Дәріс №2 Тақырыбы: алгоритмдер және шамалар мазмұны: Есептерді компьютерде шешу



бет2/4
Дата21.09.2023
өлшемі113.1 Kb.
#478199
1   2   3   4
Дәріс 2

Берілгендер және шамалар. Компьютер жұмыс істейтін шамалар жиынтығы берілгендер деп аталады. Программаға қатысты есептеу барысында алынатын бастапқы, соңғы (нәтижелер) және аралық берілгендер болады (сур. 1.1).
Мысалы, ax2 + bx + c = 0 квадрат теңдеуін шешу барысында бастапқы берілгендер — a, b, c, нәтижелер — теңдеу түбірлері болып табылатын x1, x2, және аралық берілгендер — D = b2 - 4ac теңдеу дискриминанты.
Программалауды сәтті меңгеру үшін келесі ережені білу керек: әрбір шаманың ЭЕМ жадысында белгілі бір өз орны болады, кейде ол жады ұяшығы деп аталады. Қазіргі ЭЕМ архитектурасы үшін
«ұяшық» термині біраз ескірді, бірақ білім беру мақсатында оны пайдалану ыңғайлы.
Кез-келген шама үш басты қасиетке ие: атауы, мәні және типі. Шама процессордың командалық деңгейінде сақталатын жады ұяшығының мекен-жайы арқылы анықталады. Алгоритмдер мен программалау тілдерінде шамалар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Тұрақтылар — мәндері өзгермейтін, алгоритмде өзіндік мәні бар шамалар болып табылады, мысалы: 15, 34.7, k, True және т.б. Айнымалы шамалар программаны орындау кезінде өздерінің мәндерін өзгерте алады және символдық атауларымен – идентификаторлармен ұсынылады, мысалы: X, S2, cod15 және т.б. Кез-келген тұрақты және айнымалы мәндер жадыда орнын алады және осы шамалардың мәндері осы ұяшықтағы екілік кодпен анықталады.
Енді шамалар типтері — берілгендер типтері — информатика курсындағы мәліметтер қорлары мен электрондық кестелерді оқу
барысында кездескен ұғымдар жөнінде баяндаймыз. Бұл ұғым программалаудағы негізгі ұғым болып саналады.
Әрбір программалау тілінің өз тұжырымдамасы және өзіндік берілгендер типтер жүйесі бар. Дегенмен, кез келген тіл кем дегенде негізгі берілгендер типтер жиынтығын қамтиды: бүтін, нақты, логикалық және символдық. Шамалар типтері рұқсат етілген мәндер жиынтығымен, рұқсат етілген операциялар жиынтығымен, ішкі ұсыныс формасымен сипатталады (1.1-кесте).
Тұрақты типтері мәтін мәнімен анықталады (яғни, мәтіндегі жазылу формасы бойынша) және айнымалы типтері айнымалылардың сипаттамаларында белгіленеді.
Құрылымы бойынша берілгендер қарапайым және құрылымдық болып бөлінеді. Сонымен қатар, скаляр деп аталатын қарапайым шамалар үшін мынадай тұжырымдама сәйкес келеді: бір шама — бір мән, ал құрылымдық шамалар үшін: бір шама бірнеше мәндердің жиынтығы.

1.1- кесте. Негізгі берілгендер типтері.

Тип

Мағынасы

Амалдар

Ішкі көрініс

Бүтін

Кейбір диапазон бойынша оң бүтін және теріс сандар, мысалы: 23, -12,
387

Бүтін сандармен орындалатын арифметикалық амалдар: қосу, азайту, көбейту, бүтін бөлу және қалдықпен бөлу. Қатынас амалдары (<,
>, = және т.б.)

Тұрақты нүктелі формат

Нақты

Кез-келген (бүтін және бөлшек) кейбір диапазондағы сандар, мысалы:
2.5, - 0.01, 45.0, 3.6

Арифметикалық амалдар. Қатынас амалдары

Жылжымалы нүктелі формат

Логикалық

True (ақиқат) False (жалған)

Логикалық амалдар: ЖӘНЕ (and), НЕМЕСЕ
(or), ЖОҚ (not). Қатынас амалдары

1 — True; 0 — False

Символдық

Компьютер әліпбиінің кез- келген символдары, мысалы: а,5, +, $

Қатынас амалдары

Символдық кодтау кестесі, мысалы: ASCII
— бір символ — 1
байт; Unicode — бір символ — 2 байт

Құрылымдық шамаларға жиымдар, жолдар, жиындар және т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет