Дәріс 3 Қарастырылатын мәселелер



бет3/5
Дата28.01.2024
өлшемі32.98 Kb.
#490083
1   2   3   4   5
stud.kz-105090

Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары жəне төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал төменгі сословиеге қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы жəне төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Əсіресе XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мəні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.
3. К. Маркс жəне М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла бастады. К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан əрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нəтижесінде ол əлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті, бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен, К. Маркс қоғамда негізгі жəне негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда құл иеленушілік қоғамдықэкономикалық формацияның негізі таптары – құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.
Негізгі емес таптар – өткен дəуірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары.
Мəселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.
К. Маркс қоғамда негізгі жəне негізгі емес таптардан басқа əлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Əлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал буржуазиядан айырмашылығы меншік иесі емес. Олай болса, бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.
К. Маркс интеллигенцияны əлеуметтік топқа жатқызады, өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері аз жəне олар шығу тегі жағынан да əртүрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық жəне пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.
К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тəсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мəнін түсіндірді жəне өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.
К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан əрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919 жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына, қатынасына қарай жəне қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың əдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы, сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдарының еңбегін қанауды айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге:
адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын;
олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын;
еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты;
қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың əдісін;
қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады.
Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.
Əлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мəселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше жəне оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кəсіби дəрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.
Екіншіден, М. Вебер адамның статусын саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді.
М. Вебердің пікірінше, статус əлеуметтік топтар мен индивидтердің қоғамдағы алатын орны мен мəртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал адамның статусы білімі мен шеберлігінің дəрежесі, өмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет