ДӘріс №21 интернет туралы жалпы ұҒЫМ. Жергілікті және ауқымды желілер жоспар



Дата06.03.2016
өлшемі63.11 Kb.


ДӘРІС №21

ИНТЕРНЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ. ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ АУҚЫМДЫ ЖЕЛІЛЕР
Жоспар

  1. Компьютерлік желі ұғымы

  2. INTERNET желісі

  3. World Wide WEB


1. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ ҰҒЫМЫ

Компьютерлік желі (КЖ) немесе ЭЕМ желісі деп ақпаратты-есептеуіш жұмыстарын орындаған кезде есептеуіш дәрменділігін және естеу сақтаушы құралдарын тиімді қолдану үшін желілік программалық қамтамасыздандыру және өзара деректерді беру каналдарымен байланысқан ЭЕМ-дың териториялық кешенін айтады.

Жалпы жағдайда компьютерлік желілер бір біріне енгізілген үш ішкі жүйлердің жиынтығын құрайды.



  • Жұмысшы станциялар желісі

  • Серверлер желісі

  • Деректерлі берудің негізгі желісі

Егер желіде сервер болмаса онда компьютерлік желілерді бірдәрежелі деп атайды немесе екідәрежелі деп аталады, егер желіде сервер болса.

Жұмысшы станциялар желісі. Жұмысшы станцияларды олардың арасындаға желі арқылы сервермен және өзара байланыстыратын желі. Жұмысшы станция дегеніміз (клиенттік машина, жұмыс орны, абонеттік орын, терминал) – компьютерлік желінің абоненті жұмыс істейтін компьютер.

Серверлер желісі – серверлерді олардың арасындағы желі арқылы негізгі желімен және өзара байланыстыратын желі. КЖ-нің ортақ мәселелерін орындайтын және жұмыс станцияларына қызмет көрсететін компьютерді сервер деп атайды.

Деректерді тасымалдаудың негізгі желісі – серверлер арасында мәліметтер тасымалдау жиынтығы. Ол байланыс каналдары мен түйіндерінен тұрады. Байланыс түйіні деп – коммутация құралдары мен бір пунктте мәліметтерді тасымалдау жиынтығын айтады. Байланыс түйіні байланыс каналы арқылы түскен мәліметті қабылдап алады да оны абонентке баратын каналға жібереді. Мәліметтерді тасымалдаудың негізгі желісі компьютерлік желілердің ядросы болып табылады және ол компьютерлерді, басқа құрылғыларды байланыстыруды жүзеге аырады.

Ж
елі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі топологиясы деп атайды. Желі топологияларының түрлері көп, олардың ішіндегі негізгілері: шиналық, сақиналық, жұлдыз тәрізді түрлері болып табылады



а ә б

Сурет 1. Желі топологиясының түрлері:

а) шиналық, ә) сақиналық б) жұлдық тәрізді



Желінің түрлері. Желінің екі түрі бар: жергілікті желі және ауқымды желі.

Бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлерді біріктіретін жүйелер жергілікті желі деп аталады. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі.

Егер желі үлкен қаланың, елдің немесе дүние жүзінің компьютерлерін қамтитын болса, онда оны ауқымды желі деп атайды.

Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.

Желіге енетін компьютерлер бірігіп пайдалана алады:


  • Мәліметтерді;

  • Хабарларды;

  • Принтерлерді;

  • Факстік аппараттарды;

  • Модемдерді;

  • Басқа да құрылғыларды.


2. INTERNET ЖЕЛІСІі

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылары мен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі интернет желісінің күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір- бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соңы пайдалана аланытын қуантады. Қазірде интернет жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күңіңізге» айналып барады. Оның қүрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30000000-ға жуық адам істеп жатыр. Интернет желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC президентінің жақында интернет желісін пайдаланушылар саны 1000000000-қа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық еш нәрсе жоқ. Сол себепті интернет бізге «даналық көзі» болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс минимтрлігінің APRANET компьютерлік жүйесң болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желелерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол- желілердің желісі. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерде, тіпті мектептерде де орналасқан.

Интернеттің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBC тәрізді жұмыс істейді. Интернетке қосылу дегеніміз- басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден үкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді дыбыс клиптерін бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдалатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхит аралық қабіл құнын – кімдер, қалай бөлісіп көтеретін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып демалғыңыз келіп отыр, сол жердегі акваланг пен жүзуге ыңғайлы орын туралы білігіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз.

Интернетпен қатынас құру. Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа кереті ақпарат, сурет немесе кітап та болу мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастыраық. Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданады. Практикада FTP не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогты немесе почталық хабарда «файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу» деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді.FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP – сервер деп аталады.

Netscape Navigator және Internet Explorer тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде «тышқан» тетігінің батырмасын басуға ғана тілегенін айтуға болады. Керекті файлды не каталогты алу үшін курсорды сол файл атына алып бару керек, сол сәтте курсор сұқ саусағы сол файлды көрсетуге бағытталған қол бейнесіне айналып, тышқан батырмасын шерту арқылы, сол файлдың мәтін алуға мүмкіндік аламыз. Сол мәтін өз компьютерімізге жеткізіледі. Жоғарғы деңгейдегі каталогқа өту керек болса, «Артқа» батырмасын басамыз немесе жоғары жақтағы «бір деңгей жоғары шығу» батырмасын басу жеткілікті.

Браузер арқылы кез келген уақытта басқа FTP-серверге ауыса аламыз. Ол үшін «Адрес» деген терезеге жаңа адрес енгізіп,Enter пернесін басу қажет немесе «Адрес» өрісінің оң жағындағы бағыттауыш тілсыздық батырманы басып, шыққан тізімнен керектісін таңдап алған жөн. Керекті адресті «Таңдамалар» батырмасы арқылы да тізімдер ішінен тауып алуға болады.

Браузермен жұмысты аяқтау үшін «файл» менюінің «жабу» пунктін орындау керек. Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы «Х» батырмасын пайдаланса да болады.

Интернет ішінен керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өтейік. World wide web, яғни «дүниежүзілік өрмек» информация іздеп бүкіл дүниежүзіне «электрондық саяхат» жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі информация алуға болатынын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептеледі. Интернеттің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.

Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішіне тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз, бірақ, қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады.



Гипермәтін деген не ?

Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арқылы тез өтуді қамтамасыз етеді.



Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.

  1. Интернет дегеніміз не?

  2. Компьютерлік желі дегеніміз не?

  3. WWW қандай қызмет атқарады?

  4. Браузер ұғымы.

  5. Компьютерлік желілердің түрлеріне сипаттама беріңіз?

  6. Компьютерлік топология түрлері



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 198 - 203 беттер

  2. «Информатикадан 30 сабақ» 311 - 334 беттер

Каталог: files -> lesson
lesson -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
lesson -> ДӘріс №2 Ақпараттың өлшем бірлігі. Ақпаратты кодтау. Жоспар
lesson -> Оқулық. дидактикалық Жұмыс дәптері. қамсыздандыру
lesson -> ДӘріс №5 windows операциялық ЖҮйесінің негізгі функциялары мен оларды басқару жолдары. Жоспар
lesson -> Стратегический маркетинг
lesson -> Сабақтың мақсаты: «Файлдар», «қапшықтар», «таңбашалар»
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақталық тренажер
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Windows 98-дің WordPad қолданбасымен танысу. Бағдарламалық оетс, Windows ож
lesson -> Мерзімі сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылғылары. Бағдарламалық
lesson -> Оқулық. дидактикалық Жұмыс дәптері. қамсыздандыру: Мәтін, графикалық сурет, музыкалық шығарма техникалық


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет