінді жиегі машина салмағынан, ығысып, апатқа соқтыратын болғандықтан, жеткізілген жыныс жұмыс алаңына төгіледі де, оны бульдозер перпендикуляр бағытында жиекке сырып әкеп кемерден құлатып тұрады. Жұмыс алаңының өне бойы қатар жұмыс істейтін автосамосвалдар санына қарай 100 м-ден 500 м-ге дейін созылады. Бульдозердің ауысымдық өнімділігі 300 м3-ге дейін жетеді. Үйіндінің биіктігі 10-15 м болады. Егер аршу жыныстары қиятас болса, онда жүк жиектен 1,5 м қашықтыққа әкеліп төгіледі де, бульдозер оны жарқабаққа қарай ысырып құлатып тұрады. Үйінді биіктігі өскенде немесе тау жынысы жұмсақ болғанда жүк жұмыс алаңына төгіліп болған соң оны бульдозер тегістеуге кіріседі.
Бульдозерлік үйінді жасау тәсілінің артықшылығы, әрі оның қарапайымдылығы - биіктігі 20-40 м үйінді тұрғызуға болатындығында. Жұмыс үдерісі қарапайым болғандықтан күрделі қаржы да, тұтыну шығыны да көп емес. Ал үйіндінің бос тау жыныстарын қабылдау, яғни жайғастыру мүмкіндігі оның биіктігіне тура пропорционал болатыны белгілі. Бірақ аталған тәсілдің жұмысы ауа райына байланысты. Бұл - бульдозерлік үйінді үюдің басты кемшілігі деп танылады.
Гидромеханикалық үйінді тәсілі жалпылама қолданыла бермейді. Ол үшін алдымен аршу жыныстары қиыршықты және сол аймақтағы су қоры жеткілікті болу шарт. Бұған қоса гидроүйінді көп аймақты алады. Осы тәсіл қаншама арзан болғанымен, белгілі бір жағдайда ғана қолданылады.
Кен сілемін аршу. Кен қазудың ашық тәсілін қолданғанда кенді, не болмаса оның карьер алабында жатқан бөлігін ашудағы ескерілетін басты шарт - кенжар және одан қазылған кен төгілетін, сондай-ақ аршудан алынған жыныстар үйілетін жермен жалғастырылуы. Кен сілеміне жету үшін арнаулы кен қазбалары - ор жүргізіледі. Осы қазбалармен алғашқы кезде аршудан алынған бос тау жыныстары, кейін қазылатын кенбайлық тасылады. Мұны күрделі ормен аршу дейді. Егер карьерде үйінді көлік көпірі қондырғысы колданылса, күрделі ор жүргізудің қажеті жоқ. Мұндайды орсыз ашу дейді. Карьер алабын, ашылған кен сілемін қазуға даярлау мақсатымен де орлар жүргізіледі. Бұларды тілме орлары деп атайды.
Аршу орлары күрделі, тұрақты, жылжымалы болып бөлінеді. Күрделі ор ұзақ мерзімде пайдалануға арналған. Уақытша орларды пайдалану 3-5 жылдан аспайды. Өйткені мұнымен карьердің жоғары деңгейжиектері, не болмаса жекеленген учаскелері ашылады. Жұмысшы кертпештердің үстімен жүргізілетін, ал істің ауқымына қарай көшіріліп отыратын орларды жылжымалы деп атайды.
Карьер сұлбасынан тысқары және оның ішінде орналасуына байланысты ашу орлары сыртқы жљне ішкі болып бөлінеді. Егер ор карьердің орта деңгейінен түссе, оны орталық, ал бір шетінен жүргізілсе қапталдық ор делінеді.
Кен сілемін ашудың оңтайлы тәсілін таңдағанда көптеген факторлар ескеріледі. Солардың бастысы - кеннің жаралымы (құлау бұрышы, қуаты, тереңдігі, жыныстың бекемдігі, т.б.) және жер бедері. Ашық кен жұмысы практикасында кеніш жер бедері ерекшілігіне қарай ашық және жерасты тәсілдерімен аршылады. Ар- шудың тәсіліне жоғарыда келтірілген кен қазбалары - орлар жүргізу жатады. Егер осындай аршу қазбалары қатарында штольня, тік және көлбеу, оқпан, күрделі кенқұдықтары, т.б. болса, онда кен сілемінің жерасты тәсілін қолданып аршылғаны деп білеміз (3.9-сурет).
Кен сілемін ашық тәсілмен аршу бір ғана ор жүргізумен шектелмейді. Кеннің геологиялық және басқа да факторларына байланысты сілем бір немесе бірнеше кен қазбалармен аршылады. Саны және пайдалану ерекшелігіне қарай ашу орлары жеке, топтық және ортақ болып үшке бөлінеді.
Жер бетіне таяу жатқан жайпақ кен сілемі қазылатын карьерде осының әрбір кертпешіне жеке (не сыртқы, не ішкі) орлар жүргізіледі. Топтық орлармен аршудың мәні мынада: 4-6 кертпештің әрбір 3-4-іне арнайы бір сыртқы, әйтпесе бір ішкі ор түседі. Сонда топтық ордың бірімен жыныс аршылады, екіншісімен кені қазылып қатынас қамтамасыз етіледі. Мұндай тәсіл тереңде жатқан қуатты, жайпақ кен сілемін қазғанда қолданылады. Тереңде жатқан кен сілемін ашқанда, не болмаса тау бөктерінен кен қазғанда ортақ ор қолданылады. Сонда карьердің барлық кертпештері ортақ ормен байланысады.
Жер бетіне жақын жайпақ кен сілемін ашқанда кейде орсыз тәсіл қолданылады. Бұл жағдайда жұмыс деңгейжиектерімен жер бетін жалғастыратын орды емес, кабельді крандар, аршушы немесе мұнаралы экскаваторлар, әйтпесе гидромеханикалық құралдар алмастырады. Ашық кен қазу жњмыстарында жерасты қазбаларымен ашу тәсілі таулы аймақта, тереңде жатқан кенді игерерде пайдаланылады. Мұндайда шахта оқпаны, штольня, не болмаса күрделі кенқұдықтар сықылды жерасты қазбалары өтіледі. Таулы болып келетін жерлерде жерасты қазбаларын тиімді пайдалану, аршу жыныстар көлемін айтарлықтай кемітіп, шығынды қысқартады және ауа райы қолайсыз жағдайда да жұмыс екпенін бәсеңдетпейді. Ашық кен өндіру жұмыстарындағы кен сілемін жерасты қазбаларын жүргізумен ашуға да болады. Мұны құрамды ашу тәсілі дейді. Құрамды ашу тәсілі таулы аймақта терендіктің артуына байланысты сілемінің күрт өзгеріске ұшырайтын кендерді қазғанда жиі қолданылады. Құрамды тәсілдің басты артықшылығы - кен сілемінің табиғи жаралымының өзгеруіне қарай ашу қазбаларын соған сай тез бейімдеп отыруға мүмкіндік беретіндігі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет