Дәріс №4. Күштер. Механикадағы күштер


Бүкіләлемдік тартылыс заңының қолданысы



бет2/5
Дата01.12.2023
өлшемі176.33 Kb.
#485095
1   2   3   4   5
4 лекция БӘТЗ

Бүкіләлемдік тартылыс заңының қолданысы
Бүкіләлемдік тартылыс заңының негізінде аспан денелері анықталып, олардың қозғалысының механикасы пайда болды. Осы заңның арқасында аспан денелерінің қозғалысы, олардың орны, траекториялары өте жоғары дәлдікпен есептелген. Сонымен қатар БӘТЗ жасанды Жер серіктері мен планетаралық автоматтандырылған аппараттардың қозғалысын есептеуде қолданылады.
Сонымен қатар, БӘТЗ көмегімен планеталардың және олардың серіктерінің массасы, мұхиттардағы судың тартылуы, тасуы сияқты табиғи құбылыстар түсіндіріледі.
Кеплер заңдары
Көп жыл бойына жүргізген бақылаулары мен зерттеулерінің нәтижесінде дат астроном-ғалымы Тихо Браге мен неміс астрономы Иогган Кеплер 17 ғасырдың басында аспан денелерінің кинематикалық заңдылықтарын тағайындайтын, Кеплер заңын ашты.
Кеплердің 1 заңы .Күн жүйесіндегі барлық планеталар бір фокусында Күн орналасқан эллипс бойымен қозғалады.
Кеплердің 2 заңы. Планетаның радиус векторы бірдей уақыт аралығында бірдей аудандарды сызады.
Кеплердің 1 заңы. Күнді айналу периодының квадраттарының қатынастары олардың орбиталарының үлкен жарты осінік кубтарының қатынастарына тең.
Гравитациялық өріс
Денелердiң бiр-бiрiмен тартылу күшi материяның ерекше бiр түрi гравитациялық өрiс арқылы берiледi. Гравитациялық өрiстi сандық сипаттау үшiн гравитациялық өрiстiң кернеулігі деп аталатын шама енгiзiлген. Өлшем бірлігі . .
Гравитациялық өрiстiң кернеулiгi осы өрiсте орналасқан бiрлiк массалы денеге әсер ететiн күшке тең болады. Жер бетінен h биіктіктегі тартылыс өрісінің керенеулігі

-Жер бетіндегі кернеулік. Бірінші жуықтауда, яғни болғанда

Жердің центрінде кернеулік о-ге тең. Бірінші жуықтауда = деп есептеуге болады.
Гравитациялық өріс, тартылыс өрісі – кез-келген физикалық нысанның айналасында болатын физикалық өріс. Денелер гравитациялық өріс арқылы әсерлеседі.
Жердің тартылыс күші білінетін ауқымдағы кеңістік ауырлық күші немесе гравитация өрісі деп аталады. Ол біздің планетамыздың қойнауындағы массаслардың таралу сипатын көрсетеді және Жер пішінімен тығыз байланысты. Жер бетіндегі әр нүктеге ауырлық күшінің белгілі бір шамасы тән. Жердің ортасында (центрінде) ауырлық күші нөлге тең.
Гравитациялық өріс кернеулігі- өрістің қандай да бір нүктесінде орналасқан материалды нүктеге әсер ететін гравитациялық өріс күшінің осы материалдық нүктенің массасының мөлшеріне қатынасы, ол скаляр шама. Ол өрістің белгілі бір нүктесінде орналасқан дененің масса бірлігінің потенциалдық энергиясымен анықталады. Массасасы бірлік шамаға тең денені орналасқан нүктесінен шексіздікке дейін орын ауыстыруға жасалатын жұмыс шамасына тең.
Ауырлық күшінің Жердің өрісін зертттейтін ғылым гравиметрия деп аталады. Еркін құлау үдеуін арнайы құрал-гравиметрмен өлшейді. Жер бетіндегі немесе оған жақын ауырлық ауырлық күші өрісін зерттеуге негізделген әдісті гравиметриялық әдіс немесе гравибарлау деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет