Дәріс №4 Тақырып: жансыздандыру


Премидикациялық препараттыр келесі топтарға бөлінеді



бет3/4
Дата01.03.2022
өлшемі5.46 Mb.
#455853
1   2   3   4
4 Лекция Наркоз-1

  • Премидикациялық препараттыр келесі топтарға бөлінеді:
  • 1. Седативтік препараттар немесе нейролептиктер (транквилизаторлар; лат. tranquillare - тыныштандыру). Оларға фенотиазин қатарының препараттары – аминазин, трифтазин, пропазин, феназепам, амизил, мепротан, дроперидол, комбелен және т.б. жатады. Қазіргі кезде қолданылатын нейролептиктер: ромпун, рометар, ксила, вентранквил.
  • 2. Миореласканттар. Анестезиологияның негізгі жетістігі кураретәрізді заттарды бұлшықеттердің босаңсуы үшін қолдану болып табылады. Диплацин, диоксоний, ардуан, дитилин және т.б. препараттар операция кезінде кең қолданылады.
  • 3. Холиналитикалық препараттар. Бұл топтың басты өкілі – атропин, скополамин, платфилин. Олар бездердің секрециясын тежейді, ларинго- және бронхоспазмды төмендетеді. Коллапс, жүрек және тыныс алудың тоқтауын алдын алады.
  • 4. Анальгетикалық препараттар. Олар екі топқа бөлінеді: есірткелік (морфин, промедол, кодеин, фентацил) және есірткелік емес (анальгин, антипирин, амдопирин). Осы препараттар аурсынуды есті бұзбай төмендетеді. Бұл препараттардың мөлшерден тыс берілуі жалпы қозуды шақырады, ал өз мөлшерден аспаса тыныс алудың тежелуі байқалады.
  • 5. Ұйқы келтіретін препараттар. Ингаляциялық наркоз алдында барбитураттар (барбитал, фенобарбитал, барбамил) немесе ниртазепам, метаквалон, хлоралгидрат, бромизолвал және т.б. препараттар қолданылады.
  • 6. Антигистаминді препараттар. Операция барысында және ұлпаларға зақым келгенде көп мөлшерде гистаминнің бөлінуі байқалады. Егерде гистамин қанға түссе, наркоздың өтуі және операцияны жүргізу қиындайды (қан қысымы төмендейді, қан тамырының өткізгіштігі жоғарылайды). Белсенді антигистаминді препарат ретінде димедрол болып табылады.
  • Премидикация
  • Нейролептиктер, анальгетиктер, холиналитиктер, миорелаксанттар, ұйқы келтіретін, антигистаминді препараттар
  • Негізгі наркоз
  • Базисті наркоз
  • Барбитураттар, хлоралгидраттар және т.б.
  • Ұшқыш немесе газ тәрізді есірткелік заттар
  • Наркозды қолданудың сызбасы
  • НАРКОЗДЫҢ САТЫЛАРЫ:
  • Наркоздың клиникалық ағымы 4 сатыдан –өтеді:
  • I сатысы-анальгезия. Наркоздың басталуынан 3-5 минут өткеннен кейін басталады. Есі жоғалады, бірақ терісінің түсі өзгермеген, гемодинамика мен тыныс алуы өзгеріссіз болады. Рефлекстері жоғарылаған. Ауырсыну сезімі үдемелі түрде тежеліп, толық анальгезия дамиды. Оны қысқа уақыт жасалатын операция кезінде қолданылады.
  • II сатысы-қозу. Есі толық жоғалғаннан кейін пайда болады. Бұл кезде ауру мал қозушаң болады, тынысы жиілеген, тахикардия, көздің қарашықтары кеңейген, жарыққа жауап бермейді. Ауру мал құсуы мүмкін.
  • III сатысыхирургиялық ұйқы – жансыздандырудың міндеті болып табылады. Бұл сатыда хирургиялық операция жасалады. Хирургиялық ұйқы сатысы 4 деңгейге бөлінеді. Олар бір – бірінен тыныс алу жағдайына, жүрек –қан тамыр жүйесінің қызметіне, бұлшықеттердің босаңсуы мен рефлекстердің жойылуына қарап ажыратылады. Хирургиялық ұйқы сатысының деңгейін көздің рефлекстері арқылы анықтау ыңғайлы, өйткені олар сопақша мидың көзді қозғаушы орталығымен тығыз байланыста болады және тыныс алу мен қан айналым орталықтарына жақын орналасады. Сондықтан, қарашықтардың реакциясына қарап, тыныс алу мен жүрек қызметінің жағдайын анықтауға болады.
  • 1 деңгей – көз алмаларының қозғалу деңгейі. Осы деңгейдің аяғында көз алмаларының еріксіз қозғалысы тоқтап, олар орталық қалыпқа келеді.
  • 2 деңгей – қасаң қабық рефлексі. Бұл деңгейдің аяқталуы қасаң қабық рефлексінің жоғалуымен сипатталады.
  • 3 деңгей – қарашықтардың кеңею деңгейі.
  • 4 деңгей – диафрагмальді тыныстың қатты тежелуі байқалады. Наркоздың ары – қарай тереңдетсе, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтардың салдануы дамып, өлімге алып келуі мүмкін.
  • IV сатысы – ояну. Наркоздың сатылары осы тәртіппен кері қарай жүреді, бірақ ояну уақыты ұзағырақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет