3. Математиканы оқытудың химиямен байланысы. Математиканы окыту процесінде химиялық мазмұндағы есептерді қарастырудың ерекше маңызы бар. Себебі, математика мен химияның бір қатар салалары өзара байланыста болады.
Әр түрлі химиялық реакцияларға түсетін элементтердің байланысы функциялық тәуелділік арқылы ернектелетіні белгілі. Сол байланыстарды ашу химия мен математиканың ара катынасын анықтайды. Мысалы, y=kx тура пропорционалдық тәуелділік заттың мөлшері мен химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе жұтылатын жылу энергиясының арасындағы байланыстарды өрнектеуге ұтымды пайдаланады. Сонымен бірге, ерітіндінің массасы мен ерітіндіні сұйылтқандағы немесе буландырғандағы концентрациясы арасындағы байланыстар у кері пропорционалдық тәуелділікпен өрнектеледі.
Химиялық мазмұнды есептерді шығарғанда қарапайым жуықтап есептеу, процент, пропорция ұғымдарына зор кәңіл бөлінуі тиіс. Сонымен бірге математиканың химиядағы қолданымын тереңірек түсіндіру үшін мұғалім математикалық қолданым табатын химиялық материалдар қай класта, қандай дәрежеде оқытылатынын білгені дұрыс.
Химиялық мазмұнды қарапайым есептерді IV—V кластарда қарастыра беруге болады. Мәселен, V класта процент ұғымының анықтамасы беріледі. Осы ұғымды пайдаланып, оқушылар әр түрлі химиялық есептер шығаруға машықтандырылады.
Алгебраның жүйелі курсы VI кластан, яғни химияны оқытудан бұрын басталады. Мектеп математикасындағы есептердің көпшілігі алгебралық теңдеулер құру арқылы шығарылады. Сондықтан сол сан мәндерін табуға арналған химиялық есептерді шығарудың негізгі тәсілдерінің бірі бола алады.
VI класта өтілетін «Сызықтық функциялар және олардың графиктері» тақырыбына есептер шығарғанда реакциялардың жылу эффектісі, ерітінділердің проценттік концентрациясына арналған есептерді келтіріп отырса, сабақтың мазмұны байи түседі.
VII класта оқушылар квадрат теңдеулерді оқып үйренеді. Демек, квадрат теңдеу ұғымы қолданыс табатын химиялық мазмұндағы есептерді қарастыруға мүмкіндік туады.
IX—X кластарда геометриялық материалдарды өткенде қарапайым молекулалардың кеңістіктегі конфигурацияларын мысалға келтіру сабақты жандандыра түседі.
Бұл химия заңдары математика тілінде өрнектелетінін көрсетумен бірге, алғашқы химиялық ұғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |