ДӘріс №17 негізгі деректер қорына түсінік жоспар



Дата21.07.2016
өлшемі76.09 Kb.
#214511
ДӘРІС № 17

НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНА ТҮСІНІК
Жоспар

  1. Деректер қоры ұғымы.

  2. Деректер қорының жіктелуі.

  3. Деректер қорын басқару жүйесі.

  4. Microsoft Acces программасын іске қосу мен жұмысты аяқтау


1. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ ҰҒЫМЫ

Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, түрлі құрылымды мекемелерде мәліметтерді дайындау, өңдеу, сақтау іс-әрекеттері жиі кездеседі. Оларды сақтаудың кең тараған тәсілі - компьютерде мәліметтер қоры түрінде сақтау. Мәліметтер қоры деп құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылатын мәліметтік файлды айтады.



Мәліметтер қоры дегеніміз - ЭЕМ-ның сыртқы жадында ұзақ мерзім бойы сақтауға, оларды үнемі жаңарып отыруға және қолдануға арналған мәліметтердің ұйымдасқан жиынтығы.

Деректер қоры түсінігі мен деректер қорын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалық құралдар кешені жаңа деректер қорын құру, оның мазмұнын толықтыру, мазмұнын түзету және ақпаратты визуалдауға арналған. Ақпаратты визуалдау түсінігіне ұсынылған критерилерге сәйкес деректерді жинақтау, реттеу, көркемдеу, басып шығару және байланыс каналдары арқылы жіберу түсінігі енгізіледі. Әлемде деректер қорын басқарудың көптүрлі жүйелері бар. Олардың барлығы әртүрлі объектілермен әрқалай жұмыс атқарады, пайдаланушыға әртүрлі функциялар мен құралдарды ұсынады, ДҚБЖ –нің көпшілігі қалыптасқан негізгі түсініктер кешеніне сүйеніп жұмыс жасайды.

Деректер қоры сөзі мағынасын кеңінен алып қарастырсақ ол қандай бір заттақ аймақта, шынайы әлемдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтердің жиынтығы.

Деректер қорын құрып отырып пайдаланушы ақпараттарды қандай бір белгісі, қасиеті бойынша тез реттегісі келеді. Осы кезде деректер құрылымына көп көңіл бөлінеді.

Деректер құрылымын жасау дегеніміз - деректерді құрылу ретіне қарай орналастыру. Құрылымы жасалмаған деректер деп мәтіндік файлдарды айтады. Төменде студент жайында құрылымы жасалған және құрылымы жасалмаған мысалдар келтірілген.

Құрылымы жасалмаған деректер: Жеке іс қағазы № 12456 Әлиев Жебе Жүргенұлы, туған мерзімі 1 қаңтар, 1981ж.; Ж/і қағазы №12457 Сарина Жаннұр Мұратқызы, туған мерзімі 12 сәуір 1982ж.; Ж/і қағазы №14895 Жүнісова Меруерт Болатқызы, т/м 28 наурыз 1981ж.

Құрылымға келтірілмеген деректермен жұмыс жасау қиынға соғатынын байқауға болады.



Құрылымға келтірілген деректер:

Жеке іс қағазының №

Фамилиясы

Аты

Әкесінің аты

Туған мерзімі

12456

Әлиев

Жебе

Жүргенұлы

01.01.1981

12457

Сарина

Жаннұр

Мұратқызы

12.04.1982

14895

Жүнісова

Меруерт

Болатқызы

28.03.1981

Осы деректерді жүйелеп және олармен жұмысты автоматтандыру үшін деректерді енгізу, ұсыну жайында ортақ ережеге келіп алуы керек. Мысалы: барлық студенттің туған мерзімі бірдей ұзындықта болуы керек т.с.с. Бұл ескертулер қалған деректер үшін де сақталуы керек.
2. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ.

Деректер қоры негізінде үш белгі бойынша жіктеледі:



1-ші белгісі - сақталынған ақпараттың сипатына қарай деректер қоры фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.

  • фактографиялық деректер қоры қатаң анықталған пішінде ұсынылған, жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтерден тұрады. Мысалы: кітапханадағы кітаптар қорының деректер қорында әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы, аты және т.б. Кітаптың мәтіні деректер қорында сақталмайды.

  • құжаттық деректер қоры әр түрлі типтегі: мәтіндік графикалық, дыбыстық, мультимедиялық кең көлемдегі ақпараттардан тұрады. Мысалы: заңдық актілердің құжаттық деректер қоры заңдардың мәтінінен тұрады. Құжаттық деректер қоры – бұл архив.

2-ші белгісі - ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер қоры орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді.

  • орталықтандырылған деректер қоры - барлық ақпарат бір компьютерде сақталады;

  • бөлектелінген деректер қоры компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылды және ақпараттың әртүрлі бөліктері бөлек компьютерде сақталуы мүмкін.

3-ші белгісі - ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер қоры реляциялық, иерархиялық, желілік болып бөлінеді.

  • реляциялық деректер қоры деп өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған деректер қорын айтады. Қарапайым жағдайда ол тік бұрышты кестеден немесе кестелер тобынан тұрады;

  • иерархиялық деректер қоры деп белгілі бір ереже бойынша байланысқан элементтер жиынтығын атайды;

  • желілік деректер қорында негізгі түсініктермен қоса әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланысқан болуы мүмкін.


3. ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ.

Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы – ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ деп аталады. Деректер қорын басқару жүйесінің бірнеше түрлері бар: dBASE, FoxPro, Paradox, Fox-Base, Microsoft Access 97, Microsoft Access 2000 және т.б.

Деректер қорын басқару жүйесінде кез-келген деректер қорын өңдеудің тізбектей орындалатын бірқатар кезеңдері қортындыланған:




ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ӨҢДЕУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ СЫЗБАСЫ.

Блок – схемада берілген деректер қорын басқару жүйесіндегі деректер қорымен жұмыс атқарудың негізгі кезеңдері кез-келген тізбекте реттелуі мүмкін.


4. MICROSOFT ACCESS ПРОГРАММАСЫН ІСКЕ ҚОСУ МЕН ЖҰМЫСЫН АЯҚТАУ.

Microsoft Acces программасын іске қосудың бірнеше жолдары бар:

    • ПУСКПРОГРАММЫMICROSOFT ACCESS;

    • MICROSOFT ACCESS бағдарламасында құрылған кез-келген файлдың шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы;

    • Асcеss программасының файлдарының типі .mbp болады. ПУСК НАЙТИОБЗОР командаларын орындап Microsoft Office пакетіндегі MICROSOFT ACCESS программасының шартбелгісінде тышқанды шерту арқылы;

    • MICROSOFT ACCESS программасының терезесінде ФАЙЛ ОТКРЫТЬ командаларын орындау арқылы;

    • Егер деректер қоры жақын арада қолданылған болса, оны ПУСК ДОКУМЕНТЫ командаларын орындау арқылы да ашуға болады;

    • СІЛТЕУІШ (Проводник) программасының көмегімен де MICROSOFT ACCESS программасын іске қосуға болады.

Access программасынан шығудың бірнеше жолы бар:

  • Access программасын жабуға арналған батырманы шерту арқылы (бұл батымаларды х суреттемесі болады).

  • Файл меюінен Шығу (Выход) командасын орындау арқылы.

  • Access прораммалау терезесінің контекстік менюінен Жабу (Закрыть) командасын шақыру.

  • [Alt + F4] пернесін басу арқылы.

Деректер қоры өрістерінің қасиеттері. Деректер қорының өрістері тек деректер құрылымын ғана емес, сондай-ақ әр өріске тиісті ұяшықтарға жазылатын дерек қасиеттерінің жиынтығын анықтайды. Өрістердің негізгі қасиеттері келесідей:

  • Өріс аты – деректер қорымен автоматты түрде орындалатын амалдар кезінде осы өрістегі деректерге қандай атпен қатынас жасау керектігін көрсетеді (үнсіз келісім кезінде өріс аты ретінде кесте бағандарының тақырыптары алынады);

  • Өріс типі – осы өрісте жазылатын деректер типін анықтайды;

  • Өріс өлшемі – осы өрісте жазылатын деректердің ұзындық шегін анықтайды;

  • Өріс форматы – осы өріске тиісті ұяшықтарда жазылған деректерді форматтау тәсілін анықтайды;

  • Енгізу маскасы – деректерді енгізуді автоматтандыру құралы.

Деректер типі. Деректер қоры деректердің келесідей типтерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді:

  • Текстік – әдеттегі, форматталмаған, ұзындығы шектелген (255 символға дейін) тексті сақтау үшін қолданылатын деректер типі;

  • Мемо өрісі – үлкен көлемді текстерді сақтауға арналған деректердің арнайы типі; Текст өрістерде сақталмайды. Ол деректер қорының басқа жерінде сақталады, ал өрісте оған сілтеме беріледі;

  • Сандық – нақты сандарды сақтауға қолданылатын деректер типі;

  • Күн/уақыт – күнтізбелік күндерді және ағымдағы уақытты сақтауға арналған деректер типі;

  • Қаржылық – қаржылық соманы сақтау үшін қолданылатын деректер типі;

  • Есепші (счетчик) – жазбаларды ретті түрде нөмірлеуге қолданылатын арнайы деректер типі;

  • Логикалық – логикалық деректерді сақтауға арналған тип (иә немесе жоқ деген екі мәнді ғана қабылдай алады);

  • OLE объектісі өрісі – OLE объектілерін (мысалы, мультимедиалық) сақтауға арналған деректердің арнайы типі;

  • Гиперсілтеме – URL Web адрестерін - Интернет объектілерін сақтауға арналған арнайы өріс; Интернет файлдарды қарап шығу үшін арнайы программа жұмыс істеуі қажет. Жұмыс барысында гиперсілтемелер басқа түспен боялып көрсетіліп тұрады;

  • Шебер – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу (диалог) ісін атқара отырып, қойылған мәселені шешетін керекті мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс жасауды жеңілдету үшін ШЕБЕР жұмысы бірнеше қадамдардан немесе кезеңдерден тұрады. Жұмыс барысында өткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетсіз кезеңді аттап кетуге болады. Программаға ШЕБЕР мүмкіндігін енгізу программаларды жетілдірудің бір жолы болып табылады.

Деректер қоры объектілері. Объектілердің негізгі типтері:

Кестелер. Деректер қорымен жұмыс істеуге арналғаннегізгі объект, деректер қоймасы. Ол өрістер мен жазбалардан тұрады.

Сұраныс (таңдауға). Жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгілеген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелетін өрістерден немесе басқа кестеден алынған өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.

Қалып (форма). Деректерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері.

Басылым (отчет). Деректерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі.

Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.

  1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?

  2. Деректер қоры қалай жіктеледі?

  3. Деректердің өріс типтерін ата

  4. Сұраныс, қалып, басылым дегеніміз не?

  5. Деректер қорын басқару жүйесі дегеніміз не

  6. Мәліметтер қорының объектілерін сипаттап бер

  7. Access программасының атқаратын қызметі


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. В. Симонович «Информатика для экономистов» 360 бет

  2. Балапанов «Информатикадан 30 сабақ»


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет