Дәріс 8 Нарғызгүл. Әсем құртқашаш. Канна аула гүлдерін өсіру технологиясы Сәндік өсімдіктердің көбеюі



бет3/3
Дата04.02.2023
өлшемі56.33 Kb.
#469144
1   2   3
Дәріс 8

Лалагүл тұқымдастар – даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер. Тамыры – тамырсабақ, түйнекті пиязшығы немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады. Гүлі – қосжыныс-ты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар, олар екі шеңберде орналасады. Аталығы – 6, бұлар да екі шеңберлі. Аналығы – 1. Жемісі – қауашақ немесе жидек. Өсімдік бунақденелілер арқылы тозаңданады. Гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж (3) (қазжуаның формуласы).

Биберштейн қызғалдағы Кауфман қызғалдағы
Лалагүл тұқымдастар.
Лапыз – көпжылдық, шөптекті, биіктігі 15 сантиметрге жететін дәрілік және улы өсімдік. Оның тіршілігі ерекше назар аударады. Күздік лапыз мысалында тіршілігі мен құрылысын қарас-тырайық.
Күздік лапыздың қабыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды. Күздік лапыз күзде қара-қошқыл күлгін түсті гүл жарады. Гүлі ұзын түтікшенің жоғары ұшында 6 бөлікке бөлінеді. Гүлсерік түбінде 6 аталық болады. Гүлдің жатыны топырақ астында тереңірек орналасады. Жатыннан 3 ұзын аналық мойны өсіп шығады. Жатынның аналық аузы тозаңдыққа дейін жетеді. Өсімдік тозаңданғаннан кейін жемістері дереу пісіп жетіледі. Алайда лапыз келесі көктемге дейін топырақ астында жатады. Көктемде қандауыр-таспалы, жиегі тегіс жапырақтар дамиды. Жапырақтардың ұзындығы 20 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтар одан әрі ұзарған кезде үш қырлы қауашақ түріндегі жемісі жер бетіне көтеріледі. Пісіп-жетілген жемісінде өте көп қошқыл-қоңыр тұқымдар болады. Жапырақтары қаулап өскен кезде ескі пиязшық кішірейіп, жойылып кетеді. Сөйтіп жаңа пиязшық пайда болады да жаңа өсімдік өсіп шығады. Қазақстанда лапыздың сары лапыз, Кессельринг лапызы деген екі түрі өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Лапыз тұқымының құрамында жасушалардың бөлінуіне әсер ететін зат табылды. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор. Лапызды кейбір өсімдіктердің (қияр, қызан) түсімін арттыру үшін қолдануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет