Түтіктер мен қабықшаның көбірек орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін басы қозғалатын жылу алмастырғыштарды пайдаланады (8, б суреті). Төменгі түтік торы (2) қозғалғыш болып келеді, бұл бүкіл түтік шоғырына аппарат корпусынан тәуелсіз еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Бұл түтіктердің қауіпті температуралық деформациясы мен түтік торларымен жалғану тығыздығының бұзылуын болдырмайды. Алайда, температуралық ұзарулардың компенсациялануы бұл жағдайда жылу алмастырғыш құрылысының ауырлауы есебінен жеткізіледі. - Түтіктер мен қабықшаның көбірек орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін басы қозғалатын жылу алмастырғыштарды пайдаланады (8, б суреті). Төменгі түтік торы (2) қозғалғыш болып келеді, бұл бүкіл түтік шоғырына аппарат корпусынан тәуелсіз еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Бұл түтіктердің қауіпті температуралық деформациясы мен түтік торларымен жалғану тығыздығының бұзылуын болдырмайды. Алайда, температуралық ұзарулардың компенсациялануы бұл жағдайда жылу алмастырғыш құрылысының ауырлауы есебінен жеткізіледі.
- U-тәрізді түтіктері бар қабықшалы жылу алмастырғышта (8, в сурет) түтіктердің (3) өздері компенсациялаушы құрылғылардың ролін атқарады. Осы кезде тек бір қозғалмайтын түтік торы болатын аппараттың құрылысы қарапайымдылау және жеңілдеу болады. Түтіктердің сыртқы беті бүкіл түтіктерді корпустан алып шыққанда оңайлықпен тазартылады. Одан басқа, осындай құрылысты жылу алмастырғышта (екі немесе көп жүрісті) айтарлықтай қарқынды жылу алмасу жүруі мүмкін. U-тәрізді түтікті жылу алмастырғыштардың кемшіліктері: түтіктердің ішкі бетін тазалаудың қиындығы, түтік торында түтіктердің үлкен санын орналастырудың күрделігі.
Элементтік жылу алмастырғыштар. Түтік аралық кеңістікте аппартты тазалауды қиындататын бөгеттерді қолданусыз ортаның қозғалу жылдамдығын арттыру үшін элементтік жылу алмастырғыштарды қолданады. Мұндай жылу алмастырғыштың әрбір элементі қарапайым қабықшалы-түтікті жылу алмастырғыш болып келеді. Қыздрылатын және суытылатын орталар диаметрі кішірек қабықшадағы түтіктер шоғырынан тұратын бөлек элементтерден кезектесіп өтеді. - Элементтік жылу алмастырғыштар. Түтік аралық кеңістікте аппартты тазалауды қиындататын бөгеттерді қолданусыз ортаның қозғалу жылдамдығын арттыру үшін элементтік жылу алмастырғыштарды қолданады. Мұндай жылу алмастырғыштың әрбір элементі қарапайым қабықшалы-түтікті жылу алмастырғыш болып келеді. Қыздрылатын және суытылатын орталар диаметрі кішірек қабықшадағы түтіктер шоғырынан тұратын бөлек элементтерден кезектесіп өтеді.
- Элементтік жылу алмастырғыштарда орталардың өзара қозғалысы таза қарсы ағынның эффективті сұлбасына жақындайды. Алайда, жалпы жылу алмасу бетінің бөлек элементтерге бөлінуінен құрылыстың өлшемдері үлкейіп, бағасы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |