ДӘріс №19 Турбо Паскаль тілінде программалау негіздері жоспар



жүктеу 53.01 Kb.
Дата06.06.2016
өлшемі53.01 Kb.
ДӘРІС № 19

Турбо Паскаль тіліНДЕ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІ
Жоспар

  1. Турбо Паскаль ортасымен танысу

  2. Тіл алфавиті

  3. Паскаль тіліндегі программаның құрылымы


1. ТУРБО ПАСКАЛЬ ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ

Бағдарлама – компьютерді басқаруға арналған командалардың логикалық реттелген жиынтығы. Машиналық кодпен программа құру күрделі. Сондықтан қазіргі кезде барлық программалар бағдарламалау тілдері арқылы құрылады. Турбо Паскаль тілінде программалау жүйесі программалау тілі компляторы және бірнеше құрал сайманды програмалау қабықшаларымен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін программалау тілі. (Тіл француздың атақты математигі және философының құрметіне аталған.)

Функциональды пернелері. Функциональды пернелер Турбо Паскаль ортасын басқаруға арналған. Олар F1, F2, … F12 деп белгіленеді және пернетақтаның жоғарғы қатарында орналасқан. Барлық функциональдық пернелерді Ctrl, Alt, Shift пернелерімен бірге қолданып әртүрлі командалар алуға болады.

F1 –анықтамалық жүйе

F2-дисклік файлға түзетілетін мәтінді жазу

F3- дисклік файлдан редактор терезесінде мәтінді оқу

F4- программаның орындалуының басталуы мен аяқталуы немесе курсор орналасқан жерде тоқтау

F5- белсенді терезені толық экранға жаю

F6- келесі терезені белсенді жасау

F7- өңдеу режимінде қолданылады;

Alt+ F9 –бағдарламаны компиляциялау;

Ctrl +F9 –бағдарламаны компиляциялау және орындау;

ALT+F5 – редактор терезесін нәтижелер шығарудың қара терезесіне алмастыру;

ALT+X –Turbo Pascal ортасынан шығу;


2. ТІЛ АЛФАВИТІ

Кез келген тіл алфавиттен басталады. Паскаль тілінің алфавитінде белгілердің үш тобын бөлуге болады: әріптер, сандар және арнаулы символдар. Әріптер ретінде латынның А-дан Z-ке дейінгі бас әріптері қолданылады. Тілдің кейбір нұсқаларында әріптер құрамын орыс не қазақ сөздері тек қана комментарий ретінде қолданылады. Цифрлар ретінде кәдімгі ондық цифрлар қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

Арнаулы символдардың тобы едәуір көп және одан үш негізгі топшаны бөліп алуға болады: арифметикалық операциялар белгілері, салыстыру операция белгілері, бөлгіштер. Алған білімді тәжірибеде қолданып көрелік және екі санның қосындысын есептейік. Есеп шешудегі біздің әрекетімізді компьютердің көмегінсіз –ақ кәдімгі әдіспен модельдеп көрелік. Ең алдымен бірінші және екінші қосылғыштың мәне неге тең екенін біліп алу қажет. Қосылғыштардың мәнін біз қайда сақтаймыз. Қағазда не өзіміздің жадымызда. Содан соң “қосу” нұсқауын алғаннан кейін біз керекті әрекетті орындап, жауабын аламыз. Ал жауап қайда сақталады, біздің жазымызда не қағазда. Машина тура осы амалдарды орындайды:


  1. қосылғыштардың мәнін қабылдайды

  2. қосылғыштардың мәнін келесі нұсқауға дейін сақтайды.

  3. берілген қосылғыштарға қажетті амалдар қолданып, оларды сақтайды, бұл жағдайда қосындыны сақтайды.

  4. адамға жауабын хабарлайды, яғни жауапты көрсетуге мүмкін болатын блок не құрылға қажет.

ЭЕМ-нің негізгі блоктарын біле отырып, ЭЕМ-да есептерді шығару үшін жүретін амалдар тізбегінің жүрісін түсінетін боламыз. Ықшамдалған

түрде ол былай болады:



Тапсырманың қойылуы - алгоритм – бағдарлама – мәтін – нәтиже

Сонымен қорытындылап және қысқаша айтқанда екі санның қоындысын есептеу үшін:

а. Айнымалылардың мәнін енгізу ережесі;

ә. “қосу” және қосындыны сақтау ережесі,

б. Нәтижені шығару ережесі

Ережелерді Паскаль тілінде

Мәліметтерді енгізу: read (a,b), readln (a,b)

Қосу ережесі: с:=а+b

Мәліметтерді шығару тізімі write(шығару тізімі), writeln(шығару тізімі)
3. ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕГІ ПРОГРАММАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

П


Program …; { бағдарламаның тақырыпшасы }
Var …; { айнымалылар бөлімі }
Begin { басы }

. . . { орындалу бөлігі}
end. {бағдарлама соңы
рограмма –қандай бір есепте шешудің алгоритмін орындаушы ЭЕМ-ге арналған реттелген амалдар тізімі. Паскаль тілінде жазылған бағдарлама PROGRAM деп аталатын тақырыптан басталады, одан кейін бағдарламаның аты жазылып, END қызметші сөзімен және нүктемен аяқталады. Бұл сөздердің арасында бағдарламаның екі бөлімі орналасады: мәліметтерді суреттеу бөлімі және амалдарды суреттеу бөлімі. Амалды біз оператор деп атайтын боламыз. Схемалық түрде ол былай болады:


Тақырыбы




Мәліметтерді суреттеу бөлімі немесе сипаттама бөлімі


Программаның соңы


Операторлар бөлімі




Сипаттама бөлімі бағдарламада кездесетін барлық деректерді жариялау үшін қолданылады. Бұл бөлімге тамға жариялау, тұрақтыларды жариялау, типтерді жариялау, айнымалыларды жариялау, функция мен процедураларды жариялау жатады.

Операторлар бөлімі мына түрдегі операторлық жақшалармен жасалады: Begin (бастау) және (аяқтау). End сөзінен кейін нүкте қойылады.

Төменде Паскаль тілі бағдарламасының құрылымы жалпы түрде көрсетілген:

Program prob;

LABEL – ( таңба жариялау)

CONST – (тұрақты жариялау)

TYPE - (типті жариялау)

VAR - (айнымалы жариялау)

PROCEDURE, FUNCTION- (процедура мен функцияны жариялау)

BEGIN


Оператор 1;

Оператор 2;

. . . ;

Oператор n-1;



Оператор n;

End.


Бағдарламаның өзі еркін түрде жазылады. Бағдарламалаудың басқа тілдеріне қарағанда өзгешелігі операторлар бір жолдың белгілі позициясына бекітіліп жазылмайды. Бір жолдан екінші жолға операторларды тасымалдауға рұқсат етіледі, бірақ сөздерді, тұрақтыларды және құрама символдар тасымалданбайды.Бағдарлама тақырыпшасын, сипаттама бөлімін және операторлар бөліміндегі Begin, Program, End қызмет сөздерін жеке жолда жазуға ыңғайлы болып табылады.

Мысал: Келесі қарапайым бағдарламаны қарастырып көрелік

V=(4/3) R3 формуласы бойынша шардың көлемін тап.

R=0,2 - шар радиусы; =3,14

Program prob;

Const pi=3.14;

Var

R:real; V:real;



Begin

R:=0.2; V:=4*pi*R*R*R/3;

Writeln(‘шар көлемі =‘,V:8:3)

End.


Мысалы: Қабырғалары а,b болып табылатын тік төртбұрыштың периметрін есепте. Қабырғаларының мәні а=8, b=21 болсын. Периметрді табу үшін Р=(а+в)/2 формуласы қолданылады.

P
в


rogram Prob1;

Var a,b,p:integer;

B
а


egin

A:=8;


B:=21;

P:=(a+b)*2;

Write (p)

End.


Бағдарлама стандартты тақырыпша Program–нан тұрады. Тақырыпшадан соң деректер сипатталады. VAR сөзінен кейін бағдарламада кездесетін барлық айнымалылар (А, В, Р) жазылып, : (қос нүктеден ) кейін айнымылы типі енгізіледі. А, В, Р:integer. Әрі қарай Begin және End сөздерінің ортасында операторлар орналасады. Алдыменен А, В айнымалыларына олардың сандық мәні меншіктеледі де содан соң формула бойынша тік төртбұрыштың периметрі есептелінеді. Write (P) операторының көмегімен есептелген мәнді экранға шығарамыз.

Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.

  1. Бағдарлама дегеніміз не?

  2. Паскаль тілінің алфавиті қандай?

  3. Паскаль тілінде бағдарламаны жазу құрылымы қандай?

  4. Сипаттама бөлімі неден тұрады?

  5. Алгоритмдік тіл дегеніміз не


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. С. Немнюгин «Turbo Pascal» 158 бет


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет