Дәріс №8 Тақырыбы


Ол үшін индикатор ретінде қолданылатын түрлер мынадай талаптарды қанағаттандыру керек



бет2/2
Дата05.06.2024
өлшемі17.44 Kb.
#502354
1   2
8 лекция (1)

Ол үшін индикатор ретінде қолданылатын түрлер мынадай талаптарды қанағаттандыру керек:
- қолданылатын түр сол обьект орналасқан табиғи зонаға тән болуы қажет;
ағза ‑бақылаушы зерттелетін аймақтың барлық жерінде таралуы қажет;
бұл түрлер тіршілік ортасы қасиеттерінің экологиялық қалыптан ауытқуына ерекше сандық және сапалық реакция беруі қажет;
осы түр‑индикаторының биологиясы жақсы зерттелген болуы қажет
Индикатордың көмегімен мыналарды анықтауға болады:
экожүйеде әртүрлі ластанған жерлерді табуға болады;
-қоршаған ортадағы өзгерістердің жүру жылдамдығын байқауға болады;
тірі табиғи ортаға тек қана биоиндикатор арқылы ғана қандай заттың зиянды екендігі жөнінде айтуға болады;
экожүйенің әрі қарай дамуы жөнінде болжауға болады;
Биотестілеу ‑қоршаған орта объектісінің сапасын тірі ағзаларды пайдалана отырып зертханалық жағдайда баға беру.
Тест объектілері ретінде: бактериялар, омыртқасыздар (инфузориялар, дафния, былқылдақденелілер, сүліктер, шаянтәрізділер), балдырлар, кейбір балықтар, өсімдіктер, қыналар және т.б. қолданылады. Зерттелетін көрсеткіштер ретінде тірі ағзалардың қозғалу белсенділігі, тіршілік ететін омыртқасыздардың саны, жарық шығаратын бактериялар мен балдырлардың люминисценциясы, балдырлардың электірлік радиациясы, балықтардың тыныс алу және жүрек қызыметінің белсенділігі есепке алынады.
Биотестердің көмегімен барлық ластаушы, зиянды заттардың спектерін анықтау мүмкін емес. Бірақ ол ортаның ластануы фактісін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайда әр түрлі тест объектілерді қолдана отырып, ластаушы қосылыстардың құрамын анықтауға болады.
Биоиндикаторлар ретінде қыналар қолданылатын әдісті лихеноиндикация деп атайды. Қыналардың әр түрлі ластаушы заттарға сезімталдығы, олардың қоршаған ортадағы заттарды бүкіл денесімен сіңіруіне байланысты болады. Сондықтан, аталған себепке және зат алмасуының баяу жүруіне байланысты қыналар улы заттарды жинай отырып, тез уланып, тіршілігін жояды.
Қарапайым түрде лихеноиндикация – ортаның (ауа) жалпы ластану дәрежесін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, қыналардың жекеленген түрлері белгілі бір ластаушы заттардың қоршаған ортада болуының көрсеткіші болып табылады.
Сезімтал индикаторға қылқанжапырақты ағаштар жатады (қарағай,шырша,сымсрсын). Қоршаған ортаның жағдайы туралы өсімдік жабынының флористикалық құрлымының сараптамасы нәтижесі бойынша да қортынды жасауға болады. Қандай да бір түрлердің даралар санының артуы немесе кемуіне қарай қоршаған ортаның жағдайын білуге болады.
Су жүйелерінде биоиндикаторлар ретінде жануарлар немесе олардың топтары қолданылады.
Орташа ластануды қос жақтаулы былқылдақденелілер көтере алады. Кейбір масалар, су түбінде мекендейтін шыбындардың дәрнәсілдерінің көп болуы судың өте күшті ластануының көрсеткіш болып табылады.
Жоғарыда айтылған әдістер экожүйелердің тұрақтылығын анықтау және өсімдіктер, жануарлар мен адамның ортаның әр түрлі жағдайларының бейімделуіне зерттеу үшін маңызды.
Табиғи апаттардың дамуының негізгі тенденциялары Брюссельде орналасқан эпидемиологиялық апаттар ғылыми орталығында 1988 жылдан бастап әлемнің әр түкпіріндегі табиғи апаттардың базалық жұмысы жүргізіле бастады. Банкке ірі апаттар тіркелді, соның ішінде 10 немесе 100-ден астам адам өлімі қауіп шекті. Орталықта әр елдегі табиғи апаттрар туралы сонғы 35 жылдағы (1965-1999) мәліметтер тіркелді. Соның ішінде 6385 ірі апаттар қарастырылды. Бұның ішіндегі кең таралған 7 табиғи апатар: жер сілкінісі, жанартау, су тасқыны, тайфун мен теңіз дауылдары, құрғақшылық, экстермальды температуралар, (аяз, көк тайғақ, аңзақ жел) көшкіндер. Соңғы үш құбылысты бір топқа біріктіріп “басқа табиғи зілзалалар” деп атайды. Әлемге төнген табиғи қауіп – қатердің дамуының нақты тенденциясын талдауда көрсетілген мәліметтерден байқауға болады.


Бақылау сұрақтары:
1. Биотаға токсикалық әсерді бағалау принциптерін қалай түсінесіз?
2. Биотаға токсикалық әсерді бағалаудың түрлері қандай?
3. Экотоксикалылық дегеніміз не?
4. Биологиялық мониторинг сипаттама беріңіз.
5. Биотестілеу және биоиндикацияны талдаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет