Көлденең жолақты ет ұлпасы — қаңқа бұлшықет ұлпасы және жүрекет ұлпасы болып екіге бөлінеді. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы — қаңқаның, тілдің, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, көкеттің бұлшықеттерін құрайды. Көкет - көкірек және құрсақ қуыстарын бір-бірінен бөліп тұрған, пішіні күмбез тәрізді жалпақ жұқа бұлшық ет. Күмбездің дөңес келген ортаңғы сіңірлі төбесі көкірек қуысына қарай бағытталған. Көкеттің шеткі етті бөлігі — тарамдалған бұлшықет будаларынан тұрады. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты.
«Анатомия, спорттық морфология негіздері» пәні
Практикалық сабақ №4
Тақырып: Қаңқа бұлшық еттері
Жоспар:
1. Бұлшық еттің қызметтері
2. Бас, мойын, тұлға бұлшық еттері
3. Қол, аяқ бұлшық етттері
Практикалық сабақ мазмұны
Тапсырма 1. Бұлшық еттің қызметтері
1.1 Бұлшық ет жиырылуы мен босаңсуы
1.2 Бұлшық ет қажуы мен шаршауы
Тапсырма 2. Бас, мойын, тұлға бұлшық еттері
2.1 Бас, мойын бұлшық еттері қызметі
2.2 Тұлға бұлшық еттері қызметі
Тапсырма 3. Қол, аяқ бұлшық етттері
3.1 Қол бұлшық еттері қызметті
3.2 Аяқ бұлшық етттері қызметі
Тапсырма 4. Бұлшық ет құрылысы, Бас, мойын, қол, аяқ бұлшық еттерін бейнелік суреттеу
Бағалау саясаты
- Практикалық сабақ айтылымы 60 балл
- Практикалық сабақ жазылымы 10 балл
- Практикалық жұмыс суреттелуі 10 балл
- Қосымша ғылыми зерттеу ақпартарын нассихааттау 10 балл
- Ұғымдарды айқындау 10 балл
Тыңдағандарыңызға рахмет! Білімі сапалы, келбеті көркем, тұлға бұлшықетттері сымбатты ұл-қыздар болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |