Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді. - Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жоғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. - Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жоғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады.
Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОЖӨЖ) – тақырыптық тапсырмалар, курстық жұмыстар, рефераттар және сынақтар, баяндамалар мен пән бағдарламасының тапсырмаларды оқытудың басқа да түрлерін жүзеге асыру бойынша кеңес сапасын жақсарту мақсатында пәннің жекелеген секциялары бойынша оқытушымен байланыста болуы және студенттің сабақтан тыс жұмыстары болып табылады. СОЖӨЖ бақылау нәтижелері академиялық кезең ішінде тесстер, емтихандар, коллоквиумдар, рефераттар мен баяндамалар түрінде, сондай-ақ тақырып бойынша студенттердің білімін аралық және қорытынды бақылау кезеңімен жүзеге асырылады. - Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОЖӨЖ) – тақырыптық тапсырмалар, курстық жұмыстар, рефераттар және сынақтар, баяндамалар мен пән бағдарламасының тапсырмаларды оқытудың басқа да түрлерін жүзеге асыру бойынша кеңес сапасын жақсарту мақсатында пәннің жекелеген секциялары бойынша оқытушымен байланыста болуы және студенттің сабақтан тыс жұмыстары болып табылады. СОЖӨЖ бақылау нәтижелері академиялық кезең ішінде тесстер, емтихандар, коллоквиумдар, рефераттар мен баяндамалар түрінде, сондай-ақ тақырып бойынша студенттердің білімін аралық және қорытынды бақылау кезеңімен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |